«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен (оқыту қазақ тілінде емес)


Оқу бағдарламасымен байланысы



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата08.06.2023
өлшемі0,65 Mb.
#99621
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
9-сынып емтихан спецификациясы

1.1 Оқу бағдарламасымен байланысы 
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау жаңартылған білім мазмұны бойынша 
негізгі орта білім беру деңгейінің 8-9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні 
бойынша (оқыту қазақ тілінде емес) үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын қамтиды. Білім 
алушылардың білімі, білігі, сондай-ақ дағдылары МЖМББС күтілетін нәтижелермен 
анықталады. 
1.2 Критериалды бағалау жүйесімен байланысы 
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау қалыптастырушы және жиынтық бағалауды 
қамтитын критериалды бағалау жүйесінің бөлігі болып табылады. 




Емтихан жұмысының сипаттамасы
Оқылым 
2 сағат
Емтихан жұмысы жалпы көлемі 300-350 сөзден тұратын бір мәтінге негізделген міндетті 
үш тапсырмадан тұрады.
1-тапсырма мәтін тақырыбы бойынша арнайы лексиканы түсінуге негізделеді.  
Мәтінде кездесетін 5 сөздің лексикалық мағынасына балама сөздер ұсынылады. Білім 
алушы ұсынылған сөздерге мағыналас сөздерді мәтіннен тауып жазуы қажет. Берілген 
сұрақтар білім алушылардың тілді қолдана алуы мен контексте жекелеген лексиканың 
мағынасын түсіну дағдыларын көрсетуін бағалайды.
 
2-тапсырма перифраз тәсілі арқылы орындалады.
Мәтінде кездесетін сөйлемдердің түпнұсқалық мағынасын сақтай отырып, құрылымын 
перифраз тәсілі арқылы өзгертіп, қайта жазу жұмысы ұсынылады. Ол үшін сөйлемдердің 
басы (сөз, сөз тіркесімен) ғана беріледі. Бұл жұмыс білім алушының мәтін мазмұнын 
тұтастай түсінуі мен грамматикалық құрылымды дұрыс қолдану дағдысын бағалайды. 
3-тапсырма қысқа және толық жауапты қажет ететін ашық сұрақтардан тұрады. 
Білім алушылар мәтін бойынша қысқа және толық жауапты қажет ететін 3 ашық сұраққа 
жауап береді. Берілген тапсырманың сұрақтары білім алушылардың мәтін бойынша нақты 
сұраққа жауап беру мен тілді қолдана алуын және өз ойы мен көзқарасын жеткізе білуін, 
қорытынды жасай алуын, сондай-ақ грамматикалық құрылымды дұрыс қолдану дағдысын 
бағалайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет