ЖАНҰЯ
- 222 -
аналары христиан, яһуди және дінсіз етеді.» (Табарани)
Хадис шәрифте мұсылмандықтың адам санасында
орнығып қалыптасуында
немесе жойылуында балалық,
жастық шақтағы атқарылатын істердің маңыздылығы
білдірілуде. Олай болса, әрбір мұсылманның бірінші міндеті
– баласына ислам дінін және Құран кәрімді үйрету. Бала
деген ниғметтің қадірі білінбесе, қолдан кетеді. Сондықтан
да “педагогика”, яғни бала тәрбиесі өте құнды ілім болып
табылады.
Ислам дініне қарсы болғандар осы маңызды жайтты жақсы
түсінгендіктен «Біздің басты
мақсатымыз жастарды қолға
түсіру. Мұсылман балаларды дінсіз қылып жетілдіруіміз
керек» дейді. Ислам дінін жою үшін және Аллаһу та’аланың
әмірлерінің үйретілмеуі және орындалмауы үшін «Балаларға
діни тәлім беру, оларға белгілі бір дінді үйрету дұрыс емес.
Бала өскеннен кейін өзі зерттеп қай сенімді ұнатса соны
таңдасын» деп айтып жатады.
Миссионерлер мұсылман
елдерде мұндай пікір тарат-
қанымен өз елдерінде өз балаларын туылғаннан бастап
шіркеуге апарып діни рәсімдерге қатыстырады. Бүгін барлық
христиан мемлекеттерінде дүниеге бір бала келгенде оған
дереу өз діндеріне сай шоқындыру рәсімі жүргізілуде.
Мектеп
оқушылары ұлтына қарамай, міндетті түрде
аптасына бір рет шіркеулерге апарылуда. Барлық жастағы
адамдарға христиандықты үгіттеу істері белсенді түрде
атқарылуда. Мұсылмандардың имандарын ұрлау үшін,
діндерін жою үшін, оларды өзге діндерге кіргізу үшін ислам
мемлекеттеріне тонналаған кітап, брошюра және үнтаспалар
жіберілуде. Олай болса, мұсылмандар
дін азғындарының
айлаларына, өтіріктеріне алданбауы тиіс. Балаларымызға ие
болуымыз керек. Оларға ие болуымыз, дініміздің әмірлеріне
сәйкес жетілдіруіміз деген сөз. Мінез-құлықты өзгерту
мүмкін болғандықтан пайғамбарымыз
«Мінездеріңді
ЖАНҰЯ
- 223 -
жақсартыңдар!» деп бұйырған. Онсыз да дін – көркем мінез
дегенді білдіреді. Сондықтан
діннің әміріне мойынсұнып,
тыйым салғандарынан сақтанған адам мінезін өзгертіп
жақсы мінезге ие болады. Жақсы мінезді адам екі дүниеде де
бақытты болады.
Ең жабайы жануар да тәрбиемен қолға үйретіледі. Еш
уақытта алма дәнінен жүзім өсіп шықпайды. Бірақ алманың
көшетін өсіріп, қажетті будандастыру және басқа да күтім
жолдарын қамданып жоғары сапалы алма беретін ағаш етіп
жетілдіруге болады. Сол секілді адам табиғатында да болатын
кейбір қасиеттері жойылмайды,
бірақ оларды тәрбиелеуге
болады.
Достарыңызбен бөлісу: