Жинақтаған Сатаев Медет Аманжолұлы



Pdf көрінісі
бет55/79
Дата12.06.2023
өлшемі2 Mb.
#100716
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   79
Байланысты:
Әдістер ҚОЙМАСЫ

«Орынсыз жауаптар» 
Оқушыларға кезекпен кез келген сұрақ қоюға рұқсат етіледі. Бірақ 
жауап беруші тікелей ол сұраққа жауап бермейді. Мысалы: 
«Сағат неше болғанын айтып жібере аласыз ба?» - «Рақмет, мен 
түстеніп алғанмын» 
«Марста тіршілік бар деп ойлайсың ба?» - «Маған ертегі оқығанды 
ұнатамын» 
Сұрақтарды бүгінгі өтілген материалды еске түсіруге арнап 
құрастырғызуға да болады.
«Өзгертулерді тап!» 
Оқушылар жұптарға бөлінгеннен кейін оларға мынандай тапсырмалар 
беріледі: 

Жұбыңызға қарама-қарсы тұрып, бір-біріңізге 10-15 секундтай қарап 
алыңыздар. 

Енді сырт айналып, бір-біріңізге арқа беріп тұрыңыздар. Сыртқы 
пішініңізге (киіміңізге, шашыңызға) қандай да болмасын 3 өзгерту (немесе 5-те 
болады) енгізіңіз. 
Бұл жерде оқушылар шаштарының жатуын өзгертіп, сыртқы киімін, 
сағат,сырға немесе көзілдірігін шешіп немесе киіп, сыртқы пішіндерін өзгертулері 
керек. 

Екі жақ та өзгертулерді аяқтағанда, бір-біріңізге қараңыздар да, сол 
өзгертулерді табыңыздар. 
 
«Өзін-өзі бағалау» 
Өзін-өзі талдау біздің қалай оқуға үйреніп жатқанымызды білдірсе, өзін-өзі 
бағалау дегеніміз - біз оқып жатқан нәрсе. Балаларды өзін-өзі талдауға үйрету 
үшін мынадай сұрақтарды қойыңыз: 
• Оқу үдерісінде не болып жатқаны туралы ойланыңыз
• Атап айтқанда не сізді ойлануға мәжбүрлейді? Не нәрсе қиын болып көрінді?
• Сізге қандай жағдайда көбірек көмек қажет?
• Сіз не үшін разысыз?
• Сіз Х туралы не білдіңіз?
• Сіз оқып жатқан тапсырманы басқа сыныптың қажеттілігіне сәйкестендіру үшін 
қалай өзгертер едіңіз? Мұғалім оқушыларға өзі-өзіне қалай талдау жүргізу 
қажеттілігін көрсету үшін жауаптарды модельдейді. 
 
«Өзін таныстыру» 


Жинақтаған Сатаев Медет Аманжолұлы 
73 
Сабақ басында бір оқушы тақта алдына шығып, өзі туралы 1 минут әңгіме 
айтады: өз сөзінде ол өзі туралы қызықты деректер келтіруге тырысуы керек. 
Қалған оқушылар оның сөздерін жағымды тұрғыдан қабылдап, үнемі қол 
шапалақтап және қуаттап отыруы керек. 
Осы әрекеттер арқылы сынып ішінде оқушылардың бір-біріне деген сенімді 
қатынасын орнату көзделеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет