Жинақтаған Сатаев Медет Аманжолұлы
69
Мұғалімнің берілген командасы бойынша («Үш, төрт! Қолдарыңызды
ауыстырыңыздар!) олар қолдарын алмастыруы қажет.
Әрине, бұл тапсырманы орындау оңайға соқпайды.
3-нұсқа. Аталмыш мақсатта (мидың екі
жарты шарын іске жұмылдыру
үшін) тағы да бала кезден белгілі мынадай әрекет жасауға болады: оқушылар сол
қолымен мұрнын ұстаса, оң қолымен сол құлағын ұстайды.Мұғалімнің берілген
командасы бойынша(«Үш,төрт! Қолдарыңызды ауыстырыңыздар!») олар
қолдарын алмастыруы қажет.
4-нұсқа. Оқушылар дәптерін төбесіне (басына) қойып, өзінің жұптасына
қарап отырып, берілген қысқа уақыт ішінде (1-1,5 минут)
оның суретін салуға
тырысады. Суретті салып бітіргенше, дәптерге қарауға болмайды. Әрине, салған
суреттердің қисық-қыңыр болатындығы сөзсіз,
алайда олардың оқушыларға
қызық болып көрінуі сөзсіз. Оқушылар сурет салынған парақтарға өз қолдарын
қойып, бір-біріне тарту етеді.
«Ойлаудың алты қалпағы»
Оқушылар
алты топқа бөлініп, өз көзқарастарын білдіреді. «Ақ қалпақ»
(проблемаға қатысты деректерді талассыз келтіреді), «сары қалпақ» (өмірінің
сәтті кезеңдерін айтады), «қара қалпақ» (өмірінің сәтсіз тұстарын айтады), «көк
қалпақ» (талдау жасайды, топтар Не үшін? Неге? Неге байланысты? деген
сұрақтарға жауап іздейді), «жасыл қалпақ» (кейіпкер
өміріне қатысты тың
идеялармен болжамдар айтады), «қызыл қалпақ» (оқиғаны оқу барысында бастан
кешірген сезімдерін тұжырымдайды).
Достарыңызбен бөлісу: