Жинақтаған Сатаев Медет Аманжолұлы



Pdf көрінісі
бет67/79
Дата12.06.2023
өлшемі2 Mb.
#100716
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   79
Байланысты:
Әдістер ҚОЙМАСЫ

 
 
«Сыныптағы заттар» 
Оқушылар сыныптан қандай да болмасын бір затты таңдап, бір минут 
ішінде оны өзіне немесе өзінің көңіл-күйіне ұқсастығын ойластырып, топ ішінде 
бір-біріне айтып беруі керек. Мысалы, «Мына төбедегі шам маған ұқсас екен: 
менің де көңілім қазір жарқырап тұр!». 
Қалауы бойынша кейбір оқушылардың әңгімесін (немесе әр топтан бір 
оқушының) бүкіл сыныпқа да жариялауды сұрау керек. 
 
«Сіз кімсіз?» 
Қатысушылар өздері жауабын қалаған 3 сұрақ жазулары керек. Содан соң 
шеңбер арқылы айнала жүріп, өз сұрақтарына жауап алады. Мұнан соң әрқайсысы 
өздері жайлы айта бастайды, қалғандары сұрақтары арқылы білген мәліметтері 
арқылы оны толықтырып отырады. 
 
«Табыс ағашы» 
Әрбір жапырақтың өзіне тән түсі бар: жасыл – «барлығын дұрыс істедің», 
сары – «қиындықтар болды», қызыл – «қателер көп болды». Әр оқушы өз ағашын
сәйкес жапырақтармен безендіреді. Қалаулары бойынша жапырақтарға өздерін 
толғандырған мәселе мен қиындықтарын жазуларына болады. 


Жинақтаған Сатаев Медет Аманжолұлы 
85 
 
«Табыстылық ассоциясы»
Оқушылардың әрқайсысында «табыс» сөзімен байланысты өзіндік 
пікірлері бар екенін ескеріп, «табыс» сөзімен 1 минуттың ішінде топ ішінде 
қабылданған жалпы анықтама беру талап етіледі. Мысалы, 1, 4-топ – – зат 
есімдерден тұратын сөздер, 2, 5-топ сын есімдерден, 3, 6-топ – етістіктерден 
тұратын сөздер ойлайды. Топтардың сөздері талқыланып, «табыс» сөзінің 
формуласы тұжырымдалады. 
«Табыс баспалдағы» 
Оқушылар алдын-ала дайындалған плакатқа өздері таңдағанбаспалдаққа
стикерлер (қалауынша түсіндірмесімен) жабыстырады.  
 
«Тазалық кері байланысы» 
 
«Таңғалдыру сәттері» 
 
Сөз бен сөйлемдегі ойдың құрылымын, сипатын, табиғатын бейнелі де 
көркем суреттей жеткізетін суырыпсалма тапқырлық пен ұшқыр қиялға 
негізделген. Белгілі бір тақырыптағы сөзге не сөйлемге қатысты өзіндік 
тапқырлығы мен еркін қиялына ерік беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет