Жинақтаған Сатаев Медет Аманжолұлы
88
«Түсініктеме арқылы бағалау»
Түсініктеме арқылы бағалау оқушыларға
марапатқа немесе жазалауға
тіреліп қалмай (баға қойғандағы сияқты), назарларын алға басу мен дамуға,
аударуға мүмкіндік береді.
Түсініктемелерді
оқулықтарда, оқулықтардың басындағы кестелерде, оқу
күнделіктерінде немесе журналда қалдыруға болады.
Соңғылары мұғалім мен
оқушыларға түсініктемелердің көбеюі мен жақсаруын қадағалауда көмектеседі.
Түсініктемелерде оқушының нені жақсартуы керектігіне қатысты айқын
нұсқаулықтар берілуге тиіс.
Кері байланыс беруді көздейтін жаттығулар мен жұмыстарды жоспарлаңыз
– тапсырмалардың құрылымы үдеріске көмектессін.
«Түсініктемелермен жұмыс»
Оқушыларға мына түсініктемелермен жұмыс істеуге мүмкіндік беріңіз -
- сабақта оқушымен жеке әңгіме жүргізу үшін уақыт бөліңіз.
- оқушыларға арналған жинақта жазбаша түрде диалогтарыңыз болсын.
- диалогты анағұрлым формалды ету үшін түсініктемелерді немесе мақсаттарды
қадағалау парағын қолданыңыз.
«Тыңдайтын үшбұрыштар»
Оқушылар үш адамнан тұратын топта бірлесіп жұмыс істейді:
СПИКЕР мұғалімнің нұсқаулығы бойынша тақырыпты түсіндіреді (немесе
проблема туралы өз ойымен бөліседі).
ИНТЕРВЬЮЕР мұқият тыңдайды және егжей-тегжейін анықтау үшін
сұрақтар
қояды.
ХАТШЫ үдерісті бақылайды және «спикерге» де, «интервьюерге» де кері
байланыс береді.
2-нұсқа
Оқушылар топта үшеуден отырады. Әр оқушы сөйлеуші, сұрақ қоюшы және
жазып алушы рөлін атқарады. Сөйлеуші бір нәрсені айтады, сұрақты түсіндіреді
немесе пікірін білдіреді. Сұрақ қоюшы көмектесіп
айтып отырады және
түсініктеме беруді сұрайды. Жазып алушы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме
соңында қорытынды береді.
Достарыңызбен бөлісу: