Жинақтаған Сатаев Медет Аманжолұлы
97
«Бұрыштар» тәсілі:
Мұғалім оқушыларға сұрақ ұсынады және мүмкін төрт
жауабынсыныптың төрт бұрышына орналастырады. Оқушылар өзіне дұрыс деген
жауаптыңқасына
барып тұрады, таңдаған жауаптарын топтық жұмыста
тұжырымдайды жәнеөздерінің көз қарастарын дәлелдейді.
2. «Ойлан-жұптас-бөліс». Берілген тапсырма (сұрақ) бойынша әрбір оқушы жеке
жұмысжасау арқылы өз ойын қорытып, жұп
болып пікірлерімен бөліседі; бұл
бүкіл топтықталқылауға ұласады.
3. Stop-кадр. Stop-кадр — видеофильмнің бір сәтімен (кадр) жұмыс. Кадрды
экрандатоқтатып қойып, сұрақтар қою арқылы оқушыларды диалогқа тартуға
болады. Сыныптажұптық жұмыс ұйымдастыруға да болады:
оқушылардың
біреуіне кадрды көрсетіп,екіншісіне осы көріністі толықтай сипаттап беруін
тапсыруға болады, екінші оқушы оғаннақтылау
сұрақтарын беру арқылы
көмектесуіне болады.
4. Дыбыстау. Фильмнен өткен тақырыпқа байланысты немесе оқушылардың
деңгейінесәйкес келетін үзіндіні дыбыссыз көрсетіп,
оқушылардың рөлге еніп,
дыбыстауынтапсыруға болады. Алдымен үзіндіні дыбысымен көрсетсе де болады.
Дайындалуғаоқушыларға жеткілікті уақыт беру қажет.
5. Серпілген сауал. Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау
дағдыларындамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында
бірінен-біріне сұрақтарды«лақтыру»: мысалы, «Асан,
Айнаның пікіріне
қосыласын ба?», «Айна, Асанның жауабынтағы қалай толықтыруға болады?»,
«Асан, айтылған пікірлерді бір сөзбен қалайтұжырымдауға болады?»
6. «Сұрақты қағып ал». Мұғалім сұрақ қойған кезде оқушыларға бұршақ
салынғанқапшықты лақтырады. Бұл сұрау үдерісіне кинестикалық сипат береді
және оқушылардыөз еркімен жауап беруге итермелейді.
Оқушы жауапты
білмеген жағдайда сұрақты басқаоқушыға лақтыруына мүмкіндік беріледі.
Сұрақтардың қиындығына қарай оның бастапқысалмағын белгілеуге (ұпай
арқылы) болады. Мысалы, қағып алған оқушы жауабын білмей,қапшықты басқа
оқушыға лақтырса, сұрақтың құны 1 ұпайға кемиді. Бұл тапсырманышағын
топтардың
арасында да қолдануға болады; мұнда мұғалім қапшықты
кезекпентоптарға лақтырады.
Достарыңызбен бөлісу: