Оқулық Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦ 6 Алматы, 2019 ӘОЖ: 336. 71 (075. 8) Кбж


Бағалы қағадардың биржадан тыс нарығы (over-the-counter



Pdf көрінісі
бет28/43
Дата14.06.2023
өлшемі1,31 Mb.
#101180
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43
Байланысты:
Инвестиция негіздері

Бағалы қағадардың биржадан тыс нарығы (over-the-counter 
[OTS] market) – бағалы қағаздармен сауданы жүзеге 
асыратын брокерлер мен дилерлердің желісі 
Бағалы қағаздарды талдау (security analysis) – бағалы 
қағаздардың құнын талдау 
Бағалы қағаздарды таңдау (security selection) – активтердің 
әрбір сыныбы шегінде бағалы қағаздардың нақты түрін 
таңдау 


Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦ 
87 
 
Бағалы қағаздардың бастапқы жариялы ұсынылуы (Initial 
Public Offering – IPO) – шектеулі иемденушісі бар 
акцияларды компаниямен алғашқы сатылуы 
Бағалы қағаздардың бірінші ретті нарығы (primary market) 
бағалы қағаздардың жаңа шығарылымдары сатылын 
және сатып алынатын нарық 
Бағалы қағаздардың екінші ретті нарығы (secondary market) 
– бұрыннан бар бағалы қағаздар үшін нарық 
Базис (basis) – фьючерстік баға мен ағымдағы спот бағасының 
арасындағы айырма 
Базистік тәуекел (basis risk) – фьючерстік баға мен спот 
бағаның арасындағы спредтің белгісіз өзгеруімен бай-
ланысты тәуекел 
Баланс (balance sheet) – белгілі бір күнге кәсіпорынның қаржы-
лық жағдайы туралы ақпараттарды көрсететін бухгал-
терлік есеп беру 
Банктік акцепт (banker’s acceptance) – клиенттің банкке 
белгілі соманы белгілі бір күні төлеу туралы талабы 
бар бұйрығы 
Басқару – бұл қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған үдеріс. 
Егер басқару мақсаты сәтсіз таңдалса, ал орындаушы-
лар қойылған мақсаттың жетістігінде күмәнданса, онда 
талантты менеджерлердің кез келген әрекеті негізсіз 
болуы мүмкін. Мақсатты таңдау үшін ең алдымен 
кәсіпорын алдында тұрған мәселелерді түсіну қажет 
Бизнес-жоспар – инвестициялық жобаның жүзеге асуы бары-
сындағы әрекеттер мен шаралардың жиынтығы. Биз-
нес-жоспар жобаның мақсаттарын, олардың жетістік-
тері мен болжанған нәтижелерінің жолын көрсетеді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет