Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦
15
елдің төлем қабілеттілігі сұранысын қанағаттандыруға;
тозығы жеткен өндірістік қорларды жаңартуға;
ірі өнеркәсіптердің мәселелерін шешуге;
әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге;
экономиканың болашақтағы өсіміне негіздер қалауға;
тауардың қажетті мөлшерде, сәйкес сапада, ішкі сұра-
нысын қалыптастыруға бағытталады.
Микродеңгейдегі инвестициялар:
негізгі өндіріс қорларын кеңейтуге, жаңасын салуға,
жөндеуге, қайтадан жаңғыртуға;
негізгі қорлардың моралдық, физикалық тозуын болдыр-
мауға және өндірістің техникалық денгейін көтеруге;
жаңа техника мен технологияларды енгізуге;
жоғары білікті мамандарды дайындауға және кәсіпорын-
ның басқа да мақсаттарына жетуге;
қоршаған ортаны қорғау бойынша шараларды жүргізуге;
еңбекті ұйымдастырудың жаңа формалары мен әдістерін
енгізуге бағытталады.
Инвестициялар макро және микродеңгейде маңызды рөл
атқарады. Сонымен қатар, жай және кеңейтілген ұдайы өндіріс
құрылымдық қайта құрудан максималды пайда алу мен осының
негізінде көптеген әлеуметтік мәселелерді шешу үшін маңызды
экономикалық категория болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: