Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦
30
институты мінсіз іскерлік беделі бар шетелдік жоғарғы білікті
менеджерлерді тарта отырып, корпоративтік басқарудың қазіргі
заманауи құралдарын белсенді пайдаланады.
Мемлекеттік индустриалды-инновациялық саясаттың негіз-
гі мәні әлемдік нарықтағы белгілі бір тауашалардағы (ұяшықтар-
дағы) экспортқа бағытталған экономиканың шикізаттық емес
салаларында және инновациялық секторда бәсекеге қабілетті
ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетулер өндірісін құру мен
дамыту болып табылады.
Индустриалды саясат деп мемлекет олар арқылы бәсекеге
қабілетті және тиімді ұлттық өнеркәсіп пен жоғары техноло-
гиялар индустриясын қалыптастыру үшін кәсіпкерлікке қолайлы
жағдайлар жасайтын, сондай-ақ қолдау көрсететін шаралар
кешенін түсіндіреді.
Стратегия индустриалды-инновациялық дамудың және эко-
номикалық саясаттың индустрияландырудан кейінгі және үде-
мелі инновациялық даму жағына қарай экономика құрылымын-
дағы сапалы өзгерістерді жүргізуді қамтамасыз етуге жұмылды-
рылған мемлекеттің барлық қолда бар ресурстық мүмкіндіктерін
тиімді пайдалануға негізделген саяси, экономикалық және
ұйымдық-құқықтық шаралардың, қағидалардың, басымдықтар-
дың жиынтығын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: