1.4 Капитал жұмсалымы және оның инвестиция жүйесіндегі орны Әрбір кәсіпорын өзінің өндірістік қызметін атқару үшін өз
иелігінде негізгі қорлары болуы тиіс. Ал мұндай қорларды құру
үшін, сонымен қатар жұмыс істеп тұрған негізгі қорларды ұстап
тұру үшін капитал жұмсалымы қажет. Капитал жұмсалымы
инвестиция түсінігінің құрамына жатады. Қазіргі уақытта
инвестицияның жартысынан көп бөлігі капитал жұмсалымына
тиесілі, сондықтан да капитал жұмсалымы дегеніміз – жаңа
қорларды құру және істеп тұрған негізгі қорларды кеңейту,
реконструкциялау, сонымен қатар, оларды техникалық жағынан
қайта жабдықтауға жұмсалатын шығындар болып табылады.
Экономикалық тұрғыдан алғанда капитал жұмсалымы ұдайы
өндірісті кеңейтудің басты көзі болып саналады. Сонымен
қатар, күрделі капитал жұмсалымына құрал-жабдықтарды мон-
таждаумен байланысты шығындар, монтаждауды талап ететін
және талап етпейтін құрылыстың сметасына қосылған құрал-
жабдықтарды сатып алуға жұмсалынған шығындар, құрылыс-
тың сметасына жататын өндірістік құралдар мен шаруашылық
заттарын алуға жұмсалынған шығындар, құрылыстың смета-
сына кірмейтін машиналар мен құрал-жабдықтарды сатып алуға
кететін шығындар, сондай-ақ, жобалау мен зерттеу жұмыс-
тарына жұмсалынатын шығындар да жатады.
Капитал жұмсалымының тиімділігі оның жұмсалу бағыт-
тарына, құрылымына, кезеңдеріне, сонымен қатар құрылымдық
жұмысты жүзеге асыру мерзіміне тікелей байланысты болып
келеді. Капитал жұмсалымы экономиканың тұрақтылығына,
өнеркәсіптік-өндірістік әлеуеттің өсуіне және ұдайы өндіріс
қарқынының жоғарылауына әсер етеді.
Жұмсалыну бағытына байланысты капитал жұмсалымы екіге
бөлінеді:
1. Өндірістік бағыттағы капитал жұмсалымы;
2. Өндірістік емес бағыттағы капитал жұмсалымы.