Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары
Пән:
Қазақстан тарихы
Бағыты: жаңартылған білім мазмұны
Білім беру ұйымының атауы:___________________________
Сынып: 11
Литер:___
Білім алушылардың аты-жөні___________________________
№ 15 билет
1)
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиетінің жетістіктерін сипаттаңыз.
[5]
2)
Мәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, тәуелсіздік алғаннан кейін
Қазақстан экономикасының даму ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
Қазақстан Республикасы 1990 жылдары күрделі нарықтық өзгерістерді басынан кеше
отыра, экономикалық дербестікке ие болды, әлемдік және аймақтық үдерістердің
белсенді қатысушысы атанды. 2000 жылдары дағдарысқа дейінгі кезеңде оның
дамуының оң факторлары байқала бастады: ІЖӨ өсімі, төмен деңгейдегі инфляция,
тұрақты банк жүйесі, дамыған инфрақұрылым, инвестиция мен өмір сүру деңгейінің өсуі.
Бұның бәрі оң тәжірибе мен туындаған мәселелерді шешуге ықпал етті.
Қазіргі экономикалық шындықтар мынадай, экономика саласындағы мемлекеттің
интенсивті қызметі нарықтық реформалар мен жекешелендіруді жүргізу үшін емес,
ғаламдық экономикалық және қаржы дағдарысының салдары жағдайында ұлттық
экономиканы күшейтуге бағытталып отыр. Екіншіден, дағдарыстан кейінгі
экономикалық дамуға тиімді жағдайлардың барлығы дерлік қалыптасқан.
Аяған Б. Қазақстанның қазіргі заман тарихы (1991-2014): Ғылыми-танымдық басылым/
Б. Аяған, Ә. Ауанасова, А. Сүлейменов. – Алматы: Атамұра, 2014
[10]
3)
«Орталық Азия халықтарының материалдық мәдениет жетістіктері көшпелі
өркениетпен тығыз байланысты дамыды». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз?
Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
[15]
Достарыңызбен бөлісу: