Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары
Пән:
Қазақстан тарихы
Бағыты: жаңартылған білім мазмұны
Білім беру ұйымының атауы:___________________________
Сынып: 11
Литер:___
Білім алушылардың аты-жөні___________________________
№16 билет
1)
Орталық Азия өркениеттерінің тарихы туралы сақталған жазба деректерді
сипаттаңыз.
[5]
2)
Тірек-сызбаны және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып,
Қазақ хандығындағы
әлеуметтік топтардың қызметін түсіндіріңіз.
https://articlekz.com/uploads/data/files/pics9/4_28.jpg
сайтынан алынған
[10]
3)
«Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өркениеттер сұхбатының
жаһандық алаңы ретінде танылды». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз
жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
[15]
Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары
Пән:
Қазақстан тарихы
Бағыты: жаңартылған білім мазмұны
Білім беру ұйымының атауы:___________________________
Сынып: 11
Литер:___
Білім алушылардың аты-жөні___________________________
№17 билет
1)
«Сакральді Қазақстан» жобасы аясындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді анықтап,
олардың ерекшеліктерін сипаттаңыз.
[5]
2)
Мәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, «Зар заман» ақындарының
қоғамдық-саяси идеяларын түсіндіріңіз.
Зар заман ағымы – қазақ қоғамдық ойы, әдебиеті тарихындағы күрделі бір кезең. Ұлт
мүддесінің жоқтаушысы болған «Зар заман» ағымының
ақындары өлең толғауларында
біріншіден, кең байтақ қазақ даласын экономикалық және идеологиялық жағынан толық
меңгеру үшін неше түрлі шара амалдарды жүргізген отарлау саясатын әшкерелеп, соны
халықтың санасына жеткізіп, қоғамдық ой дәрежесіне көтеруге ұмтылды.
«Жер тағдыры – ел тағдыры» екендігін жете пайымдаған ақын-жыраулар
қоныстандыру
саясатының зардаптары, нәтижелері тек халықты күйзеліс пен
кедейшілікке ғана емес,
сонымен бірге жерінің тозып, халықтың ішкі рухани тірегі
болған
тілі мен діні, әдет-ғұрып,
салт-санасы, «аяқ асты» болатындығын өз
шығармаларында дер кезінде көтерді.
Иманбаева С.С., профессор, ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(173). 2019
[10]
3)
«Көшпелі мал шаруашылығының технологияларын меңгеру арқылы Орталық
Азия халықтары әлемдік материалдық мәдениеттің дамуына үлес қосты». Сіз бұл
пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер
келтіріңіз.
[15]
Достарыңызбен бөлісу: