18
кесінділермен бейнеленеді. Координат остеріне параллель болатын
кесінділердің өзгерістері бірдей болады, яғни өзгеру коэффиенті ось
бойынша нақты болады. Әрбір өстер бойынша
өзгерістер бірдей немесе
бірдей емес болулары мүмкін. Содықтан
аксонометрия
дегеніміз өстер
бойынша өзгеріс деп аударылады.
Аксонометриялық проекциялар көрнекті және өлшемыңғайлық
қасиеттеріне ие болады. Оларды салу үшін бір нүктеде қиылысатын үш өсті
құрады және ОZ өсі ылғи вертикаль болып салынады.
Аксонометриялық
өстеріне параллель болатын кесінділерді жобалау үшін ең ыңғайлы келетін
масштабтарды таңдайды. Қандай да бір координат өсіне параллель келетін
кесіндінің проекциясыные ұзындығынын кесіндісінің өз ұзындығына
қатынасы сол ось бойынша өзгеріс коэффициенті деп аталады.
Егер А
нүктеснің кеністіктегі Х
А
, У
А
, Z
А,
координаталары бар болса, онда
аксонометриялық жобалау жазықтығында Х
А
, У
А
, Z
А
аксонометриялық
координаталар болады.
Көрнекті маркшейдерлік және геологиялық
графиктерді құрастыру
кезінде 3.2 суретінде көрсетілген аксонометриялық өстер арасындағы
бұрыштық қатынастар мен өзгеріс коэффициенттерінін сандық шамалары
көбінесе қолданылады. Аксонометриялық проекциялардың теориясы сызба
геометриясының жалпы курсында қарастырылады.
Сондықтан бұл тақырып
бойынша аксонометриялық жобалаудың тек ғана негізі мен тәжірибиеде тау-
кен қазбалары және кенорын бөлшектерінің геологиясын сандық белгілер
проекциясынан көшіріп аксонометриялық проекцияда құрастырулары
қарастырылған.
Нүктенің аксонометриялық проекциясын құру
Аксонометриялық проекциялар бойынша есептерді шешу
19
1. Аксонометриялық қандай да бір осіне
параллель орналысқан тік
сызықтың ұзындығын анықтау келесі тәртіп бойынша орындалады:
а) кесіндінің ұзындығын өлшейді;
б) өлшем нәтижесін берілген остің өзгеріс коэфффициентіне бөледі.
2. Аксонометриялық остерінің ешқайсына параллель емес тік
сызықтың ұзындығын анықтау келесі тәртіп бойынша орындалады:
а) тік сызықтың әрбір аксонометриялық осіндегі проекцияларын
анықтайды;
б) әрбір проекцияның ұзындығын өзгеріс
көрсеткішін есепке ала
отырып жөңдейді;
в) геометриялық түзетілген үш проекцияның ұзындықтарын бір-біріне
қосады.
3. Екі тік сызықтар арасындағы горизонталь бұрышты анықтау:
а) үш нүктені белгілейді: біреуін бұрыш төбесінде, ал басқа екеуін жеке
сызықтарда;
б) белгіленген нүктелердің аксонометриялық координаталарын
графикалық тәсілмен анықтайды;
в) сол нүктелердің кеністік координаталарын есептейді;
г) есептелеген координаталар бойынша нүктелерді
келтіріп олар
арқылы екі тік сызықтарды жүргізеді де негізгі бұрышты табады.