Заманауи жоғары мектеп педагогикасының әдіснамалық негіздері



Дата09.04.2023
өлшемі1,45 Mb.
#80714

Қазақстанға депортацияланған Солтүстік Кавказ халықтарының тарихы

Қазақстанға депортацияланған Солтүстік Кавказ халықтарының тарихы


Амангелді Қ., тарих-география мамандығы, 1 курс магистранты
Ғылыми жетекші: т.ғ.к., профессор Козгамбаева Г.Б.
Қазақстан өзінің байырғы халқының қалауынсыз Сталиндік халықтар түрмесіне айналды
Сталиндік жүйенің заңсыз саясаты туралы зерттеулер бүгінгі күнге дейін жүргізіліп келеді, бірақ әлі де ашылмаған сұрақтар бар, сондықтан бұл тақырып өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Баяндамада Қазақстанға күштеп жер аударылған халықтардың қайғылы тағдырлары, оларды көшіру және қоныстандыру бойынша қабылданған шаралар, осы процесс барысында туындаған қиындықтары баяндалады.


Халықтар

Саны

Шешен

362 282

Ингуш

134 178

Қарашай

68 327

Балқар

37 406

Басқа ұлттар

6 556

1. Жер аударылған халықтар қолайсыз климаттық жағдайлы аймақтарға қоныс аудардары.
Ғалым В.Н.Земсков өз жұмысында келесі мәліметтерді келтіреді: Солтүстік Кавказдан 608 749 адам қоныс аударған. Олардың ұлттық құрамы:
Кавказ халықтары өкілдері – тылда жауапкершілікпен жұмыс атқарғанын атап өткен жөн. Соғыс аяқталғаннан кейін қоныс аударушылар колхоздарда және өндірісте 1957 жылға дейін металлургия, мұнай және басқа салалардағы өндірістік кәсіпорындарда жұмыс жасады.
2. Қоныс аударушылар мүлдем бейтаныс мамандықтарды игеруге мәжбүр болды
3. Депортацияның Кавказ халықтарының демографиясына әсер етті
Мұндай деректерді әр аймақ бойынша келтіруге болады. Қазіргі уақытта Қазақстанға келу және орналастыру кезінде халықтардың өлім-жітімінің нақты динамикасын анықтау қиын. Негізінен өлімнің себептері депортацияның ауыртпалығы - ауру, аштық, моральдық стресс. Мысалы Зырян кен басқармасында киімнің болмауына байланысты, шешендер қарапайым медициналық мекемелерге бара алмаған.
4. Депортацияланған халықтардың бастапқыда азаматтық құқықтары шектеулі болды.
Еңбек тәртібін бұзғаны үшін заңға сәйкес жауапқа тартылады.
отбасы басшылары немесе оларды алмастыратын адамдар 3 күн мерзімде отбасы құрамында болған барлық өзгерістер (баланың тууы, отбасы мүшесінің қайтыс болуы, қашу және т.б.) туралы арнайы мекемеге хабарлауға міндетті.
Депортацияланған халықтар КСРО халықтары пайдаланған қарапайым азаматтық құқықтардан айырылды, өздерінің мүліктік меншік құқықтарын пайдалана алмады. Мысалы:
Үй, мал және басқа құндылықтар өтелмеді.
Шешендер мен ингуштар этникалық отанына оралуға деген үміттерін үзген жоқ
1960 жылдары Қазақстан Үкіметі вайнахтарды эвакуациялауды ұйымдастыруға тырысты.
1957 жылдың көктемінде шешен-Ингушетияға жоспар бойынша 78 мың адам оралу керек болғанымен, 140 мың адам оралды. Депортацияланған халықтардың тарихымен айналысатын П. Полянның пікірінше, шешендердің, әсіресе ингуштардың Отанына оралу қарқыны басқа депортацияланған халықтарға қарағанда айтарлықтай төмен болды. Ал ингуштар жағдайында бұл өз жерлерінің қайта қайтарылмауына байланысты болды.
Қорытынды:
Депортация өз жерінде сталиндік режимнің еркімен өмір сүрген, өз ошақтарынан кетуге мәжбүр болған халықтардың үмітсіздіктері мен азаптарын көрсетті. 30-40 жылдардағы биліктің іс-әрекеттері әлемдік жұртшылықтан жасырылды және олар туралы ұзақ уақыт бойы айтылмады.
Бүгінде тәуелсіздік жағдайында бұрынғы КСРО этностарына қатысты Сталиндік режимнің іс-әрекеттері туралы шындықты білу үшін депортация тарихын зерттеуге мүмкіндік туды. Бүгінгі таңда бұл мәселеге деген қызығушылық бүкіл посткеңестік елдерді, оның ішінде біздің елімізді де қызықтыруда.
Өткен ғасырдың 30 жылдарының ортасынан бастап КСРО-да халықтарды депортациялау басталып, екінші дүниежүзі соғысы жылдарында жалғасын тапты Тоталитарлық жүйенің жүргізген саясаты мен кеңестік биліктің қаһарына ұшыраған ұлттар мен тұтастай халықтар Сібір, Орталық Азия және Қазақстанға күшпен жер аударылды.
Қазақ еліне күш қолдану арқылы Солтүстік Кавказдан көшірілген халықтар қатарында шешендер, ингуштар, қарашайлар, қалмақтар және т.б. ұлттар болды. Баяндамада Қазақстанға күштеп жер аударылған халықтардың қайғылы тағдырлары, оларды көшіру және қоныстандыру бойынша қабылданған шаралар, осы процесс барысында туындаған қиындықтары баяндалады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет