75
Осылайша, кәсіби еңбекке даярлауда үздіксіз білім беру
жүйесінің жеке буындары арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету
осы саладағы жекелеген оқу орындарының мүмкіндіктері мен жоғары
білікті мамандарды даярлауда қоғамдық қажеттілік арасындағы
сәйкессіздікті жою үшін жағдай жасайды. Егер техникалық прогреске
қарай лицейлер, колледждер және
жоғары оқу орындары арқылы
даярланғандар саны ұлғаятын болса, онда сөзсіз мектеп Еңбек
дайындығы мен өндірістік еңбектің тиісті бағыттарын қоса отырып,
еңбекке тартудың бастапқы кезеңдерін игеретін оқушылардың тиісті
санын қамтамасыз етуі тиіс[6].
Сонымен қатар, кәсіби дайындық үдерісіндегі сабақтастық педа-
гогиканың, экономиканың, өндірістің
және социумның осы кәсіби
қызметте ғана емес, сонымен қатар болашақ кәсіби қызметте қажетті
қасиеттерді, құндылықты бағдарлауды қалыптастырудағы талаптары-
ның бірлігі, әсіресе жұмыс күші нарығының өзгермелі конъюнкту-
расына тез бейімделе білу негізінде осындай бірізділікті сақтауды
талап етеді.
Сабақтастықты сақтау талаптарына сүйене отырып, кәсіби
педагогика тәрбиелеудің мақсатын,
мазмұнын, нысандары мен
әдістерін олардың оңтайлы нұсқасында таңдауды қамтамасыз етуі
тиіс. Осылайша, сабақтастық
– бұл адамның тұлғалық және кәсіби
қасиеттерін қалыптастыру үдерісі екі деңгеймен берілген әсерлердің
иерархиялық жүйесі: тәрбиелеу мақсаттарының "төменгі"
деңгейлері
тәрбиенің неғұрлым "жоғары" деңгейінің мақсатын нақтылайды. Егер
тәрбие мақсаттарының әртүрлі деңгейлері арасында мұндай келісім
болмаса, онда тәрбие үдерісі өзінің тиімділігін жоғалтады [3].
Кәсіби педагогикада сабақтастық индивидтің өмірінің, кәсіби
оқудың, еңбек қызметінің белгілі бір кезеңінде қалыптасуы қажет жеке
тұлғаның қасиеттері туралы түсініктерді нақтылау ретінде
қарастырылуы мүмкін. Ең алдымен бұл жоғары моральдық,
адамгершілік (жалпыадамзаттық)
қасиеттер, жоғары еңбек мәдениеті,
еңбек пен өндірісті ғылыми ұйымдастыру үшін талап етілетін
тұлғаның кәсіби қасиеттері болуы тиіс.
Баяндалғанға сәйкес кәсіптік оқу орындары үшін тәрбиелеудің
жаңа мазмұнын әзірлеу мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге
асырылуы тиіс.
Бірінші бағыт кәсіптік оқу орындарының қызметінде орталық
орын алатын оқушыларды даярлаудың кәсіптік-техникалық мазмұнын
76
жетілдіруге бағытталған.
Екінші бағыт кәсіби дайындықтың политехникалық мазмұнын-
дағы өзгерістерді, кәсіби-техникалық мазмұнмен неғұрлым терең орга-
никалық байланыстарды орнату қажеттілігін және осының негізінде
оның іргелі маңыздылығын
арттыру және жалпы ғылыми, ұйымдық-
экономикалық, құқықтық және өндірістің басқа да негіздерінің кәсіби
қызметінде ұсынылған қызметін көрсетеді.
Үшінші бағыт айтарлықтай жаңа. Ол жалпы білім беру мазмұнын
орта мектептен кейінгі білім деңгейіне жылжытуға бағыттайды. Бұл
бағытты іске асырумен адамның жалпы мәдени дайындығын сақтау
және кеңейту, жоғары сатыға өту үшін уәждемелік база құру, үздіксіз
кәсіптік білім берудің жеке үдерістерінің пайда болуы және, сайып
келгенде, тұлғаның тек еңбек көріністерінде ғана емес, жалпы дамуы
байланысты.
Төртінші бағыт осындай қызметті жоғары деңгейге дейін жүзеге
асыру мүмкіндігін ашатын оқумен бір мезгілде жасампаздық қызме-
тінде педагогикалық әлеуетті іске асыруды қамтамасыз ететін еңбекте
жеке тұлғаны қалыптастыруға жағдай жасауға бағыттайды.
ӨЗІН-ӨЗІ БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР
1. Сабақтастық дегеніміз не? Неге кәсіби педагогика үшін осы
саланы білу қажет?
2. Жастарды тәрбиелеудегі сабақтастық деңгейі қандай?
3. Лицейдегі тәрбие сабақтастығы үдерісі қашан болады?
Неліктен?
4. Кәсіптік лицейде тәрбиелеу үдерісінде тұлғаның кәсіби
қасиеттерін қалай қалыптастыруға болатынын атаңыз?