Ішкі тыныштық - дүниені сезіну, мақсаттарға жол салу, армандау,
сезімге берілу, санадағы сансыз жағымсыз ойлардан арылу.
Ізгілік - əдеп санаты; адамның қоғамдық жəне жеке өміріндегі
құбылыстардың мұратқа қатысты жағымды адамгершілік мəнін бейнелейді,
моральдық-қоғамдық сананың неғұрлым жалпы ұғымдарының бірі. Ізгілікке
қарама-қарсы ұғым - зұлымдық. Ізгілік неғұрлым нақты ұғым нысанын алады
- жақсылық, қайырымдылық, əділеттілік жəне т.б.
Ізеттілік - адамның əдептілігін, сыпайылығын, өнегелілігін,
қарапайымдылығын білдіреді.
Іс-əрекет - əлемді жəне өз-өзін саналы түрде өзгертетін процесте
адамның немесе топтың əлеммен жасайтын өзара əрекеті.
Эгоизм - (өзімшілдік) латын тілінен енген сөз, «ego» - «мен» деген
мағынаны білдіреді. Бірінші жағдайда адамды қоғам мен басқа адамдарға
қатынасы тұрғысынан сипаттайтын өмірлік принцип пен моральдық қасиет.
Ол басқалардың мүддесімен санаспайтын, тек өз мүддесін ғана көздейтін
адамның жеке басының теріс қасиетін бейнелейді. Өзімшілдік
адамгершілікке жат қасиет болып саналады; екінші жағдайда субъектінің
құндылық бағдары; өмірлік қарекетінде өз қамын, өз қажетсінулерін басқа
адамдар мен əлеуметтік топтардың мүдделерінен үстем санау.
Эмоция (франц. етаtіоп, лат. епо vео толғану) - адам мен
жануарлардың сыртқы жəне ішкі тітіркендіргіштер əсеріне реакциясы;
қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл күй.
Эмпатия - біреудің (тəрбиеленушінің) орнына өзін қоя білу, оның
мақсатын, уəжін түсіне білу қабілетінің болуы белгілі бір дəрежеде
үйренушінің істерін алдын-ала болжауға мүмкіндік береді. Адамдар
арасындағы қарым-қатынасты зерттеп, эксперименттер жүргізген Дж. Л.
Морено эмпатияны «бірін-бірі сезіну» деп атаған.