— 38 —
Косметика дүкені
Косметика – әрқашан сұранысқа ие тауар. Бұл
әйелдер бизнесінің ең ауқымды түрі.
Сонымен
косметика дүкенін қалай ашуға болады?
Жыл сайын сұлулық индустриясы дамып,
таралуда. Жаңа косметикалық өнімдердің
пайда болуы –
косметика мен парфюмерияға
деген сұраныстың өсуіне ықпал етеді. Әлеуметтік
сауалнамаға сәйкес, әйелдер өз табысының 15%-
ын косметикаға ай сайын жұмсауға дайын екенін
жасырмайды.
Косметика дүкенін ашу үшін алдымен
косметиканың
қыр-сырына қанығып, екіншіден,
бөлшек саудамен айналысатын барлық кәсіпкерлер
тап болатын барлық негізгі кезеңдерді шешу қажет.
Атап айтқанда:
• бизнесті тіркеу;
• қолайлы жайды табу;
• сауда алаңын рәсімдеу
• жабдықтарды сатып алу,
• ассортиментті қалыптастыру және сатып
алу;
• қызметкерлерді жалдау;
Косметика және парфюмерия дүкендерінің
негізгі форматтары келесідей:
1. Элиталық косметика және парфюмерия дүкені.
2. Кәсіби косметика дүкені
3. Табиғи косметика дүкені
4. Емдік косметика дүкені
5. Корей немесе шығыс косметика дүкені және
т.б.
— 39 —
Ескере кететін жайт:
кез келген косметика
дүкенінде өнімнің әрбір партиясына толық құжаттары
болуы тиіс. Бастапқы кезде қаражатты төмендегідей:
• Арзан тауарлар – 50%
• Орташа құнды – 30%
• Қымбат тауарлар – 20% алған жөн.
Тәуекелдер.
Сатып алушыларды тарту үшін
белгілі бір уақыт қажет болғандықтан,
алғашқы
бірнеше айда сіз шығындарға, аздаған пайдамен
жұмыс істеуге дайын болыңыз.