— 1 — ДӘулет төлеутайұлы бизнеске бағыт #әрекеткеберекет Нұр-СҰлтан 2020



Pdf көрінісі
бет35/88
Дата17.07.2023
өлшемі4,82 Mb.
#104463
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   88
Байланысты:
????«БИЗНЕСКЕ БАҒЫТ»

Ең бастысыөзіңіздің 
бизнесіңізге сай «бизнес 
парақша» ашып, оны сауатты 
жүргізу керек.


 — 84 —
Себебі, ол жандардың көлеңкесінде жүріп қызмет 
атқарғанмен өзімнің бойымдағы халыққа керек 
ақпараттардың барлығын бере алмадым. Ал 
жеке парақшамда мен тәуелсіз, халықққа нақты 
керек ақпаратпен бөлісе аламын. Аккаунтымдағы 
оқырмандар қатары басында таныстарым, достарым
айналамда жүрген жақын жандар болғанымен, уақыт 
өте келе көбейе түсті. Десе де, ол уақытта аудитория 
саны 25 мың еді. Ойланып қарасам, 25 мың адам 
деген де аз оқырман емес. Өзіндік жауапкершілікті 
жүктейтін, өз ісіңе, жазғаныңа есеп беретін сәт. Ал 
қазіргі Дәулет өмірде біраз жайттарды көрген және сол 
тәжірибемен көптеген оқырмандармен бөлісіп отыр. 
Ол дегеніміз – қазір менің оқырмандарымның саны 
400 мыңнан асты. Жауапкершілік бағанағы айтқан 
25 мыңнан әлдеқайда жоғары. Оның барлығы да 
қаншама жыл менің өзімнің басымнан өткен жайттар, 
өмірден көргенім мен түйгенімді жазып отырғаннан 
басталды. Өз пәтеріме қол жеткізуге деген студенттік 
арманымнан пайда болды. Уақыт өте келе көп 
жастардың жалдамалы пәтерде тұрып, ақшамызды, 
уақытымызды тиімді пайдаланбайтынымызды 
түсіндім. Қаншама болған оқиға, өз басымнан 
өткеннен кейін ғана мен халыққа баспанаға бағыт 
бере бастадым. Яғни өзімнің бағытымды, нишамды 
тапқаннан кейін ақпаратты толық қамтығаннан 
кейін тәжірибе жүзінде халықтың экономикалық 
тұрғыда сауатты болғанын қаладым. Мемлекет 
тарапынан тұрғын үй мәселелері бойынша көптеген 
бағдарламалар жасалғанымен, оның тиімді және 
кемшіл тұстары халыққа түсініксіз болып жатады. Осы 
орайда, халықтың әр бағдарламаны қалай сауатты 


 — 85 —
таңдап, баспаналы болуға әрекет жасап, қаржылық 
сауаттылығын арттыру – мен үшін басты талап. 
Жеке парақшамда өзіндік брендімді қалыптастыру, 
баспанаға бақытпен қатар, қосымша пайдалы 
жобалар ұсыну, қоғамдағы болып жатқан жайттарға 
өзімнің жеке пікірімді білдіру, оқырмандарымның 
арқасында бірнеше ауқымды қайырымды іспен 
айналысу – әрекет етіп, өз ортамызды өзіміз 
жақсартуға бағытталған игі істердің бірқатары. Ал 
мені сіздермен жақынырақ таныстырған дәл осы 
«Instagram» әлеуметтік желісі. Жаңа мүмкіндіктерді 
жаңа бастамаларға тиімді пайдалануға әбден болады. 
Тек сіздің тараптан ынта мен қажырлы еңбек керек. 
Таныстарымның бірқатары үйде отырып сөмке тігіп, 
әшекей бұйым жасап, түрлі дизайнерлік киімдерді 
сатумен айналысып жатса, енді бірі бет әрлеуші 
болып, SMM курстарын жүргізіп, қызметін ұсынып, өз 
кәсібін дөңгелетіп отыр. Ал сол бизнестің алға басуына 
дәл осы инстаграмның ықпалы көп. Мен солардың бір 
қатарымен осы бөлімде бөлісетін боламын. 
Ең бастысы – өзіңіздің бизнесіңізге сай «бизнес 
парақша» ашып, оны сауатты жүргізу керек. Егер 
сіз бизнесіңізді алға жылжытып, табысқа кенелгіңіз 
келсе, онда контенттің сапасына ден қойғаныңыз 
абзал. Себебі парақшаның қызықты, керек ақпаратқа 
толы, мәтіндері әсерлі болуы оқырмандар санын 
көбейте түседі. Сәйкесінше, сіздің тауарыңызға деген 
сұраныс та артады. Ал көркемдік жағына келетін 
болсақ, видеолар қызықты, фотолар қанық және 
тартымды болғаны дұрыс. Ескеретін жайттардың 
бірі – оқырмандарды қолдан көбейтіп әуре болмаңыз. 
Себебі белсенділік азайып, кері байланыс болмайды. 


 — 86 —
Бастысы сан емес, сапа екенін ұмытпағаныңыз жөн. 
Қазір инстаграм арқылы кез келген қызмет түрін, 
тауарды оп-оңай сатуға болады. Тек оны халыққа 
дұрыс ұсына білу керек. «Инстаграм арқылы не 
сатамын?» деп ойланып көрдіңіз бе? Кез келген қызмет 
түрі, (психологтар, дизайнерлер, сұлулық салондары, 
заңгерлер) тауарлар (тағам, киім мен аяқ-киім, гүлдер, 
жиһаз, әшекей бұйымдар) тіпті өзіңіздің хоббиіңізді де 
кәсіпке айналдыруға болады. Егер сіз жиһаз сататын 
болсаңыз, онда парақшада сапалы суреттер басым 
болуы керек. Ал егер заңгер немесе психолог болып, 
мәтінге аса назар аударып, өмірлік тәжірибемен 
бөлісетін болсаңыз, сапалы, тегін ақпаратқа 
оқырмандар да жазыла түседі. Инстаграмдағы 
белсенділігіңіз бен кәсіпкерлік қабілеттеріңіздің 
арқасында алға қойған мақсатыңызға жетіп, өзіңіз 
қалаған пайданы да табуға болады. Бизнесіңіздің 
бағытын нақтылап алсаңыз, «бизнес-профильдің» 
мүмкіндіктеріне кеңірек тоқталайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет