SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD:
CHALLENGES OF THE XXI CENTURY"
ASTANA, KAZAKHSTAN, FEBRUARY 2023
28
ӘОЖ 372.853
МЕКТЕПТЕ ФИЗИКАДАН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Есламғалиева Ұлмекен Нұрымғалиқызы
М.Өтемісов атындағы БҚУ физикалық факультет магистранты,
Ғылыми жетекші- Медешова А.Б.
Орал,
Қазақстан
Орта мектеп физикасы бағдарламасында көрсетілген білімдер мен дағдыларды
оқушыларға меңгертумен физиканы оқытудың мақсаттары толық орындалды деп айтуға
болмайды. Өйткені, физиканы сүйетін
оқушылардың білімін тереңдетіп, дағдыларын
дамытумен қатар, нашар үлгеретін балалардың
ынта-ықыласын көтеріп, олардың бұл
пәнге деген қызығушылығын арттыруымыз керек. Бұл міндетті
нәтижелі шешудің бір
жолы-физикадан сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастыра білу. Әрине, ол
мұғалімнің теориялық,
физика-техникалық, эксперименттік дайындығының дәрежесіне
және оның әр жақты әдістемелік шеберлігіне байланысты.
Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың сабақта алған
білімдерін тереңдетеді
және кеңейтеді, олардың пәнге қызығушылығын арттырады. Егер оқушылардың пәнге
қызығушылығы болмаса практикалық өмірмен байланысты
қажетті мысалдармен
қамтылған өте жоғары ғылыми деңгейдегі материал әдістемелік дұрыс құрылған сабақта
өтілгеннің өзінде де күткен нәтижені бермейді. [1].
Физиканы оқыту процесіне байланысты мұғалімнің басшылығымен оқушылардың
сабақтан басқа уақытта істейтін қосымша жұмыстарын
Достарыңызбен бөлісу: