ASTANA, KAZAKHSTAN, FEBRUARY 2023 29 Мұғалімнің алдында сыныптан тыс жұмысқа барлық оқушыларды тарту міндеті
тұрмайды, бірақ ол физикаға қызығушылық танытқан оқушыларды байқау және оның
жеке ерекшеліктерін қанағаттандыратын сыныптан тыс жұмыстың түрін табу керек.
Кейбір оқушыларға факультатив сабақтарға және физикалық үйірмелерге
қатысып көруге, екіншілеріне техникалық үйірмелерге қатысуға, үшіншілеріне физикадан
қызықты кітаптар немесе ғылыми-көпшілік мақалаларды оқып көруге бағыт беруге
болады. [4]. Көпшілік оқушылар үй жағдайында тәжірбиелерді өз бетінше орындауға
бейім болады. Бұл іс-әрекеттерде мұғалім тарапынан жетекшілік етуді талап етеді.
Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны мен оларды ұйымдастыру формалары
барлық уақытта оқушылар үшін қызық болу керек. Сыныптан тыс жұмыстарды өткізу
әдістемесі жөнінде әдебиеттер көп, бірақ олар заман талабына сай өзгертуді қажет етеді.
Бұл мәселелерді шешу үшін заман талабына сай сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
әдістемелерін жасап, оларды қажетті материалдарымен қаматамсыз ету керек.
Сыныптан тыс жұмыстардың әртүрлі формаларын басқару және оқушылардың
алуан түрлі іс-әрекеттерін ұйымдастыру бір адам үшін ауырлық қылады. [5].
Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырғанда физика мұғалімінің алдында тұрған
мәселенің қиындық дәрежесі туралы толық көрсету үшін өздерінің үйірмесі, өздерінің
факультативтері, қабырға газеттері, кештері, олимпиадалары болу керек, сондықтан да
мұғалімге мұндай жұмыстарды ұйымдастыру мәселесі тағы бес есе қиындай түседі.
Екіншісі, сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруда ғылымға сияқты оқушылардың
физикаға қызығушылығын дамытуға бағдарлау мүмкін еместігімен байланысты. Физика
мұғалімі қоғамға физик-ғалымға және астролог-ғалымға сұраныс шектеулі екендігін,
сондықтан оқушыларды жұмысшы техник және инженер кәсіптерін таңдауға бағдарлау
керек екендігін әр уақытта есінде ұстау қажет. Өндіріс сферасындағы көптеген кәсіптерге
қызығушылықты физиканың практикамен тығыз байланысына бағдарланған әр түрлі
сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру кезінде сәтті қалыптастыруға болады. [7].
Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырған кезде жүргізушіде физикаға немесе
оның практикалық өмірдегі қосымшаларына қызығатын оқушылардың қызығушылығын
және оның қабілеттерінің дамуын қанағаттандыру мүмкіндігін көрсету принципі болу
керек. Сыныптан тыс жұмыстың мақсатының бірі оқушылардың бір бөлігінің танымдық
қызығушылығын дамыту болып табылса, ал физикаға және астрономияға қызығушылығы
тұрақты, әрі терең оқушылар үшін сыныптан тыс жұмыстың негізгі мақсаты олардың
шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады [10],[11].
Шығармашылық қабілетті дамыту үшін оқушылар алған білімдерін жаңа
жағдайларға қолдануды талап ететін проблемалармен кездесу керек. Яғни, оларға таныс
емес заңдар мен заңдылықтарды өз бетінше ашу, жаңа құралдар мен машиналардың
конструкциясын ойлап табу. Физика сабақтарында мұндай текті тапсырмаларға қажетті
уақытты бөлуге мүмкіндік болмайды. Ал, сыныптан тыс сабақтар оқушылардың іс-
әрекеттерінің басым көпшілік түрінің негізгі шығармашылық тапсырмалар типінен құралу
керек. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын іздеу психология
ережелеріне сүйенеді. Яғни, қабілеттілік тек айқындалып қана қоймайды және ол іс-
әрекеттерде жасалады, әрі қалыптасады. Сондықтан да шығармашылық сипатқа ие
оқушылардың өз бетінше жұмыстарын ұйымдастыруға айрықша назар аудару керек. [6].