SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD: CHALLENGES OF THE XXI CENTURY" ASTANA, KAZAKHSTAN, FEBRUARY 2023 25 АРНАЙЫ ІС-ҚИМЫЛ ҚОЗҒАЛЫС ЖАТТЫҒУЛАРЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОМЫРТҚА ЖОТАСЫНЫҢ ДҰРЫС ҚАЛЫПТАСУЫНА ӘСЕРІ ҚАНДАЙ? Жандеуов Аблайхан Байбосынович Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
АННОТАЦИЯ: Мектебімізде жүргізілген бақылау нәтижесінде, оқушылардың ұзақ уақыт оқу партасында отыруы әсерінен оқушылар бойында омыртқа жотасының қисаюуы, остеохондроз, омыртқа ісігі және әртүрлі аурулардың синдромдары белгі бергендігі байқалды. Осы омыртқа ауырулары әсерінен, оқушылардың тез шаршап және оқуға деген ынтасының төмендейтіні анықталды. Бұл зерттеу жұмысы осы қиыншылықтардың алдын алу мақсатында, арнайы іс-қимыл жаттығулар кешендерін оқушыларға тұрақты уақыт аралығында жасату арқылы жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде, оқушылардың омыртқа ауыруларының жақсаруы, физикалық әл-қуатының артып және сабаққа деген ынтасының артқандығы байқалды. Зерттеу қорытындысы, арнайы іс-қимыл жаттығуларын оқушыларға тұрақты түрде жасау оқушылар денсаулығына маңызды екенін көрсетті. Кіріспе бөлім Қазіргі таңда НЗМ мектебінде, білім алушылардың оқу партасынды орта есеппен
5-6 сағаттан отыруы, және сабақтар арасында сергіту дене шынықтыру жаттығуларын
орындамауы, олардың жұлын омыртқаларының қисайуына және дұрыс қалыптаспауына
әкелетіні анықталды.
Осы қиындықтарды нақтылау мақсатында оқушылардан 10 сұрақтан тұратын
сауалнама алынды және сауалнама нәтижесі бойынша: Оқушылар оқушылар қимыл-
қозғалыстың аздығынан сабақ оқуға деген ынтасына кері әсер ететінін, орындықта көп
отырғанда денесінің ауырсынатындығын; ұйқысының жиі келетінін, және дене
сымбатының бұзылуына әсер ететіндігін атап айтқан еді.
Бұл проблеманың аладын алу мақсатында арнайы осы проблемамен байланысты
отандық және шетелдік ғылыми әдебиеттерге шолу жүргізілді. Танымал жапон емшісі
Кацудзо Ниши (2007) «Денсаулықтың алтын ережелері» деген жүйесі бойынша қысқа әрі
қарапайым жаттығулар кешенін ұсынған және омыртқаға арналған жаттығулар келбетті
түзулеп, омыртқалардың қайта қалпына келуі мен қантамырларының жазылуына ықпал
етеді деген зерттеу қорытындысына келген.
Сонымен қатар, невролог дәрігер Шевнина Лира Васильевна
(2016ж
)
айтуынша
омыртқа ауру кезінде түрлі жаттығулар жасау керек. Ол үшін емдік денешынықтырумен
айналысқан дұрыс. Ол өте ұзақ процесс болса да, жақсы көмектесетіндігін атап айтқан.