SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD: CHALLENGES OF THE XXI CENTURY" ASTANA, KAZAKHSTAN, FEBRUARY 2023 53 Оқулықпен қаматамасыз ету 1922-1923 жылдары бастау алды. Ол оқулықтарды жазуға А.
Байтұрсынов, М. Әуезов, М.Жұмабаев сияқты тұлғалар қатысты. Одан кейінгі жылдары
оқу мектептерінің базасын күшейтуге орасан зор қаражат бөлінді. 1920-1930 жылдары 367
мектеп салынып, 361 мектеп күрделі жөндеу жұмыстарынан өтті. 1940 жылдары латын
әліпбиінен кириллицаға көшу елді ағарту ісінен тағы шегеріп тастады. Осылайша
еліміздің білім беру жүйесі қарқынды түрде дамыды. Одан кейінгі жылдары жоғарғы
білім беру ісі қолға алынды. Жоғары деңгейдегі білім беру, мамандарды даярлау сияқты
жұмыстар қолға алынды. Еліміздің көп қаласында жоғары оқу орындары ашылып,
олардың саны көбейе түсті. Осылай білім беру жүйесі көптеген тер төгудің нәтижесінде
пайда болды [1].
Білім беру негізінен көптеген бағытта дамиды,оның негізгі 3 түрі төмендегідей сипатқа ие:
1-ші: Баланың алғашы қоршаған орта арқылы, отбасы арқылы берілетін білім. Яғни
қоршаған орта арқылы балаға берілетін білім бұл баланың анализаторлары яғни көру
арқылы, есту арқылы, айналасымен тығыз байланысу арқылы дамиды.
2-ші: Рухани және арақатынас яғни кітап және мектеп арқылы дамитын білім. Бұл
баланың сауатын ашып, ізденіске деген ынтасын арттыратын негізгі білім түрі болып
саналады.
3-ші: Цифрлы білім беру. Жаңа ақпараттық технологиялар арқылы баланың цифрлық
сауатын ашып, жаңа Қазақстанды құруға бастайтын негізгі бағыттарының бірі болып
табылады.
Осы бағыттардың ішінде цифрлы білім берудің маңызы өте зор. ХХI ғасыр -ақпараттық
ғасыр болғандықтан оқу орындарында оқыту үдерісін түбегейлі өзгертетін педагогикалық
технологиялардың
бірі-цифрлы
технология.
Цифрлы
технологиялар
болашақ
педогогтердің инновациялық білім алуының жаңа тәсілдерін меңгеруді қажет ететін
негізгі процесс.
Цифрлы педагогиканың мақсаты – болашақ мамандардың жаңа білімді өз еркімен
меңгеру және ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу жобаларын орындау, ғаламтор
желісінің қол жетімділігін толықтай пайдалану. Цифрлық білім беру процесі ақпаратты
өндіруде ақпараттық ортада жүзеге асырылады. Қазақстанның білім беру жүйесінде
өзіндік бағыт алып қалыптасуда. “Цифрлы Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасында:
“Жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласында да кәсіби стандарттармен еңбек нарығының
талаптары негізінде барлық мамандықтар бойынша «Ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар» пәнін енгізуді ескере отырып, үлгілік оқу жоспарлары мен
бағдарламалары өзектендірілетін болады” – деп көрсетілген. Аталған бағдарламаның
негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасындағы иновациялық білім беруді жаппай тарату
[2].
Цифрлы білім беру, яғни бұл жаңа заман талабына сай білім беру деген сөзге
тікелей қатысты болып саналады. Аталмыш білім беру жүйесі арқылы адамдардың
жұмысы жеңілдейді. Нақты деректер - электронды кітаптар, смартфондар, компьютерлер,
электронды журналдар, бұлардың барлығы адамға жеңілдік береді. Сәйкесінше
адамдардың жұмысы 2 есе жылдам әрі тиімді болып келеді. Бұл цифрлық педагогиканың
дамуында басты рөл атқарады. Цифрлы технологиялардың пайдасы орасан зор
болғанымен оның зиянды жақтары да өте көп. Бұл технологиялар өте көп қаражатты
қажет етеді. Еліміздің көптеген жерлерінде интернет желісі өте нашар, кей елді
мекендерде тіпті жоқ деп айтуға болады. Бұның барлығы оған кедергі келтіреді. Ал
ауылды жерлерде тіпті компьютерлерде жоқ. Интернет желісінің нашарлығынан көп
балалар тауларға, биік жерлерге шығып, сабақ оқуға мәжбүр болуда. Цифрлы
технологияларға көшу үшін алдымен осы кемшіліктерді жою керек. Әрине бұл мәселелер
бір дегеннен шешіле қоймайды, бірақ бұл мәселелердің біздің болашағымызға тікелей