SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD: CHALLENGES OF THE XXI CENTURY" ASTANA, KAZAKHSTAN, FEBRUARY 2023 54 қатысы бар. Кез-келген жаңа жасалған қадамның жақсы және жаман тұстары болады.
Басты кемшіліктерді айта отырып, жақсы жаққа қарай жылжуға болады. Цифрлы
технологияларға көшу бұл - өте үлкен мәселе. Бірақ соған қарамастан еліміздегі білімді
тұлғалардың еңбегінің арқасында еліміздің цифрлық сауаты да артып келе жатыр.
Еліміздің жастары көптеген дүниелер ойлап тауып, ақпараттық сауатын арттырып жатыр.
Онымен ғана шектелмей шет елдермен байланыс жасап, IT саласын дамытып жатыр.
Биылғы жылы цифрлық білім беру контенті бойынша мектептер үшін үш тілде 80 мың
бейнефильм мен интерактивті сабақтар енгізілді, олар мұғалімге сабақты әлдеқайда
жоғары деңгейде жүргізуге көмектеседі. Сонымен қатар 7082 мектеп аталған цифрлық
ресурстарға қолжетімді болды. Қазақстанда ІТ мамандығы бойынша жоғары білім беру
гранттары жыл сайын артып келеді. Биылғы жылы президент Қ.Тоқаевтың тапсырмасы
бойынша қосымша 20 мың грант бөлінді, оның 11 мыңы техникалық мамандықтар үшін,
«киберқауіпсіздік» саласына ерекше назар аударылды. Қазақстандық студенттер осы
мамандықты шет елдерде игеру үшін стипендия алады. Мысалы “Самұрық - Қазына”
холдингі алты жыл бойы батыс тәжірибесін негізге алып, трансформациялаумен
айналысуда. Неміс фирмасы SAP 42 млрд теңге бөлген екен. Еліміздің кейбір
аумақтарында ғаламтор желісі-өзекті мәселе. Ал елімізді толықтай трансформациялау
үшін осы кедергілерді жою қажет. Жоғарыда айтқандай, Цифрлы Қазақстан бағдарламасы
алдағы 5 жылға 141 млрд теңге бөліп отыр. Демек осы қаражатты дұрыс жағынан
пайдаланылуы қажет. Интернет желісі жоқ жерлерге оны жеткізіп, компьютерлермен
қамтамасыз етілу керек. Білім алушылардың цифрлы сауатын ашып жаңа дүниелерді
басқа елден сатып алмай елімізде жасап шығаратындай деңгейге жету – басты міндет
болып табылады [3]. Осы бағытта жұмыс жасап жетістікке жеткен бірқатар тұлғалар бар:
1. Ел басымыздың бастамасы болған “100 жаңа есім” жобасына аты енген Мәулен
Бектұрғанов. Ол электрмеханикалық протезді ойлап тапқан болатын. Ол арқылы кез-
келген затты ұстауға, алуға және қоюға болады. Ол денедегі ет тамырларымен байланысу
арқылы жұмыс істейді. Бұл жұмыс өте ерекше болды, себебі бұл құрал тіпті Америка
құрама штатында да жасалмайды екен.
2. Серуенбай Баянбек мүгедек балаларға арналған арбаны ойлап тапқан. Ол арба 2 метр
биіктікке дейін көтеріледі және 100 кг салмаққа дейін көтере алады екен. Бұл арба
мүгедектерге өте пайдалы, оларға жүруге үміт беретін арба. Бұл арбаның ерекшелігі ол
жерде отырып, бала сурет сала алады, тамақ ішуіне өте ыңғайлы. Және денесін ұстай
алмайтын балаларға өте пайдалы. Ол жұмсақ жастықтармен қапталған. Ол арба әлемде
жоқ болып есептеледі.
3. Қазақты әлемге танытқан - Ғалым Ғабдрешев. Ол зағип жандарға арналған құрылғы
ойлап тапқан. Аталған құрылғы дауыс арқылы миға сигнал беріп отырады және сол
арқылы адам кез-келген нәрсені тани алады [4].
Цифрлық білім беру жүйесінің пайдалы және зиян жақтары қарастырылып
салыстыру жұмысы жасалды. Салыстыра отырып оның пайдасының көп екені анықталды:
біріншіден, бұл оқушы да, мұғалімде электронды кітап журналдардың арқасында
ауыр сөмкелер көтеріп жүрмейтін болады. Көзі көрмейтін балаларды арнайы қаламсаппен
жазу үстінен жүргізсе жазуды өзі оқи бастайды.
екіншіден дәстүрлі білім беру жүйесіндегідей журналдар толтырылмайды.
үшіншіден мүмкіндігі шектеулі бар балаларға да өте пайдалы болып табылады. Яғни
бейнесабақтардың арқасында олар есту арқылы білім алады.
төртіншіден цифрлық технологиялардың мұғалім қызметін өзгерту мүмкіндіктері
мен дәстүрлі білім берудегі цифрлық трансформациясы электронды оқытудың жаңа
типтерінің дамуына ықпал етеді. Төмендегі суретте аталған сипаттаманы ассоциограмма
ретінде көруге болады.