Ассоциации «общенациональное движение «бобек» конгресс ученых казахстана


SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD



Pdf көрінісі
бет57/95
Дата20.07.2023
өлшемі2,63 Mb.
#104575
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   95
Байланысты:
11 3 ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ НАУКИ

SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD: 
CHALLENGES OF THE XXI CENTURY"
 
ASTANA, KAZAKHSTAN, FEBRUARY 2023 
52 
ӘОЖ:371.3 
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ САБАҚ ҮРДІСІНДЕ ҚОЛДАНУ 
 
А.Б.Сейдазимов 
6В01503- «Информатика мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының
2 курс студенті 
Ғылыми жетекшісі: Раимбаева Сауле Адилхановна, аға оқытушы, педагогика магистрі 
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, 
Тараз, Қазақстан 
 
 
Түйіндеме. 
Мақалада білім беру жүйесінің даму тарихына қысқаша сипаттама 
берілген және
 
білім берудегі цифрлық трансформация ассоциограмма арқылы көрініс 
тапқан. Сонымен қатар цифрлы технологияның қазіргі білім беру жүйесінде алатын 
орны туралы айтылады. 
 
 
Кілттік сөздер: 
білім беру жүйесі, ақпараттық технология,цифрлық даму, 
цифрлық трансформация, педагогика
 
 
Білім беру – тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұматтарды беріп, білімін, 
дүниелік көзқарасты жетілдіру процесі. Білім беру бұл кез-келген елдің дамуында басты 
роль атқарады және кез-келген мемлекеттің негізгі талабы болып табылады. Білім беру 
мемлекеттің дамуына, экономикасына, ұлтаралық қатынастарды дамытуға және 
технологияның дамуына үлкен үлес қосады. Сонымен қатар бұл процесс ұрпақтан-
ұрпаққа жалғасады. 
Білім беру жүйесінің тарихында білім беру ерте заманнан-ақ бастау алған. VII-VIII 
ғасырларда көптеген мектептер мен медреселер пайда болып діни тұрғыда балалардың 
сауатын ашып жұмыс істей бастаған. Ертеде білім ортасына айналған Отырар қаласында 
білім беру өте жақсы деңгейде дамыды және Отырар, Исфиджаб, Тараз, Сайрам, 
Түркістан сияқты қалаларда медресе саны 84 ке жеткен. Ол медреселерде 5 мыңға жуық 
адам білім алған. Сонымен қатар медреселердің жанында кітапханалар болған. Оқу 
мерзімі негізінен шәкірттің алғырлығына байланысты болған. Оқуға жеті жастан бастап 
қабылданатын. Негізінен білім беру жүйесі осы кезден ақ дами бастаған. Сонымен қатар 
Отырар қаласында екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фараби білім алған. Бұнымен ғана 
шектелмей білімі бойына тасыған, ақылымен ел басқара алатындай ұлы адамдарды 
тәрбиелеп шығарған еліміздің білім беру жүйесі осылай бастау алады. Одан кейінгі кезең - 
Ресей Империясы қол астындағы кезеңді айтуға болады. Бұл кезде мектептер, училищелер 
көбейе бастаған. 1989 жылы “Азиялық училище” ашылды. Бұл жерге қазақ балалары да 
қабылданды. Осылай білім беру жалғасып жатты. Бірақ Ресей мемлекетінің қол астында 
болғаннан кейін орыс тілінде білім беру күшейді. Осы кезде қазақ балаларының сауатын 
ашу үшін қазақтың бір туар азаматтары көп еңбек етті. Мысалы, Ы.Алтынсарин мектеп 
ашуға талпынып, Ильминскиймен жақсы қарым-қатынаста болып алғаш қазақ балаларын 
оқытатын мектеп ашады. Дегенмен Ильминский қазақ балаларын шоқындыруды талап 
етеді. Бірақ қазақ жастарының болашағына уайымдаған Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, 
Ш.Уәлиханов сияқты тұлғалар жастарға үндеу салды. Ресейдің құйтырқы саясатын 
өздеріне қарсы пайдаланып, жастардың білімін арттыруды көздеді. Осылайша Ахмет 
Байтұрсынов алғаш 1912 жылы қазақ тілінде әліппе жасап шығарды. Және 1925 жылдан 
бастап қазақ мектептерінің оқу құралы ретінде пайдаланыла бастады. Бірақ бұл жетістікке 
жету өте қиын болды және өте көп тер төккен болатын. Келесі білім беру күшейе бастаған 
кезең бұл - ХХ ғасырдағы білім беру жүйесі.Бұл кезеңде де білім беру қарқынды дамыды. 
Бұл кезде қазақ тілінде 14 оқулық жарық көріп, қазақ балаларына берілген болатын. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет