SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD:
CHALLENGES OF THE XXI CENTURY"
ASTANA, KAZAKHSTAN, FEBRUARY 2023
67
жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін
бастауыш сынып
мұғалімінің
басты
қолданатын
тәсілі
-
ойын.
Педагогикалық ойынның маңызы зор. Ойын біріншіден, білу және үйрену,
екіншіден, адамның ойнай отырып, өзіндік білім алуы өмір тәжірбесін жинақтауға
көмектеседі. Ойынның кәсіптік, әуестену, оқу-жаттығу ойындары сияқты түрлері бар. Ол
дем алу,
көңіл көтеру бола тұра оқуға, шығармашылыққа, емдеуге, адам қарым-
қатынасының типтерінің модельдеріне, еңбекте көрініс табады.
Қорытынды.
Ойынды ерте заманнан үлкендердің іс-тәжірибесін жеткіншек ұрпаққа
жеткізу үшін пайдаланған. Ойын
халық педагогикасында, мектепке дейінгі және
мектептен тыс мекемелерде кеңінен пайдаланылады. Қазіргі мектепте ойын әрекеті ойын
пәнінің тарауын және тақырыбын түсіну үшін өздік технология ретінде, жалпы
технологияның
элементі ретінде, сабақ немесе оның бір бөлігі ретінде, сыныптан тыс
жұмыстың технологиясы ретінде қолданылады.
Сонымен, ойын технологияларын бастауыш сынып
сабақтарында қолдана отырып,
төмендегідей
нәтижелерге
қол
жеткізуге
болады:
1. Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді.
2. Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз
бетінше шеше білуге үйретеді.
3. Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді.
4. Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.
5. Уақытты үнемдеуге үйретеді.
6. Оқушылар үшін психологиялық жағымды.
7.Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді.
8. Оқушылар үшін қауіпсіз.
9. Кейде қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда көп уақыт мөлшерін алады.
10. Ойын материалдары дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда күрделірек.
11. Кейбір ойын түрлерінде қатысушылардың саны шектеулі.
12.Ойын нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері, алған білімі, дағдысы жөнінде оқушылар ата-
аналарымен, өзге балалармен, мұғалімдермен көбірек әңгімелеседі, кітапханада өз бетімен
іздене білуге, қажетті материалдарды іріктей білуге үйренеді.
Қорыта
келгенде, ойын – балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі
ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп өркендей алмайды. Бұл – өмірдің заңдылығы.
Сондықтан да бастауыш сынып сабақтарында ойын элементтерін пайдаланудың
оқушылардың танымдық ой белсенділігін арттырудағы маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: