SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD:
CHALLENGES OF THE XXI CENTURY"
ASTANA, KAZAKHSTAN, FEBRUARY 2023
64
4.
Ойын-жұмбақтар.
Жұмбақтың негізгі ерекшелігі-логикалық астарының
болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді.
Жұмбақтар салыстыру, теңеу және
сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы
қиялының дамуына
әсер етеді.
5.
Ойын-әңгімелер.
Ол мұғалімнің балалармен,
балалардың мұғаліммен және
балалардың балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым-қатынас ойын
мазмұнында ерекше сипаттқа негіз болады. Ойынның құндылығы балаларды
эмоционалдық түрде белсендіруге,
өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойнауға мүмкіндік
туғызады.
Танымдық іс-әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері:
1. Балалардың орындаушылық әрекетті талап ететін ойындар.
2. Қайта жаңғырту іс-әрекетін орындауға бағытталған ойындар.
3. Қайта жасау іс-әрекетін жүзеге асыруға бағытталған ойындар.
4. Оқушылардың іс-әрекетін бақылауға бағытталған ойындар.
5. Ізденіс іс-әрекетіне бағытталған ойындар.
Құрлымы бойынша дидактикалық ойындарды мынадай түрлерге жіктеуге
болады:
1. Сюжеттік-рөлдік ойындар.
2. Жаттығу ойындары.
3. Шығармашылық ойындар.
4. Драмалық ойындар.
5. Әдеби-музыкалық ойындар.
Достарыңызбен бөлісу: