1.3 Формативті бағалау жүргізу Формативті бағалау құралдарын біледі және тиімді қолданады Формативті бағалау құралдарын біледі, бірақ шебер қолдана алмайды Формативті бағалау құралдарын тиімсіз қолданады 1.4 Педагогтің вербалды және вербалды емес қарым-қатынас дағдылары Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас дағдыларын меңгерген Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас дағдыларын ішінара меңгерген Білім алушыларды оқу материалын меңгеруге ынталандыратын ресурстарды, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану Ресурстарды, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану оқу материалын көрсетумен шектеледі Құрметті конкурсқа қатысушы педагог! Осы бөлімшеде сабақты бағалау критерийлеріне назар аударылды және
1(бір) кейс ұсынылды. Бірінші кейсте сабақты бағалау бойынша, яғни
педагогтердің 3(үшінші) кезеңіндегі күндізгі форматта сабақты өткізу
барысында назар аударылатын аспектілер көрсетілген. Бұл кейсті «Назарбаев
зияткерлік мектептерінің» ДББҰ Педагогикалық өлшемдер орталығы
директорының орынбасары
Вильданова Сауле Аифовна әзірледі.
1-кейс Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында сабақты бағалау Сабақты жоспарлау Сабақты жоспарлау кезінде білім алушылардың қабілеттерін дамытуды ескере отырып, барлығының бір сабақ аясында оқу мақсатына жетуі үшін нақты және қолжеткізуге болатын мақсаттарды тұжырымдау маңызды, яғни бір сабақ аясында нәтижелерді көруге болатындай күтілетін нәтижелерді (бағалау критерийлерін) анықтау керек.