Озық педагогикалық тәжірибе
– мұғалімнің шеберлігінің жоғары
деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі
[10 ].
Білім беру мониторингі
– білім беру процестерін жүзеге асырудың
жай-күйін және нәтижелері мен шарттары өзгеруінің серпінін, білім алушылар
контингентін, білім беру ұйымдары желісін, сондай-ақ олардың қызметі
жетістіктерінің рейтингілік көрсеткіштерін жүйелі түрде байқау, талдау,
бағалау және болжау
4
;
Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі
– білім беру
сапасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, жеке
адамның, қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктеріне сәйкестігін белгілеудің
институционалдық құрылымдары, рәсімдері, нысандары мен әдістерінің
жиынтығы
4
;
Ғылыми-әдістемелік жұмыс
– ғылым жетістіктері мен озық
педагогикалық тәжірибеге негізделген және үздіксіз білім беру жүйесінің
жұмыс істеуін және оны дамытуды жетілдіруге бағытталған қызмет түрі
4
;
Ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар)
– тиісті деңгейде
білім алу және қосымша білім алу үшін арнаулы жағдайларға тұрақты немесе
уақытша қажеттілік көріп жүрген адамдар (балалар)
4
;
Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау
– білім алу үшін қажетті
арнаулы жағдайларды айқындау
4
;
Инклюзивті білім беру
– ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-
дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылар үшін білім алуға
тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс
4
;
Жалпы білім беретін мектеп
– білім алушылар мен тәрбиеленушілерге
мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту бағдарламаларын, бастауыш, негізгі
орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын,
арнаулы оқу мен жеке дамыту бағдарламаларын, сондай-ақ қосымша білімнің
білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы
4
;
|