9
«Мұғалім» мамандығына әрқашан жоғары талаптар қойылады. Өйткені
қоғамның дамуы мен оның болашағы педагогтерге байланысты.
Қазіргі таңда «мұғалім» мамандығына талаптар өзгеріп жатыр, сонымен
қатар, педагогтердің міндеттері де өзгеруде. Егер бұрын педагогтің міндеті –
білім алушыларға
білімді беру ғана болса, бүгінгі таңда педагог білім
алушыларға білімді қалай меңгеруге, оқу әрекетін ұйымдастыруға, білім
алушылардың сыни ойлауын қалыптастыруға үйретеді.
Сонымен қатар,
педагог білім алушыларда мектепте алған білімдерін өмірде, іс жүзінде, яғни
өмірлік жағдаяттарда қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.
Уақыт талабына сай болу үшін әр педагог өзінің кәсіби құзыреттілігін
арттыруы қажет. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттырудың бірнеше жолы
бар:
- біліктілікті арттыру курстары;
- біліктілік
санатына аттестаттаудан өту;
- ғылыми-зерттеу қызметі;
- әдістемелік бірлестіктің жұмысына, семинарларға, вебинарларға,
конференцияларға, шеберлік
сыныптарына белсенді қатысу;
- тәжірибені жалпылау және тарату;
- әр түрлі конкурстарға қатысу.
Сондықтан республикалық «Үздік педагог» конкурсы – педагогтің
біліктілігін арттырудың бір жолы, өйткені бұл Конкурста педагогтер
жинақтаған үздік педагогикалық тәжірибесімен бөлісіп, үздік
сабақтарды
өткізеді. Педагог мәртебесін арттыру, үздік педагогтерді танымал ету, озық
тәжірибелерді трансляциялау үшін республикалық «Үздік педагог» конкурсы
өткізілуде.
Достарыңызбен бөлісу: