7
4)
Конкурста жетістікке жету үшін қандай тараптар бірлесе, жұмыла
жұмыс жасауы керек;
5)
Әдістемелік кабинеттер/орталықтар
Конкурс қорытындысына
талдау жасап, қандай мәселелерге назар аудару қажеттілігі туралы ұсыныстар
жасалды.
Екінші бөлімде
педагогтерге "Үздік педагог" конкурсын өткізу тәртібі
мен шарттары түсіндірілді. Өйткені 2022 жылдан бастап алғашқы рет конкурс
жаңаша форматта өткізілді. Конкурстың
барлық кезеңдері толығымен
цифрландырылды. Сондықтан бұл ұсынымдамада құжаттарды қалай және
қандай платформаға жүктеу қажеттілігі туралы және әр кезеңде нені және қалай
дайындау, қандай көрсеткіштер бойынша не бағаланатыны қарастырылды.
Үшінші бөлімде
Конкурстың қатысушыларына
қысқа мерзімді жоспар,
бейнесабақты дайындау, педагогтің, білім алушылардың жетістіктері бойынша
әдістемелік ұсыныстар жасалды.
Жалпы,
Конкурс
жас педагогтердің және ұзақ жылдар бойы білім
саласында еңбек етіп келе жатқан педагогтердің өз мамандығына деген
көзқарасын өзгертті және олардың өз қызметіне деген уәждемесін арттырды.
1 Байқауға қысқаша шолу
Республикалық
«Үздік педагог
» 2012 жылдан бастап өткізілуде. Бастапқы
жылдары 32 педагогке «Үздік педагог» атағы берілді.
Конкурстың ережесі
«Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12
бұйрығына сәйкес нақтыланды. Осы кезеңнен бастап жыл сайын 64 педагогке
«Үздік педагог» атағы беріліп келеді.
2012 жылдан бастап 2022 жылға дейін байқауға қатысуға мыңдаған
педагог
өтініштерін берді, бірақ көбісі 3-кезеңге (республикалық деңгейге
дейін) жете алмайды. Он жылдың ішінде 600-ден аса педагог республикалық
«Үздік педагог» атағына ие болды. Алайда, төмендегі 1-кестеде 10 жыл
аралығындағы жеңімпаздар саны 545 педагог, өйткені
бұл көрсеткішті тек қана
орта білім беру ұйымындарында қызмет жасайтын педагогтер құрайды, ал
Достарыңызбен бөлісу: