62
1)
оқыту шарттарын;
2)
сабақ мақсатын;
3)
оқу әрекетін жоспарлауды;
4)
қысқа мерзімді жоспарды ой елегінен өткізуді және бағалауды.
3.2 Оқыту үдерісінде белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану бойынша
ұсынымдар
Тәжірибе барысында педагог-практиктердің
көпшілігі белсенді әдіс-
тәсілдерді қолданады. Тиімді белсенді әдістерді қолдану педагогтің білімін,
құзыреттілігін және шеберлігін көрсетеді. Білім алушылардың сабаққа
қызығушылықтарын тудыруға, ішкі уәждерін арттыруға және
оқу мақсаттарына
жетулеріне белсенді әдістер көмектеседі.
Оқытудың белсенді әдістері сабақтағы танымдық іс-әрекет барысында
білім алушылардың дербес, белсенді
және шығармашылық дамуын
ынталандыру үшін жағдай жасауға бағытталған педагогикалық әдістер мен
оқыту әдістерінің жиынтығын білдіреді. Мұғалім сабақты құрылымдай отырып
нені, не үшін және қалай оқыту керектігін түсінеді. Белсенді оқыту әдістерін
таңдау кезінде келесілерге назар аударған жөн:
•
тақырып мазмұнымен байланысы;
•
оқу мақсаттарына
қол жеткізуге ықпал етуі;
•
сабақтың әр кезеңінің мақсаттарына сәйкестігі;
•
білім алушылардың танымдық қажеттіліктеріне сәйкестігі. [16]
Сабақтың әр кезеңінде белсенді оқыту әдістерін қолданудың мысалдары.
«Сабаққа жұмылдыру» кезеңінде белсенді әдістерді қолдану:
•
психологиялық атмосфераны қалыптастыру;
•
танымдық қызығушылықты арттыру;
•
барлығын оқуға тарту, ынталандыру;
•
алдыңғы және жаңа білімнің байланысы;
•
тақырыпты болжау, сабақтың мақсаттары мен міндеттерін анықтауға
ықпал ету.
«Миға шабуыл», «Идеялар қоржыны», «Кластер», «ББҮ», «Инсерт»,
«Борттық журнал», «Жіңішке және жуан сұрақтар», «Сұрақ-жауап», «Хат»
және т.б.
«Ақпаратты түсіну» кезеңінде белсенді әдістерді қолдану:
•
өзіндік әрекет;
•
ақпарат жинау, таңдау, талдау, дәлелдеу;
•
зерттеушілік әрекет;
•
тәжірибелік әрекет;
63
•
салыстыру, ажырату;
•
қолдану дағдыларын дамыту;
•
шешім қабылдау мен қорытындылау.
«Синквейн»,
«Мозаика»,
«Диалог»,
«Полилог»,
«ББҮ»,
«Эссе»,
«Тұжырымдамалық карта», «ДЖИГСО» және т.б.
«Рефлексия» кезеңінде белсенді әдістерді қолдану:
•
білімді қорытындылау;
•
оқу мақсаттарына қол жеткізуді талдау;
•
қиындықтарды анықтау;
•
келесі сабақта шешім қабылдау тәсілдерін анықтау.
«Рефлексиялық сұрақтар», «Борттық журнал», «Сөйлемді аяқта», «Инсерт»,
«ББҮ», «Эссе», «ПОПС» және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: