65
- Нәтижесі қандай болуы тиіс?
Аталған сұрақтарға жауап берілгеннен кейін және негізгі идея
анықталғаннан
кейін, тұжырымдаманың дизайны ресімделеді.
2-кезең. Бейнероликтің сценарийін әзірлеу.
Бұл – өте күрделі процесс. Өйткені аз уақытта ауқымды ақпаратты көрсете
алу қажет. Сондықтан бұл кезеңде педагог өзі шешім қабылдауы тиіс – сабақтың
қай кезеңдерін түсіреді және оқу үдерісінде қандай әдіс-тәсілдерді қолданады.
3-кезең. Бейнероликті әзірлеу.
Бейнеролик бірнеше кезеңнен тұрады. Мысалы: басы, ортасы, соңы.
Сондықтан педагог бейнероликтің әр кезеңінде не түсірілетіні туралы, түсірілімнің
қай кезеңіне көбірек уақыт бөлінетінін де ойластырған дұрыс.
БІЛУ
МАҢЫЗДЫ !
«Үздік педагог» атағын беру қағидаларының 3-қосымшасында озық
педагогикалық
тәжірибені
трансляциялау
жобасы
бойынша
бейнесабақтарға/оқуларға және бейнероликтерге
қойылатын талаптар мен
техникалық шарттар ұсынылған. Конкурсқа қатысушылар 4-кесте бойынша
бейнесабаққа қойылатын талаптармен және шарттармен таныса алады.
4-кесте. Бейнесабақтарға және бейнероликтерге қойылатын талаптар мен
техникалық шарттар
Достарыңызбен бөлісу: