Методические рекомендации по конкурсу «лучший педагог»


 Ақпараттық-коммуникациялық технология (әрі қарай АКТ)



Pdf көрінісі
бет51/121
Дата24.07.2023
өлшемі2,33 Mb.
#104735
түріКонкурс
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   121
Байланысты:
26.06 Уздик педагог сайт

3.3 Ақпараттық-коммуникациялық технология (әрі қарай АКТ) 
ресурстарын қолдану 
АКТ мұғалімдерге оқытуда көмектесетін, түсіндіруді жеңілдетуге және 
жаңа материалды түсінуге мүмкіндік беретін тиімді құрал болып табылады. 
Сондықтан педагогтер оқыту үдерісінде АКТ-ны қолдану туралы мұқият 
ойлануы маңызды. PowerPoint форматындағы таныстырылым сияқты оқу 
құралдарын үнемі қолдану танымға деген ұмтылысты төмендетеді, ал 
педагогтердің көпшілігі таныстырылымды оқу ресурсы ретінде қолданады. 
Білім беру нәтижелеріне қол жеткізу үшін білім алушылардың қажеттіліктерін 
ескере отырып жеке цифрлық білім беру ресурстарын және бірлесіп жұмыс 
істеуі үшін желілік ресурстарды қолдану маңызды.

Дайын цифрлық білім беру ресурстарын қолдану 
 
Заманауи оқыту технологиялары біздің өмірімізге кеңінен енгізілуде, 
қазір көптеген дайын цифрлық білім беру ресурстары бар, мысалы, олар 
Bilimland.kz, Smk.kz платформаларында орналастырылған. Бейнежазба көрсету, 
өмірдегі нақты мәселелер мен оқиғалардың модельдерін визуализациялау, 
интерактивті оқу бағдарламасын қолданудың әртүрлі тәсілдерін көрсету және 
т.б., педагог ақпарат берудің әртүрлі формаларын таңдай алады.
 
Жеке цифрлық білім беру ресурстарын қолдану 
 
Сандық білім беру ресурстары ретінде электрондық оқулықтарды, 
бейнеклиптерді, статикалық немесе динамикалық модельдерді, виртуалды 
шынайы объектілерді және интерактивті модельдерді, дыбыстық жазбаларды, 
картографиялық материалдарды, символдық объектілерді қолдануға болады.
Педагог пәнге алдын-ала бейімдеген таныстырылымы арқылы білім 
алушылардың назарын қандай да бір иллюстрацияларға, мәліметтерге, 
формулаларға аудара алады және жаңа материалды түсіндіру кезінде тақтаны 


64 
алмастыра алады.
Таныстырылымда дыбысты, анимацияны, бейнені орнатуға 
болады. Анимациямен бірге жүретін таныстырылымдар материалды қабылдау 
мен есте сақтауды жеңілдетеді. Таныстырылымдардың көмегімен білімге 
тестілік бақылау жүргізуге болады, әсіресе әр түрлі оқу ойындары қызықты. 
Мультимедиялық таныстырылымдарды сақтау ыңғайлы және қажет болған 
жағдайда, ақпаратпен толықтыруға болады.
 
Білім алушылардың бірлесіп жұмыс істеуі үшін желілік ресурстарды 
қолдану 
Білім алушыларды білім беру өнімдерін, бағалау ресурстарын құруға
виртуалды ортада жұмыс істеуге, әлеуметтік желілерді білім беру ресурстары 
ретінде қолдануға үйрету маңызды.
Бағдарламалық оқыту білім алушыларды 
оқытуға ғана емес, сонымен қатар жаңа ресурстарды жобалауға да ықпал етеді.
Мысалы, басқару түймелерінің көмегімен әртүрлі қызықты ойындар жасауға 
болады, мысалы: 
«Теңіз шабуылы», «Өз ойыным», «Бәрін білгім келеді» 
және 
т.б.
Сонымен қатар, білім алушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін My Test Pro, 
Kahoot.it желілік ресурстарын қолдану кезінде Google формаларының 
көмегімен сұрақтарды әзірлеуге, тесттер құрастыруға болады.
Мысалы, кестелерде респонденттің жауаптарын көруге болатын 
ақысыз құрал - Google Forms қызметі арқылы тест құрастыруға болады. 
Формаларды жасау үшін gmail пошта жәшігі болуы керек, егер ол жоқ болса, 
сілтеме арқылы өтіп, тіркелуге болады: http://mail.google.com Google-ге 
тіркелген кезде жеке шот құрылады және бұл оның қызметтерінде жұмыс 
істеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұлтта файлдарды сақтау үшін 15 Гб 
беріледі, Google Drive-та жасалған барлық құжаттар сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет