Методические рекомендации по конкурсу «лучший педагог»



Pdf көрінісі
бет55/121
Дата24.07.2023
өлшемі2,33 Mb.
#104735
түріКонкурс
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   121
Байланысты:
26.06 Уздик педагог сайт

 
 


69 
Қорытынды 
Өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде Конкурс 
қатысушылары өздері құжаттарды (материалдарды) Министрлік бекіткен 
ақпараттық жүйесіне жүктейді. 
Конкурстың I кезеңіне қатысу үшін қатысушы нысан бойынша 
электронды форматта мынадай құжаттарды (материалдарды) ұсынады:
1) оқыту тіліндегі портфолионы;
2) сабақ (оқу) жоспарын ұсына отырып, ұзақтығы 7 (жеті) минут 
бейнесабақ (мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері үшін), 
ұзақтығы 15 (он бес) минут бейнесабақ/оқу (орта, арнайы, қосымша білім беру, 
техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 
педагогтері үшін); сондай-ақ осы Қағидалардың 3-қосымшасындағы 
бейнероликке қойылатын талаптар мен техникалық шарттарға сәйкес озық 
педагогикалық тәжірибені трансляциялау (ұзақтығы 5 (бес) минутқа дейінгі) 
бейнеролигін.
Бұл ұсынымдаманың екінші бөлімшесінде бейнесабақ және оған 
қойылатын талаптар бойынша ақпарат берілді. Сондықтан осы бөлімшеде 
«Үздік педагог» конкурсына қатысушылардың бейнесабақты дайындау 
бойынша ұсыныстар беріледі. Төмендегі кейсте Қостанай облысының «Үздік 
педагог» конкурсының жеңімпазы Тасанова Гүлмира Мухамеджанқызының 
бейнесабақты дайындау бойынша ұсыныстары берілген.
 
4-кейс 
Тасанова Гүлмира Мухамеджановна
, Қостанай облысы әкімдігі білім 
басқармасының «Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-
гимназия-интернаты» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі 
Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі оның өзіне деген сенімділігін, 
кәсіби қызметте өзін-өзі көрсетуінен басталады. Мен Қостанай 
қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-
гимназия-интернатында 1996 жылдан бастап қызмет етіп келе 
жатырмын. Жалпы, ұстаздық жолымда биік мансап қуып, үздік ұстаз 
атансам екен деген мақсат қойған емеспін. Ұстаздық мамандығының 
барысында ұстазға қандай талап қойылады, соны жасап жетілдіруге 
тырыстым. Барынша үлгі тұтар, шығармашыл, шебер деген ұстаздардың 
іс-тәжірибелерінен үйренуді өзіме мақсат еттім. Білікті ұстаздардың 
ұстаздық жолындағы ең бір ерекше қасиеттеріне, шығармашылық 
қабілеттеріне қарай отырып, өзім де осындай ұстаз болсам екен деп 
армандайтынмын. Жаңалыққа қашан да жаны құмар ұстаз ретінде өзім 
жаңа әрі тың педагогикалық әдіс-тәсілдерді, әртүрлі жаңа технологиялар 
туралы естісем немесе көрсем оны әбден зерттеп, үйреніп алғанша көңілім 
тыншымайды. Осы ұстаздық қызмет барысында облыстық «Авторлық 
бағдарлама», панорамалық сабақтар, халықаралық ғылыми-практикалық 
конференциялар сынды көптеген байқауларға қатыстым. Әр байқаудың 


70 
талаптары бір-біріне ұқсамайды. Әртүрлі байқау мені әр қырымнан сынға 
түсіріп, кемшілік тұстарымды шыңдады десем артық айтқандық емес. 
Жеңіске жеткен шақтарымда қанаттанып, өзімді тағы да басқа қырымнан 
сынауға тырысамын. Мектеп әкімшілігінен «Үздік педагог-2022» байқауына 
қатысу туралы ұсыныс түскенде, шынын айту керек, қатты қобалжыдым. 
Бұл байқаудың өзге байқаулардан ерекшелігі, салмақтылығы атауының 
өзінен-ақ байқалады. Тәуекелге бел буып, байқауда бақ сынауды жөн көрдім. 
Өзімнің оқушыларымның жетістіктері мен қоса өзімнің ұстаздық 
жолымдағы кәсіби шеберлігімнің шыңдалатын кезі келгендігін анық 
түсіндім. Осы байқауға қатысу барысында маған қиындық тудырған 
мәселелердің бірі - он бес минуттік бейнесабақты түсіру болды. Бір 
сабақтың ұзақтығы 45 минут болса, осы сабақты 15 минутқа шақтап 
жасау керек болды. Осынша уақытқа қысқартып, жоспарлау барысында 
сабақтың барынша басынан аяғына дейін сабақ тақырыбын ашуға 
тырыстым. Бейнесабақ түсіру барысында сабақтың сапалы түсуі де өз 
әсерін береді. Көп жағдайда бейнесабақтарды түсіруде кәсіби мамандар 
емес, өзіміз қолжетімді ұялы телефонымызды қолданып ұстаздардың,
көмегімен түсіріп жатамыз. Себебі мектептерде осындай түсірілімдер 
бойынша арнайы мамандар жағы қарастырылмаған. Оның шығу жолы, 
әрине, ұстаздың креативтілігіне, құзыреттілігіне, кәсіби шеберлігіне 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет