74
сабақтарына қатысып, әріптестерінің артықшылықтарын, айырмашылықтарын
салыстырып, тиісті қорытынды жасайды. Зерттеу жұмысының материалдарын
жинақтайды, оқу процесінде қандай өзгерістер
болғанын анықтайды және
жетістікке жету үшін не әсер еткенін зерделейді. Мысалы, әсер етуші
факторларға келесілерді жатқызуға болады:
✓
білім мазмұнындағы өзгерістер;
✓
оқу-тәрбие процесінің әдістемесі, технологиясы, түрі, әдістері;
✓
оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруы;
✓
мектептегі басқару жүйесіндегі инновация.
Инновацияның түрлері: модификациялық, комбинаторлық, радикалді.
Модификациялық инновация - педагогикадағы әдіс-тәсілдерді жетілдіру.
Комбинаторлық инновация - белгілі әдіс элементтерін бір-біріне қосу.
Радикалды инновация: мектепке білімнің мемлекеттік стандарттың
енгізілуі [20].
Жоғарыда педагогтер білуі тиіс ақпараттарды ұсындық.
Бірақ кейде
үздік педагогтер өздерінің озық тәжірибесі туралы ақпаратты айта алмайды.
Сондықтан тәжірибенің авторы қандай болу керек және онда қандай дағды
қалыптасуы тиіс екені туралы ақпарат ұсынамыз.
Озық педагогикалық тәжірибенің авторы – жоғары нәтиже беретін
жұмыс тәжірибесі мен өзіндік жұмыс тәжірибесі бар білім беру ұйымының
кәсіби шебер мұғалімі. Оқытудың сапасын арттыру, сабаққа арналған оқу-
әдістемелік кешендерді құру бойынша басқа әріптестеріне ақыл-кеңес бере
алатын да педагог болуы тиіс. Сонымен қатар, а
вторлық бағдарламаны
әзірлеушілер оқыту мен оқуды жақсартудың негіздемесі мен әдістерін
дайындап, ұсына алуы керек. Олардың оқыту тәжірибесі, сондай-ақ, кейбір
негізгі әкімшілік және үйлестіру дағдылары да болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: