Методические рекомендации по конкурсу «лучший педагог»



Pdf көрінісі
бет60/121
Дата24.07.2023
өлшемі2,33 Mb.
#104735
түріКонкурс
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   121
Байланысты:
26.06 Уздик педагог сайт

БІЛУ МАҢЫЗДЫ! 
Үздік педагогикалық тәжірибесі бар авторда болуы тиіс дағдылар: 
Коммуникация дағдылары 
 
Үздік педагогикалық тәжірибе авторы басқалармен жақсы кәсіби 
қарым-қатынас құра білу. Автор өзінің үздік педагогикалық тәжірибесі 
туралы , оның ерекшеліктері, артықшылығы туралы айта білуі шарт. 
Жазбаша, ауызша, диалог арқылы түсіндіре білуі, презентация жасай білуі 
қажет. 


75 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сонымен қатар, қысқа мерзімді жоспарды жетік және дұрыс әзірлеу
тәжірибесі, білім беру бағдарламаларын жете, терең білу, уақытты дұрыс 
басқару(тайм-менеджмент) және ұйымдастыру қабілеттері қалыптасқан болуы 
керек. Тек жоғары деңгейде кәсіби құзыреттілігі қалыптасқан педагог қана
«Үздік педагог» атағына ие бола алады.
Барша қатысушыларға сәттілік! 
 
 
Сыни талдау және шешім қабылдау дағдылары
Автор үздік педагогикалық тәжірибесін түсіндіре білуі қажет. 
Сондай-ақ, басқа оқыту әдістерінің және басқа да зерттеулердің 
артықшылықтары туралы, тәжірибенің өзгешілігін, артықшылығын не 
құрайтынын дәлелдеп айта білуі және сендіре білуі тиіс. 
Көшбасшылық және тәлімгерлік дағдылары 
Тәжірибенің авторында көшбасшылық және тәлімгерлік дағдылары 
болуы керек. Олар басқа педагогтермен ынтымақтастықта болып, басқа 
авторлармен конструктивті қарым-қатынас жасай білуі керек және 
ұйымдастыру дағдылары қалыптасқан болуы тиіс. 


76 
Қорытынды 
 
«Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысушы педагогтер арасында 
үздіктерді анықтауға арналған байқау. Аталған Конкурс 2012 жылдан бастап 
өткізіледі. Қазіргі таңда бұл мектептердегі білім беру сапасын арттыруға және 
кәсіби деңгейі жоғары педагогикалық кадрлардың құрамын қалыптастыруға 
арналған маңызды құрал. Сонымен қатар, педагогтерді ынталандыруға,
өзінің біліктілігін арттыруға, үздік педагогикалық практиканы таратудың 
бірден бір көзі.
Педагогтің конкурстан нәтижелі өтуі тікелей өзіне қатысты, өйткені бұл 
конкурсқа алдын ала дайындалу қажет. Себебі күнделікті практикада
жинақталған тәжірибесі арқылы ғана кез келген педагог жетістікке жетеді.
Яғни күнделікті практикада жан-жақты сабаққа дайындалу, тиімді әдіс-
тәсілдерді қолдану, ізденіс, талдау жасау, мониторинг жүргізу, салыстыру, 
тәжірибеге қатысты әдебиеттерді оқу – осының бәрі жетістікке жетелейді.
Жетістікке жету үшін, ең біріншіден, педагогтер конкурсты өткізу 
қағидалары мен шарттарымен танысу қажет. Содан кейін қатысушыға
қойылған талаптарға сәйкестігін қарап, дайындық жұмысын жүргізу керек. Ол 
үшін педагог «Үздік педагог» атағын беруге үміткердің жұмысын бағалаудың 
сапалық және сандық көрсеткіштерін қарастыру қажет. Атап айтқанда: 
-
Ұлттық біліктілік тестілеуінің нәтижесін; 
-
педагогтің кәсіби шеберлігі мен жетістіктерін; 
-
Орта, арнайы, қосымша білім беру, техникалық, кәсіптік және орта 
білімнен 
кейінгі 
білім 
беру 
ұйымдары 
білім 
алушыларының/тәрбиеленушілерінің соңғы үш жылдағы жетістіктерін
-
Мектепке дейінгі, орта , техникалық және кәсіптік, орта білімнен 
кейінгі білім беру ұйымдарындағы оқу қызметін(сабақ); 
-
эссе жазуды; 
-
үздік тәжірибені таратуды.
Педагогтер конкурсқа тиімді дайындалу үшін әдіскерлер және білім беру 
ұйымдарының 
директордың 
оқу-әдістемелік 
жұмысы 
жөніндегі
орынбасарлары педагогтерге конкурстың қағидалары мен шарттарын түсіндіру 
жұмыстарын ұйымдастыруы қажет.
Сонымен қатар, педагогтер өздері де сапалы дайындалуға ұмтылуы 
қажет. Осындай үздіксіз, жүйелі жұмыстар арқылы ғана педагог жетістікке 
жете алады. Бұл конкурс педагогтердің ізденуіне, шығармашылық дамуына
және республикалық деңгейде танымал болуына әсер ететін құрал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет