Болат әбдікәрімұлы асаубаева ақГҮл кенжебекқызы саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының педагогикалық көзқарастары



Pdf көрінісі
бет4/45
Дата26.07.2023
өлшемі1,25 Mb.
#104812
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
алаш

Зерттеу
әдістері:
зерттеу мәселесіне байланысты философиялық,
психологиялық,
педагогикалық,
тарихи-әдістемелік
әдебиеттерге, зерттеу
жұмысына қатысты сирек кездесетін қолжазбалар мен мұрағат құжаттарына
талдау жасау, мұражай деректерін іздестіру, оларды тарихи-педагогикалық
тұрғыдан 
тұжырымдау, 
жүйелі-құрылымдық,
тарихи-салыстырмалық,
өмірбаяндық контекстік-анализ сипаттау, ой-пікірлерді жинақтау, қорыту,
саралау, т.б.
Зерттеу кезеңдері:
Бірінші кезең (2003-2004 жылдар)-
Зерттеу тақырыбы анықталды, зерттеу
мәселесіне қатысты ғылыми-педагогикалық, психологиялық және арнаулы
әдебиеттермен диссертациялар, монографиялар мен мақалалар, этнопедагогика
мен этнопсихологиялық әдебиеттерге талдау жасалып, ресми құжаттар мен
мерзімді басылымдардың материалдары жинақталып, мәселенің ғылыми
негіздері зерделенді. Зерттеу жұмысының объектісі, пәні, мақсаты мен
міндеттері, әдіснамалық негіздері мен әдістері анықталды.


7
Екінші кезең (2004-2005 жылдар)-
Зерттеу бойынша қажетті мұрағат
материалдары жинақталды. Жинақталған деректер талдауға алынды. Саяси
қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының көзқарастарының даму
бағыттары бір жүйеге келтірілді. Аталмыш тақырып бойынша мақалалар
дайындалып, 
республикалық
және 
халықаралық
конференцияларда
баяндамалар жасалды.
Үшінші кезең (2005-2006жылдар)-
Жүргізілген зерттеу жұмысының
нәтижелері бір жүйеге келтіріліп, қорытындыланды. Осы кезеңде “Саяси
қуғын-сүргін
құрбандары болған
қазақ
зиялыларының
педагогикалық
көзқарастары (1930-1938)” тақырыбындағы арнайы курс бағдарламасы
жасалды. 
Жинақталған 
материалдар
ғылыми-теориялық
жағынан
тұжырымдалып, диссертация әдеби жағынан ресімделіп, ғылыми жұмыс
ретінде өңделді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет