БОЛАТ ӘБДІКӘРІМҰЛЫ
АСАУБАЕВА АҚГҮЛ КЕНЖЕБЕКҚЫЗЫ
Саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ
зиялыларының педагогикалық көзқарастары
(1930-1938 ж.ж)
2008
2
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі.
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы әлемдегі өркениетті елдермен
терезесі тең мемлекет ретінде халықаралық ықпалдастыққа бет бұрып, саяси-
экономикалық мәселелерді ұлттық мүддеге орайластыра отырып, тиімді даму
жолдарымен жүріп келеді. Мұны еліміз ішкі және сыртқы саясаттағы өзіндік
байыпты бағыттары арқылы жүзеге асырып отыр. өйткені халқымыздың
ғасырлар бойы біртіндіп қалыптасқан рухани қазынасы тоталитарлық жүйе
кезеңінде орасан зор дағдарысқа ұшырап, тоқырап қалғаны баршаға аян. Ол өз
кезегінде өскелең жас ұрпақтың өз туған халқының рухани құндылықтарынан
ажырап
әкелуіне соқтырды. Міне, сондықтан да жас
өспірімдердің
халқымыздың рухани тамырынан толық қол үзіп қалмауы-біздің бүгінгі
елдігіміз бен егемендігіміздің негізгі өлшемдерінің бірі деп есептеуге болады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» [1] атты
халыққа арнаған ағымдық жылдағы Жолдауында еліміздегі ішкі және сыртқы
басты саяси бағыттарын айқындады. Аталған жолдауда еліміз дүниежүзілік
стандартар деңгейінде сапалы білім беруге жету керектігін көрсеткені мәлім.
Бұл орайда, білім беру саласына ерекше назар аудару қажеттілігі анық.
Тәуелсіз елімізде оқушы-жастарды бүгінгі күн талабына сай ұлттық тәлім-
тәрбие беруде халқымыздың бай мәдени мұраларын, педагогикалық ой-
пікірлерін, жинақталған
ұлттық құндылықтарды зерттеп, жүйелеп, оқу
орындарының оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың маңызы зор. Осы бағытта
қазіргі бәсекеге қабілетті жас өспірімдерді тәрбиелеу, ұлт тұрмыс-тіршілігін
өркендетуші сапалы да салауатты, ұлтжанды, мәдени-ғылыми ой-өрістері кең
ұрпақ өсіру-қоғам алдында тұрған басты міндет. әрбір қоғам өзінің даму
барысындағы зиялы қайраткерлердің педагогикалық ақыл-ойын, тәрбиелік
тәжірибесін зерделеп, заман талаптарына сай жетілдіріп пайдаланып отырған.
Қазақ тарихының даму кезеңдерінен, ежелгі дәуірлерден жеткен әдебиеті
мен тарихында, мәдениетінде ақын-жыраулардың өлең-жыр, толғауларында,
ғылыми педагогиканың бастауы деп санайтын ортағасырлық ұлы ойшылдар
Әл.Фараби [2], А.Иассауи [3], М.Қашкари [4], Ж.Баласағұн [5] т.б. тарихи-
педагогикалық мұраларындағы педагогикалық ой-пікірлері ұлттық тәлім-
тәрбиенің мазмұнын кеңейтіп, жас ұрпақтың елжандылыққа, имандылық рухта
тәрбиелеуде тірек болуда. Бұл тәлім-тәрбиелік идеялар ХІХ ғасырда Ыбырай
[6], Шоқан [7], Абай [8] сияқты ағартушылардың ойлары мен қазақ халқының
тәлім-тәрбиелік құндылықтарын жаңа деңгейге көтерді.
Жоғарыда аталған ғұламалардың
жасөспірімдер тәрбиелеудегі озық
педагогикалық
ой-пікірлерін
одан
әрі
дамытушы,
кешегі
Алашорда
қайраткерлері болған А.Байтұрсынов [9], М.Жұмабаев [10], Ж.Аймауытов[11],
М.Дулатов [12], Ә.Бөкейханов [13], Х.Досмұхамедов [14] т.б. белгілі қоғам
қайраткерлері әрі қарай жалғастырып, қазақ мектептері оқу-тәрбие көлемін
ұлттық тәлім-тәрбие мазмұнымен толықтырды.
ХХ
ғасырдың 20-30 жылдары
қазақ
халқының
тарихында аса
құндылығымен, маңыздылығымен және қасіретімен де мәңгі қалатыны даусыз.
өйткені, Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында қазақ даласы жаңа тұрпатты
3
мемлекет құруға қадам жасады. Ал оның жемісті дамуына барынша ат
салысып, ана тілінде тұңғыш оқулықтар жазып, қазақ ғылымының қалыптасып
дамуына, отандық мәдениетіміздің ілгерілеуіне барынша ат салысқан бір топ
қазақ зиялылары сталиндік тоталитарлық режимнің қысымына ілінді. «Біз,- деп
атап көрсетті Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев,-өз
тарихымызды өзгелер тұрмақ өзімізге де толық таныта алмай келе жатқан
ұрпақпыз. Зерттемесек, жазбасақ, жарияламасақ кім не таниды?...»[15].
Ұлттық тәлім-тәрбие саласының сан-алуан мәселелері біздің еліміздің
жағдайында да біршама уақыттан бері зерттеу нысанына айналып келеді.
Мәселен, Қазақстандағы педагогикалық ой мен халыққа білім беру тарихының
аясында оқыту мен тәрбие беру мәселелері Т.Т.Тәжібаев[16], Ә.І.Сембаев[17],
Қ.Б.Бержанов[18], Қ.Б.Жарықбаев[19], А.К.Көбесов[20], Г.М.Храпченков[21],
К.К.Құнантаева[22],
Қ.Б.Сейталиев[23],
А.Н.Ильясова[24]
секілді
зерттеушілердің
монографиялық
еңбектерінде
қарастырылған.
Аталған
ғалымдардың зерттеулері Қазақстандағы халық ағарту ісінің қалыптасуы мен
дамуына арналған.
Революцияға
дейінгі
ұлттық
тәлім-тәрбие
мәселелері
бағытында
Қазақстандағы
педагогикалық
ойдың
дамуы
С.К.Қалиев[25,26],К.Ш.Шаймерденова[27],А.М.құдиярова[28],Т.М.Әлсатов[2],
Ш.К.Жұматаеваның [30] еңбектерінде көрініс тапқан.
Кеңес дәуіріндегі Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірдің дамуына
арналған М.Б.Мадин[31],М.Б.Көккөзова[32],К.К.Камалиева [33], К.Ж.Ибраева
[34],
С.С.Садуақасова
[35],
Р.Н.Көшенова
[36],
А.Б.Тұрсынова[37],
Қ.Қ.Шалғынбаева [38], І.Р.Халитова [39], А.Е.Дайрабаева[40], Т.Ә.Ахметов[41],
Ф.Буланова [42], Қ.Т.Ыбыраимжановтың [43] ғылыми зерттеулерінде тәлім-
тәрбие саласында ағартушылардың мұралары қарастырылған.
Отандық педагогика ғылымын дамытуда, жаңа педагогикалық үлгілер
жасауда, олардың өткен ойларымен сабақтастығын қарауда, төменгі педагог-
ғалымдардың еңбегін айтуға болады. Б.Әбдікәрімұлы [44], М.А.Лигай [45],
С.Кариев [46], М.Құрманов [47], Г.К.Нұртаева [48], Г.Ж.Меңлібекова [49],
Т.Т.Галиев [50], Е.Ө.Жұматаева [51], Қ.М.Кертаева [52], Б.Т.Кенжебеков[53].
Аталған ғалымдар өз зерттеулерінде Қазақстан педагогикасы мен білім берудің
әр түрлі салаларын қарастырған.
Кейінгі жылдары Қазақстанда білім беру жүйесінің қалыптасуы және
дамуы тарихына байланысты бірнеше диссертациялар қорғалды. С.С.Оспанов
[54],
А.Ж.Исмаилов
[55],
А.Р.Анасова
[56],
А.Ж.Мірәлиева
[57],
С.А.Баймұратова[58],А.С.Қыдыршаев[59],А.Б.Елкеева [60], М.Ж.Кұлжабаева
[61], Н.А. Тұсбакова [62], Б.Байменова [63], Б.С.Сарсекеев[64], Р.И.Бурганова
[65],
Ж.К.Тілешова
[66],
А.Б.Тұрсынова[67],
С.Т.Сеңкібаев
[68],
Л.К.Маймакова [69], Ж.Н.қалиев[70], З.Е.Жұмабаеваның [71] және т.б. бұл
ғылыми еңбектерде мәселелер әр түрлі бағыттарда қарастырылады. Осы сияқты
Қазақстанда тәлім-тәрбие тарихы, мұнымен байланысты педагогикалық ой-
пікірлердің түп-төркіні, бастау арналары мен мәселелері отандық ғалымдар
еңбектерінде
де
көтерілген
және
көтеріліп
келеді.
Мәселен,
К.Т.Әбілғазиева[72],
Ж.Т.Баймағанбетова
[73],
А.С.Елемесова
[74],
4
Г.Б.Ещанова
[75],
Қ.Қ.Қоянбаева
[76],
М.Ж.Құрманбаева
[77],
Қ.Қ.Шалғынбаева [78], Г.Қ.Шұғаева [79], Г.Нұрымбетова [80], және т.б.
Аталған ғалымдардың зерттеулері Қазақстан педагогикасының және мектебінің
даму тарихына өз әсерін тигізді. Тарихи-педагогикалық тұрғыдан тереңірек
зерттеу мектептің тарихи-мұраларын байыта түсті.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» [81] заңында, «Қазақстан
Республикасында мәдени-этникалық білім беру» [82], «Білім мазмұнын
гуманитарландыру»[83] тұжырымдамаларында білім беру ісінде жаңа рухани-
мәдени құндылықтарды игеруге, ұлттық сананың қалыптасып өсуіне жағдай
жасауда қоғам мен тұлға арақатынасын, «тұлға мен дәуір қосбірлігінің»
үндестігін талап етеді.
Жалпы жан-жақты дамыған жеке адамды қалыптастыру әрқашанда
болашақ қоғам құрылысының аса маңызды буыны ретінде қарастырылып келді.
Адамзат дамуының санғасырлық тарихында адам баласы жинақтаған бүкіл
тәжірибе тәрбие үрдісінің мазмұнына еніп отырады.
Өткеннің тәжірибесін бойға дарыту, озық өнегелі рухани мұраны
жалғастыру арқылы ұрпақтар сабақтастығының тарихи үрдісі жүріп отырады.
Мұндай үрдіссіз қоғамның өркениетті елдер деңгейіне жетуі мүмкін емес.
Елбасы
Н.Ә.Назарбаев
ұлттық
кеңестің
мәжілісінде
жасаған
баяндамасында (2003ж) «Мәдени мұраларымызды жүйелеп, оларды қалпына
келтіру, сақтау, одан әрі дамыту ісіне кең көлемде білек түре кірісетін кез келді.
ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды түгендеп, жүйелеп, келер
ұрпаққа аманат ету–«Мәдени мұра» бағдарламасының басты мақсаты болуға
тиіс» [84],-деп, болашақ жас ұрпақты тәрбиелеуде қазақ халқының ғасырлар
бойы жинақталған аса бай мәдени мұрасы мүмкіндігінің жоғары екендігіне
айрықша назар аударған.
Қазіргі кезде рухани салада дами түскен адами құндылықтарды қайта
ескеру нәтижесінде ғасырлар бойы жинақталып, өткеннің тарихынан бізге
жеткен тәлімдік мол мұраларды болашақ ұрпақ тәрбиесіне септігін тигізетін
мезгіл туып отыр.
ХХ ғасырдың басындағы бодандықтың бұғауындағы бейқам халықты
өркениеттің өріне сүйреген көсемдердің көзге шалынар басты қасиеті-олардың
қай-қайсысы болмасын жан-жақты «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлғалар болған.
Саяси күрескер, жалынды патриот, әрі ғалым, әрі киелі өнер иесі және өз
мамандықтарының білгірі болуы-халқымыздың маңдайына біткен осы үркердей
шоқ жұлдыздардың несібесі.
Өткен ғасыр басында қалыптасқан қазақтың ұлттық кәсіби саяси элитасы
«халық жауы» деген жасанды жаламен жойылды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің
«Тарих толқынында» атты еңбегінде былай деп жазды: «қазақ халқының кейбір
данышпан перзенттері мен көсемдері тарихтың қарғыс атқан тұзағында
тұншықты, ұлттық амандығы үшін олар тарихтың тәлкегіне көнуге мәжбүр
болды»[85].
Осы бағытта ұлттық педагогикамызда маңызды орын алуға лайықты
еліміздің сонау ХХ ғасырдың 30-жылдары саясаттың шырамауына оралып,
жазықсыз жапа шеккен қазақтың біртуар азаматтарының ағарту ісіне қосқан
5
үлестері егемен еліміздің халқын, әсіресе жас ұрпақты тәрбиелеу негізіне
алынуы тиіс. Сонымен қатар қазақ халқының педагогикалық мұраларын, соның
ішінде
30-жылдарда
саяси
қуғын-сүргін
құрбандары
болған
қазақ
зиялыларының сол уақыттағы ағартушылық көзқарастарын зерттеу, зерделеу-
жұмысымыздың ғылыми-теориялық маңыздылығын арттырады. қуғын-сүргін
құрбандары болған
қазақ
зиялыларының
мұраларының
педагогикалық
негіздерін зерттеу өскелең ұрпақтың зейін-зердесі мен ой-өрісін кеңеюіне және
отандық педагогика тарихын дұрыс түсінуге, оның ауқымын кеңейтіп, жаңа
деңгейге
көтеруге
мүмкіндік береді.
Осыны
ескере
отырып,
қазақ
зиялыларының еңбектерін бағалай отырып, оның бүгінгі оқу-тәрбие үрдісінде
талаптарға сай пайдалану
Достарыңызбен бөлісу: |