Болат әбдікәрімұлы асаубаева ақГҮл кенжебекқызы саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының педагогикалық көзқарастары



Pdf көрінісі
бет2/45
Дата26.07.2023
өлшемі1,25 Mb.
#104812
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
алаш

зерттеу қажеттілігін
туындатады.
Біздің
ойымызша, саяси
қуғын-сүргін
құрбандары болған
қазақ
зиялыларының мұраларының жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеудегі маңызы
мен мәні ерекше екенінде дау жоқ. Демек, құрбан болған қазақ зиялыларының
педагогикалық мұраларының теориялық тұрғыдан жеткілікті түрде зерттелмеуі,
аталмыш мәселенің қазіргі кездегі тағылымдық мүмкінділігінің қажеттілігі мен
оның ұлттық педагогика тарихында жүйелі түрде тұтастай қарастырылмауы
арасындағы
қайшылық
анық байқалады.
Осы қайшылықты ғылыми-теориялық тұрғыдан шешу, саяси қуғын-сүргін
құрбандары болған қазақ зиялыларының педагогикалық көзқарастарының
негіздерін қарастырып саралау, біздің зерттеуіміздің
мәселесін
құрайды.
Сонымен, мәселенің
көкейкестілігі мен оны тарихи-педагогикалық
тұрғыда анықтап, оларды белгілі бір жүйеге келтіру зерттеу тақырыбын
“Саяси
қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының педагогикалық
көзқарастары (1930-1938жж.)”
деп алуымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты:
саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ
зиялыларының педагогикалық көзқарастарын жүйелеп, педагогикалық тұрғыда
саралап, талдау жасау.
Зерттеудің нысаны:
саяси
қуғын-сүргін
құрбандары болған
қазақ
зиялыларының еңбектеріндегі ағартушылық ұстанымдар.
Зерттеудің
пәні:
саяси
қуғын-сүргін
құрбандары 
болған
қазақ
зиялыларының еңбектеріндегі педагогикалық ой-пікірлер жүйесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы:
егер
саяси қуғын-сүргін құрбандары
болған қазақ зиялыларының еңбектеріне тарихи-педагогикалық тұрғыдан
талдау жасалып, оның идеялары айқындалса,
онда
педагогика тарихы
ғылымның қоры молайып, орта білім беретін және жоғары мектептің оқу-
тәрбие жұмысының тиімділігі арта түседі,
өйткені
қазақ зиялыларының
педагогикалық идеялары оқушылар мен студенттердің ұлттық құндылықтарды,
өз елінің тарихын құрметтеу, елжандылық қасиеттерін
қалыптастыруға
ықпалын тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет