165
Қызыл жебе
жарық тіреу жалп етіп құлағандай көрінді.
Қараңғылық қамап
тұрғанда барып, Қатшагүл үйден өлегізген май шамды тұтатып,
есік алдындағыларды кешкі асқа шақырды.
Үйдің керегелері дүниенің өзіндей көпті көрген көне еді.
Дауыл да жыққан, жауын да сіңген. Жосасы кетіп, кәдімгідей
қарайған. Түйенің терісін тіліп түйген
көгі тастай қатып о
да қарайған. Кім білген, әр жерінде жоса бояу қызғылтым-
қызғылтым боп сақталған да шығар. Бірақ үйдің іші күңгірт,
содан да қара бояу басым. Қуыс құлақ түңкеге тоң май салып
мақтадан ескен білтенің бір ұшын сол майға батырып, бір ұшына
от тұтатып қойған.
Үйде отырғандардың бәрінің көз тоқтатары сол майшам. Ағаш
келіні төңкеріп, соның үстіне үйдің ортасына қойыпты. Ортада
бейнебір ауру адам отырғандай, адамдар айнала қоршап соның
тілеуін тілеп, үзіліп кетпесе екен деп жалбарынып жатқандай.
Қатшагүл берген кеспе көжені бәрі бір қара шарадан айнала
отырып ішіп болған соң, Ахат бетін сипап бата қылды. Дастарқан
жиылды.
–
Тарының енді бір суы қалды, – деді Ахат. – Дән тартып,
болып-ақ тұр, енді бір су ішсе, құдай берейін-ақ деп тұр. Ал су
ішпесе, қайдам, күйіп кетер түрі бар. Шиная боп қалар.
– Мына Дауылбайдың әупілдектері ана жолғыдай тағы да
итше шуылдар. Жөнді су ішкізеді дейсің бе, – деп Рысқұл арт
жағына бұрылып шырт түкірді. – Оның үстіне мына бір күміс ер
дегенді тағы шығарды. Өткен жолы да осы ер-тоқымды қалаған,
былтыр да араға кісі салған. Ұмытпайды-ақ екен, дәйіс!
– Е, бұл ұмытпайды, – деп күрсінді Ахат қос алақанын бір-
біріне үйкеп жүресінен бүк түсіп. – Бұл жаман. Буынсыз жерден
пышақ салады. Кешегі Қоқан заманында сарттардың бегімен
қосылып сорушы еді бұның әкесі елді, енді бұл орыстың оязымен
қосылып ойсыратып барады. Көп асқанға–бір тосқан деуші еді,
бұларға дауа жоқ екен де, қызталақ. Бірақ су сұрамасқа амал жоқ,
батырдың ер-тоқымын бере алмаймыз. Сондай тұйыққа тіреліп
тұрмыз ғой.
– Ау, бұл не өзі! – деп Рысқұл Ахатқа қарай сілкіне бұрылған
кезде майшам шалықтап сөніп қала жаздады. – Жер Дауылбайдікі,