Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет84/123
Дата28.07.2023
өлшемі1,34 Mb.
#104870
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   123
Байланысты:
1. Қызыл жебе - I кітап Шерхан Мұртаза (8 сынып)

Қызыл жебе
– Әй, оттама! – деді Рысқұл басын жерден жұлып алып, мені 
мазақтап отыр деп ойлап.
Надзиратель көздей тесіктің қақпағын көтеріп, сығалап ішке 
қарады. Камераның ортасында діңгектей болып әлі тұрған 
Бронниковты, еденде бүк түсіп жатқан Рысқұлды көрді. Ішінен 
риза болды. Демек, екеуінің тұзы жараспаған. Бұл екеуінің 
тістескені керек. Бір-бірімен қырқысқаны керек. Екі тұтқынды 
атыстырып қойса, надзирательдің жұмысы жеңіл болады. Бірін-
бірі әшкерелеп отырады. Бұлардың ауыз жаласып кеткені жаман. 
Құдай содан сақтасын.
Көздей тесіктің қақпағы сырт етіп қайта жабылды. Темір 
тақалы етіктің жан-жүйкені жаныштаған дыбысы алыстап бара 
жатты.
Камераның терезесінен енді мұнар да көшті. Сыртқы 
қарауылдың етігі де қараңдамайды. Еденде жатқан қазақтың да 
бет-жүзі көрінбейді. Төбесі жоқ зынданның түбінде тұрғанда – 
адам ақылынан адаспай, жігерін жоғалтпай, санасы мұнарланбай 
қалуы қиын да шығар. Сондай бір оппаға түсіп кетпестің амалын 
ойлап, Бронников алыстағы қарт анасын, үш бала мен Танясын 
елестен іздеді. Олардан жылдың басында айырылып еді, енді 
міне, жаз ортасы. Тағдыр мұны дүниенің бір қиырына әкеліп 
тастады. Қара дауыл оны осыншама алысқа ұшырып әкетер деп 
кім ойлаған. Енді елге оралу деген үміт тек қиялында жылт-жылт 
етуші еді, ал бүгін күндізгі соқтығыстан кейін тұтқындық мерзім 
ұлғая түспесе, кемімек емес.
«Қайдағы бір қазақтың қора тазалаған баласына несіне 
арашашы бола қалдым? – деп бір ойлап, ол райдан тез қайтты: 
– Әділетсіздік тасыраңдаған жерде мен бейтарап тұра алмаспын. 
Біздің о бастағы ұранның өзі әділетсіздікке қарсы көтерілген жоқ 
па? Содырлы сойқанды көре тұра көз жұмсам, сорлы болғаным 
емес пе?».
Күндізгі қазақ баласы мына тастай қараңғыда көз алдына 
келді. Балғын қанат балапанға қарақұс шүйделі төніп барған кез. 
Жұдырығын түйіп алған қара бала. «Ай, өзі де жүрек жұтқан 
екен. Титтей болып, еңгезердей алпауытты итеріп жіберді-ау. Сол 
сонда әлгі бір түп қызғалдақты надзиратель таптап кетпесін деп 


172
Қызыл жебе 
ышқынды-ау. Апыр-ай, сол бір ғана қызғалдақ үшін шырылдап, 
албастымен алысқанда, сондай сұңқар текті балаға мен неге ара 
түсе алмасқа?».
Осы бір ойдан Бронников иығынан зіл қара тас түскендей 
жеңілейіп қалды. Камераға қамалудың өкініші өшейін деді. 
Мына еденде жатқан қаһарлы қазақ та соншалықты қорқынышты 
емес сияқтанды. Әлі де болса, тіл қатып, көңілін тауып, сөз 
бастау керек деп ойлады. «Тіптен болмай бара жатса, оны көріп 
алармын», – деді.
Кенет балтырының шым-шым ете қалғанын сезді. «Бұл лағнет 
атқыр мұндай тас қапаста қайдан жүр?» – деп таң қалды қандала 
шаққан балтырын қасымақ болып еңкейе беріп.
Қансорғыштар қараңғы болды – шабуылға шыққан-ды...
Балтырын қасымақ болып Бронников еңкейе бергенде, 
жантайып жатқан Рысқұл орнынан барысша атып тұрды. Ананың 
әрбір қимылын аңдып-ақ жатқан екен. Қараңғыда да көре беретін 
қасиетін камера жоя алмапты. Айсыз тастай қараңғы түндерде 
жылқы бағып өскен Рысқұлда үкі тектес құстардың көргіштігі 
бар еді.
Бронников сасып қалып:
– Клоп, клоп, – деді.
Онысына Рысқұл түсінбеді. Бұл түсініспеушілік неге апарып 
соғары белгісіз еді, дәлізден тықыр естілді. Рысқұл құлақ түре 
қалды.
– Тұрар, – деді ол ішінен тастай қараңғыда.
Сарт-сұрт етіп есік ашылды. Надзиратель ішке баланы кіргізді 
де, фонарьдың өлегізген сәулесімен камераның түкпір-түкпірін 
тінткілеп шықты. Ортада состиысып тұрған екі тұтқынды көріп, 
көңілі толғандай, бір жөткірініп қойып, есікті қайта құлыптады.
«Бұл қалай?» дегендей, бала босағада тұрып қалды. Әкесінің 
қасындағы қаба сақалды фонарьдың болымсыз жарығынан 
шырамытқандай ғана болды. «Шыннан сол ма? Маған араша 
түскен адам ба?».
Бронников баланың жүзін жыға танымаса да, күндізгі 
батырының дәл өзі екенін бірден білді. Қуанғаннан дауыстап, 
орысшалап:


173


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет