Қызыл жебе
– Это ты?! – деді.
– Иә, мен, – деді Тұрар да орысша жауап қатып. – Мұнда қалай
келіп қалдыңыз? Ә, түсінікті, түсінікті. Айтпай-ақ қойыңыз.
Маған бола басыңызға бәле тілеп алдыңыз ғой. Кінәлімін мен.
«Түк түсінсем бұйырмасын»,– деп Рысқұл тұр.
– Оу, мұның кім, Тұрар? Нағашың келгендей шүйіркелесе
кеттің.
– Бұл жақсы адам, көке, – деп Тұрар күндізгі болған жағдайды
бастан-аяқ айтып шықты.
– Қайдан білейін, маған әдейі жіберген жансызы ма деп
қалдым. Мың да бір рақмет, тамыр, – деп Рысқұл қараңғыда
Бронниковтың қолын сипалап тауып алып, қатты қысты. – Бұл
орыстардың ішінде де небір азаматтары бар-ау, шіркін! Қарашы,
қорықпай надзирательдің өзіне қарсы шығуын.
Енді Рысқұл жаңа «тамырына» тақтайдан орын берді. Тікесінен
тік тұрып, аяғы талған Бронников, сірә бір төрт қабаттап салған
төсеніштің үстіне отырғандай, рахаттанып жайғаса берді де:
– Хорошо, – деді.
– Тапқан екенсің, қарошоны, – деп күлді Рысқұл. Орыстың
«хорошосын» ол түсінуші еді. – «Қара тас ұйқың келсе болар
мамық» деген осы, тамыр, шыда!
– Что он говорит?–деп сұрады Бронников Тұрардан. Тұрар
түсіндіріп берді.
– Әкең шынында да батыр екен, – деді Бронников. – Сен
күндіз надзиратель айтқандай, бандиттің баласы емес, батырдың
баласы екенсің.
– Не дейді! – деді Рысқұл.
Тұрар қазақшалады.
«Мен сияқты саяси тұтқынға, «Қанды жексенбінің» сойқанын
көрген адамға жігер беріп тұрған бұл, сірә, оңай қазақ емес
шығар».
– Кәне, таныс болайық, менің атым Александр Бронников.
Сенің ше? – деді қаба сақал Тұрарға қарап.
Менің атым – Тұрар. Әкемнің аты – Рысқұл. Күндіз айттым
ғой.
174
Қызыл жебе
– Рыс-кул, – деп буынға бөліп созып айтты Бронников. –
Рысқұл. Ал мұнда қандай жағдаймен келіп қалдыңдар?
– Не дейді? – деді Рысқұл.
– Мұнда не үшін отырсыңдар дейді.
– Е, ол ұзақ хикая де, – деп Рысқұл қисая кетті.
– Е, ол ұзақ әңгіме, – деді Тұрар Бронниковке.
– Түсінікті, – деп Александр баланың иығын сипалап тауып
алып, арқасынан қағып-қағып қойды. – Уақыт көп, құдайға
шүкір жата-жастанып асықпай тыңдап алармын. Ал енді мына
қандаланы қайттік? Мені буып бара жатыр. Сірә, жатырқағаны
ма? Сендерге тимейді-ау деймін өздері?
– Не дейді? – деді Рысқұл.
– Әшейін қандаланы айтады. Буып бара жатыр дейді.
– Сорлының қаны тәтті шығар, – деп Рысқұл мырс етті. –
Таланып көрмеген екен әлі. Айт оған таланғанның көкесі қандай
болатынын. Әй, тамыр...
Рысқұл Бронниковтың тізесіне қолын салды. «Өзінің аяғы да
бураның саныңдай екен-ау»,– деді ішінен.
– Әй, тамыр! Сен қандалаға өкпелеме. Қандала деген не ол!
Атжалманды айт. Атжалманға талатқан жоқ па сені?
– Что он говорит?
Тұрар орысшалап берді.
– Нет-нет! – деп тұла бойы тітіркенгендей болды
Б р о н н и ко вт ы ң .
– Ә, ендеше тыңда. Мына мені осы камераға әкеліп тыққаннан
кейін бір аптадан соң үш атжалман әкеліп қоя берді. Үшеуін де
әбден ашықтырып, жалаңдатып қойған екен, арамдар. Есінде
болсын, тамыр, дүниеде аш атжалманнан аш қасқыр әлдеқайда
артық. Талап жей бастаған кезде шыбын жаның шырылдап,
кірерге тесік таппай сорлайсың. Ұстайын десем ұстатпайды.
Ұрайын десем – таяқ жоқ. Екі қол, екі аяғыңды қашанға дейін
ербеңдетесің? Бірақ мен қулығымды асырдым, атасына нәлет.
Өтірік өлген болып, тырп етпей қалам. Сол кезде атжалман, атаңа
нәлет, аяғыңды қамсыз қарпи бастайды. Шап беріп ұстап аламын,
қолымды талап, қанын судай ағызады. Бір мыжып қалсам – жаны
шиқ деп шығад та кетеді. Әне, тамыр, сондай да болған. Құдай
175
Қызыл жебе
басыңа салмай-ақ қойсын. Күндіз көрсетемін, тамыр, атжалман
салған тыртықтарды.
– Да, хуже не придумаешь, – деді Бронников Тұрардың
аудармасынан кейін – Ал, Тұрар, сен азамат екенсің. Орысшаны
қайдан үйреніп жүрсің?
– Осы түрмеде. Приходько мырзаның балаларынан,
тұтқындардан,
надзирательдерден.
– Кітап оқып, жазу жаза аласың ба?
– Аздап. Приходько мырзаның Наташа деген қызы
көмектеседі. Ал Аркаша деген ұлы менімен қас.
– Қалай болушы еді? Сөйлегендерін есітемін той. Айталық,
күндіз өзіңіз көрген надзирательдің сөзін қалай ұмытарсың...
– А, күндізгі ме? Е, ол бейшара ғой. Сен білесің бе? Оның
өзі де тұтқын. Бірақ надзиратель етіп қойған. Егер қызметін
неғұрлым қатал жүргізсе, соғұрлым оның еңбегі бағаланып, жаза
мерзімі қысқарады. Түрмеден ерте босатылады. Ал, кейбіреулері
бостандық алғаннан кейін де өз еріктерімен түрме қызметінде
қала береді. Күндізгі екеуміздің досымыз дәл сондай сорлы. Жә,
оны қоялық... Сенің оқуыңды қалай етсек екен? Сен көп нәрсе
білуге тиіссің, бауырым. Сен білуге тиіссің. Ұқтың ба? Көп, көп
білуің керек сенің!
Достарыңызбен бөлісу: |