Технологиялары



Pdf көрінісі
бет9/57
Дата28.07.2023
өлшемі2,79 Mb.
#104886
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57
Байланысты:
База данных

Қызметті құрамдас бөлігінде
келесі Мәліметтер сақталады: 
-
Жазбаны идентификациялау белгісі; 
-
Жазбаны жою белгісі; 
-
Жазбаның элементтерінің көрсеткіштері; 
-
Жазбаның ұзындығының идентификаторы; 
-
Жазба элементтерінің мәндерінің кодтары; 
-
Жазбалар арасындағы құрылымдық ассоциациялар орнату белгілері. 
Қолданбалар жазбаның қызметті құрамдас бөлігіне қатынай алмайды.
Сақталған жазбаның 
ақпараттық құрамдас бөлігі
Мәліметтердің мәндерін 
сақтайды.
Сақталған жазбаның элементтерін орналастырудың, басқаша жазбаның 
форматының бірнеше түрлері бар. Олар: позициялық, бөлгіштерімен, 
индекстелген және сипаттауыштарымен қамтылған. Келесі суретте «Студент» 
кестесінің логикалық жазба құрылымы көрсетілген. 
FIO 
PREDMET 
DATA 
STIPENDI

OCENK

50, С 
10, С 
8 D 
1 L 
2, N 
Асылбекова 
Мөлдір 
Мәліметтер қоры 
теориясы 
17.05.1

.Y. 
90 
Сурет 3.3.1 – «Студент» қатынасының логикалық жазба құрылымы 


31 
Позициялық жазба форматы
: элементтер типтері көрсетілмейді, тек 
міндер сақталады. Өрістер ұзынды белгіленген, ол дегеніміз әр жазбада 
элементтер позициясы өзгермейді және жазбаның құрылымында берілген 
позициямен бірдей. Барлық жазбалар ұзындығы бірдей. Бұл форматтың 
қолданылуы тімді Мәліметтерді іздеу әдістерін қолдануға ыңғайлы, бірақта 
компьютердің жадысы тиімді қолданылмайды. Элементтердің мәндері 
белгіленгеннен аз болса да оларға алдын ала бекітілген ұзындық бөлініп, 
толмай қалған позициялар бос орынмен толықтықтырылады. 
Бөлгіштермен қамтылған жазба форматы
: жазба ұзындығы айнымалы. 
Жазба элементтері бір бірінен таңдалған симфол арқылы бөлініп тұрады. 
Мысалы, # символын алдық дейік. Бұл жағдайда физикалық жазба түрін 
келесідей көрсетуге болады: 
Асылбекова Мөлдір#Мәліметтер қоры теориясы#17.05.19#Y#90 
Бұл форматты қолдану жадыны үнемдеуге мүмкіншілік береді, бірақта 
жылдам Мәліметтерді іздеу алгоритмдерін қолдануға шектеулер енгізеді. 
Индекстік жазба форматы
: жазба элементтерінің позицияларын көрсету 
үшін жазбаның қызметтік құрамдас бөлігінде орналасатын көрсеткіштер 
массивін қолданамыз. 
Бұл форматтың өнімдік көрсеткіштері алдыңғы сипатталған бөлгіштер 
арқылы сипаттау форматымен сәйкес келеді.
Сипаттауыштармен қамтылған жазба форматы: егерде жазба элементтері 
өте көп, сақталатын мәндер көптеген жазбада жоқ және де тек қана мәндері бар 
элементтерді сақтау керек болса осы форматты қолдану ыңғайлы.
Мысалы, студенттің аты жөні және оқитын пәні белгілі, ал стипендия 
алатыны, емтихан уақыты, бағасы белгісіз болса, келесі сипаттауыштар 
енгізуге болады: 
Сипаттауыш F fio = Студенттің аты жөні элементіне 
Сипаттауыш P predmet = Пән атауы эдементіне 
Сипаттауыш D data= емтихан тапсыру элементіне 
Сипаттауыш S вместо Stipendia = стипендия алу/алмау элементіне 
Сипаттауыш O вместо Ocenka = баға элементіне. 
Бұл жағдайда жазба форматы келесі түрде көрсетіледі: 
F Асылбекова 
Мөлдір P Мәліметтер қоры теориясы. 
Сақталатын жазба форматтарынан басқа нақты Мәліметтердің мәндерін 
кодтау да маңызды болып есептеледі. Әр элементтің символы таңдалған кодтау 
жүйесінде биттер тізбегіне ауыстырылады. Бірнеше кодтау жүйелері бар: ASCII 
(американдық) жүйе, халықаралық, өрістік код тағы с.с. Мәліметтердің алатын 
жады көлемін қысқарту мақсатымен бірнеше Мәліметтерді қысу амалдары да 
қолданылады: аббревиатура қолдану, нөльдерді азайту және т.с.с. Немесе, 
жазбаларды сақтау мақсатымен белгіленген ұзындығы бар жады жерлерді 
тағайындау (экстенты)-кластеризация қолдану. Кластеризация байланысты 
Мәліметтерді жақын жерде сақтап қатынауды жылдамдату амалы деп есептеуге 
болады.


32 
3.4
Мәліметтер базасын қолданудың архитектуралық шешімдері 
Мәліметтер қорын қолданудың архитектуралық шешімдеріне тоқталсақ
тәжірибеде клиент-серверлік үлгісіне негізделеміз. Осы екі негізгі 
компоненттердің қызметтері, байланысатын технологиялары, әр компонентті 
құрайтын құрылғылар мен бағдарламалардың түрлері мәліметтер базасының 
даму 
кезеңдеріне 
сәйкес 
өзгеріп 
отырады. 
Дегенмен, 
айтылған 
компоненттерінің базалық міндеттерін былай сипаттауға болады. Сервер 
компонентінің міндеттері: 

 
Орталықтандырылған мәліметтерді сақтау; 

 
Мәліметтер базасын қолданушылардың құқықтарын қадағалау; 

 
Қолданушылардың сұраныстарын орындау; 

 
Клиент компонентіне сұраныс нәтижелерін жіберу; 

 
Сервердің өз компонентерінің жұмысын параллельді ұйымдастыру, 
істен шығу жағдайларда резервтік жүйелерді қолдану. 
Клиенттік компонентінің міндеттері: 

 
Ақпараттық қажеттіліктерді анықтау; 

 
Серверге сұраныс қалыптастырып жіберу; 

 
Сұраныс нәтижесін талдау; 

 
Ақпараттық жүйенің дамуына ұсыныстар қалыптастыру. 
Мәліметтер қорымен басқару жүйесінің архитектурасы – оның негізгі 
функционалдық құраушыларының жиынтығы. Сонымен бірге осы құраушының 
мәліметімен және қолданушымен, жүйемен өзара әсерлесуін қамтамасыз ету 
құралдарын айтамыз. Мұндай жүйелер архитектураның негізінде жатқан 
мәліметтер қорымен басқару жүйесінің атқаратын қызметінің ең негізгі біреуі 
Мәліметтер абстракцияларының мүмкіндігін қамтамасыз ету. 
Мәліметтер қорымен басқару жүйесінің ұсынатын Мәліметтер механизмі 
мәліметтер қоры деген екі тәуелсіз көзқарасты айыруға, қолдануға мүмкіндік 
береді. Яғни Мәліметтерді логикалық бейнелейді. 
1.
Қолданушы көзқарасы мен Мәліметтерді сақтауда ұйымдастыруын 
сипаттайтын физикалық бейнелуі. 
2.
Жүйе көзқарасы. 
Мәліметтер абстракциясының қандай бір деңгейлік қолдануға қызмет 
ететін 
мәліметтер 
қорымен 
басқару 
жүйесінің 
функционалдық 
құраушыларының механизмі архитектуралық деңгейі деп аталады. Ол келесі 
деңгейлер: 
-
Қолданушыларға анағұрлым жақын – 
сыртқы деңгейі
, яғни бөлік 
қолданушыларға Мәліметтерді бейнелеу әдісімен байланысты. 
-
Концептуалдық 
деңгей
қолданушының 
жалпы 
көзқарасымен 
байланысты. 
-
Ішкі деңгей
физикалық сақтауға жақын деңгей, яғни физикалық 
құрылғыларда ақпаратты сақтау әдісімен байланысты. 
Мәліметтер қорымен басқару жүйесінің үш деңгейлі архитектуралық 
моделінде сыртқы деңгейі әр түрлі пайдаланушылардың олардың 


33 
қолданылатын, пайдаланылатын тілдерімен бірге қолданбалы программалық 
кешеніне қалыптасқан көзқарасын құрайды. Пайдаланушылардың түрлері 
бірнеше болып кездеседі. Пайдаланушылардың категорияларын және оларға 
сәйкес жұмыс жасау құралдарын (тілдерін) келесі кесте түрінде көрсетіп өтейік: 
Кесте 4.3.1 Мәліметтер базасын пайдаланушы түрлері 
Пайдаланушы 
категориясы 
Тіл атауы 
Жұмыс түрі 
1. Пәндік аймағының 
маманы 
(бухгалтер, 
менеджер және т.с.с) 
Интерфейс 
(экрандық, 
диалог формалары, меню 
түймешелері) 
Қолданбалы есеп шығару 
(талдау жүргізу, есеп беруді 
шығарып алу т.с.с) 
2. Оператор 
Интерфейс 
Мәліметтер енгізу (кірістік 
құжаттардан) 
3. Программист 
Программалық 
тілдер 
(программа 
жазуға 
арналған құралдар: Visual 
Basic, Visual FoxPro, Visual 
C++, Delphi т.с.с) 
Қолданбалы 
программа 
құру, жазу. 
4.1Жүйелік 
администратор 
Операциялық 
жүйелер 
тілдері (Windows, Unix, 
MS-DOS т.с.с) 
Операциялық жүйелердің 
мінездемесінің қолданбалы 
программаның жұмысына 
қолайлығын бейімдеу 
4.2 Мәліметтер қорының 
администраторы 
Мәліметтер 
қорына 
сұраныс жүргізу тілдері 
Реальді 
ақпараттық 
жүйенің 
өзгерісін 
мәліметтер 
қорында 
сәйкесті 
өзгерісінің 
саясатын басқарады 
Мәліметтер қорын басқару жүйесінің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет