Б. Құндақбайұлы
«ҚАРАКӨЗ»
(
Тарихи негізі
)
Әдеби зерттеудің құлақ күйі – көркем шығарма. «Қаракөздің»
жазылу тарихын, прототиптік сыпатын, автордың шығармашылық
психологиясын саралау барысында М. Әуезов шығармаларының
көркемдік жинақтауында бұрын-соңды кездеспеген тәлім бар екендігі
байқалды. Ілгергі дүниелердегі сюжеттік желіге өмірде болған бір
ғана оқиғаның көзінен арна алатын көркемдік шешім мен жазушының
өз басынан кешірген сезімдері негіз қаласа, «Қаракөзде» мүлдем то-
сын тәжірибеге көшкен. Рухани тебіреніс, поэтикалық буырқаныс
тұрғысынан өзінің жан дүниесіндегі сырын «төккенімен де», пьесаның
сүйегін құраған жайлардың өмірлік деректері тарау-тарау тарамдарға
тартады. Егер нақты прототиптік шындықты іздесек, онда ол біреу
емес, екеу емес, үшеу емес, төрт түрлі тағдырдың тамырын қосады.
Әрбір оқиғаның жаңғырығын бір-біріне тели отырып, көңілінде ек-
шеп, солардың барлығына ортақ әуен мен сарын тауып, тебірене жыр-
лайды. Тіпті, «Қаракөздегі» басты кейіпкер жеке адам емес, «асықтық
пен ақындық құмарлығы билеген биік сезім». Мұхтардың өзі осын-
дай деп баға бергендіктен де болар, ұсақ-түйек тұрмыстық тіршілікті
қазбаламаған. Қажет деп таппаған. Сырым мен Қаракөз де, Нарша да,
тіпті қарама-қарсы екі топтың үлкен-кішісі, еркек-әйелі, сал-серісі
сол сайраншыл көңілді түсіне отырып, өздері қаһармандарымен бірге
күрсінеді. Бәріне ортақ «қайғы-зар» бар, бәріне ортақ «асықтық пен
ақындық» бар. Сол «жекебастың күй шерінен бастап барып, көп
мұңдар, жылаулар күйіндегі азапты ұғынуға, халықтық қайғы-қамды
ұғынуға беттеген шабытты көрсетпек.... Қайғы-қасірет қазасынан
туған ызалы шабытты бейнелеген».
Бүкіл шығармадағы ақыл-ой азабы – екі уыз жастың арасындағы
ақындық албырттықпен тұтасып кеткен сезімдерін даттамай, олардың
осынау нәзік те оғаш қылықтарына қарғыс жаудырмай, аяныш таны-
тып, ақтап алу жағында. Туыстық қаннан гөрі пөк мінезді аялай жыр-
лайды. Мұхтар нені меңзеп, кімді көрсетіп, кімді ақтап отыр? Кәмилә
413
мен екеуінің арасындағы «немерелестікті» ойдан құрап, жауыздық
пиғылмен таратқан ғайбатшыларға жан тазалығын паш етіп, жалпы
ғашықтық сезімнің кез келген тіршілік ұғымынан биік әрі қатерлі
екенін айтқысы келді ме? Кейіпкердің атын Сырым қоюы – «Бұл менің
сырым, жан сырым, сіздерге айтар сырым» еді деген ишарадан туған
жоқ па? Мұның барлығы – әр адамның сана арқылы тұспалдайтын
түйсігінің еркіндегі ілхам.
Егер де «Қаракөздің» екінші нұсқасында шығарманың алғашқы
реңін әлсіреткен, «сал-сері, бұлаң жігіт, кермарал ерке тотылардың»
аяқ астынан әнін де, сәнін де ұмытып, зарлай жөнелуінің мәнісі
ашылмай қалатындай көмескі қалған көркемдік себеп болса – ол
осы туыстық қарым-катынас. Мұхтар Әуезов екінші нұсқадағы алғы
сөзде: «Шығарманың ерте күндегі қателіктерін жойып, жаңғырған
жаңа вариантын алдарыңызға ұсынамын», – дегендегі қателіктің
үлкені, серілер сахнасы, прологы болса, екіншісі осы немере
адамдардың ғашықтығы еді. Кейінгі нұсқада Сырым мен Қаракөздің
арасы «алты атаға» шегеріледі. Бұл орайда кінәні жазушыға артудың
еш қисыны жоқ. Ол өзгертулер 1932 жылғы 10 шілдедегі «Социалды
Қазақстан» газетінде жарияланған ашық хатындағы: «Менің өткендегі
жазушылық қызметімнің айқын белгілері «Еңлік – Қебек», «Қаракөз»
сияқтылары еді. Бұлар бүгінгі төңкеріс дәуірінен алыстағы қазақ
салтын көрсетумен қатар, өздерінің екшеліп алынған тақырыптары
бойынша төңкеріс тематикасынан әдейі аулаққа жайылып кеткендікті
және ұлтшыл жазушылардың табына кеткендікті білдіретін нәрселер»,
– деген сөзінен соң жасалды.
Тұрпайы социологиялық сын махаббаттың өзінен таптық астар
іздеп, көркем өнердің шарттары мен заңдылықтарын назардан тыс
қалдырған кезеңде, тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл ел көлеміндегі
өнер иелері сыртқа қақпайланды. Сергей Есенин, Владимир Ма-
яковский, Алексей Толстой, Анна Ахматова, Марина Цветаева
тағдырларына да салқыны тиіп еді. Өзгені былай қойғанда, махаб-
бат мәселесінің өзіне «өшпенділікпен» қарап, Қаракөз бен Сырымды
жазаға тартуға шақырды. Екеуінің ғашықтығы «қылмысқа» саналды.
«Еңлік – Кебектен» артықшылығы болмаған Қаракөз бен Сырымды
екі ру бірігіп неге ат құйрығына таңбайды. Оның үстіне, Сырым мен
Қаракөз қазақ елінің тарихында болмаған істерді істеді, бір әкенің
балалары. Бір-біріне ашық болып, жігітшілік жөнінде масқара бо-
лып отыр. Ол күндегідей елге мұнан артық өлім бар ма, бұл екеуін
ат құйрығына тағуға ол күндегі қандай ру қарсы болды. Қайта қыбы
қанбай ма?... Тіпті қазір де заңда жол бермейді ғой. Тіпті ерте мезгілде
414
қазақта мұндай оқиға болғанына кім сенеді. Жазушы оны немен
сендіреді? Кітаптың ең негізгі орны, негізгі оқиға осы екеуінікі болса,
қазақ еңбекшілерінің жаңа жұртшылығына мұнан қандай пайда, үлгі
алатын жеміс күтуге болады?» – деп жазғырды Орманбайұлы. «Өзінің
ағасына ашық болып, көрінер көзге екі рудың намысын аяққа басқан
Қаракөзді Нарша неге тып-тыныш алып жүре береді... Қаракөзді
оң жаққа тастап кетіп, екі ел болып неге сөзге келмейді, екі елдің
күшімен Сырымды ұстап, Қаракөз бен Сырымға Еңлік–Кебектің керін
неге келтірмейді... Мұндай оқиға ол күндегі қазақ дәстүрінде ешбір
уақытта болғандығы жоқ, болғандығына «Еңлік–Кебек», «Қалқаман–
Мамыр» дәлел бола алады. Қаракөз болған да шығар. Бірақ басқаша
болар. Ол күндегі қазақтың ру заңынан сырт болуы мүмкін емес».
Қаракөз сияқты бұзылып барған әйелді «ит көзі түтін танымай-
ды» қылып ит қорлықпен жер-ошақ басында өлтірмей ме?! Жазу-
шы Қаракөзді былай етіп көрсетпейді, қайта Қаракөз барған жеріне
айыбының үстіне үстем болады», – деп те ақыл береді.
«Қаракөздегі» оқиға желісі өрбитін негізгі ұйытқы анықталды.
Бас ты себеп – немерелес уыз жастардың туысқандық шекарадан ат-
тап өтіп, ағайын дықтан ашықтыққа, асықтыққа жетелеуі. Көркем
шығарманың өмірлік дерегін, демек, осы «немерелес ғашықтардың»
айналасынан іздеу керек.
Олар кімдер? Қай заманда өмір сүрген? «Қаракөз» трагедиясын-
да сол оқиғалар қалай тұжырымдалып, жинақы бейнеге ұқсап, бір
шығармаға біріктірілген. Мұхтар Әуезов сол оқиғамен қалай таны-
сты? Міне, осы жайларды оқырман назарына ұсына отырып, салы-
стыра талдап көрейік.
Қарт Шыңғысты мекендеген адамдардың тағдыры М. Әуезов
шығар ма шылығында ерекше дара, оқшау орын алады. Америка
жұрты Нобель сыйлығының лауреаты Уильям Фолкнерді Миссисипи
штатының «меншікті қаламгері» десе, Мұхтардың да «Шыңғыстаудың
жыршысы» деп аталуға толық хақысы бар және заңды да. Бұл
«Абай жолы» эпопеясын қоспағанның өзінде, классикалық әңгіме,
драмаларының өзінен-ақ анық айшықтанады.
«Қаракөз» трагедиясы да сол өңірдегі, оның ішінде, ұлы
жазушының өзі араласып өскен Абай аулы төңірегіндегі оқиғалардың
негізінде өрбіген. Трагедиялық тағдырлардың себеп-сырын жеткіншек
жасынан жүрегіне тоқыған М. Әуезов Құнанбайдың Айғыздан
туған офицер ұлы, Абайдың тетелес інісі Халиолла Өскенбаевтың,
сондай-ақ, сол Құнанбайдың Қүңкеден туған немересі, сал-сері Әмір
Құдайбердиевтің, ІІІаған өзенінің сағасындағы Ғалия мен Ниязбек
415
атты ғашықтардың және «... жазушының өзі басынан кешіп, куәгер
болған» бір оқиғаны «Қаракөзді» жазу кезінде пайдаланған. Зейін
қойып, назар аударған жанға қай көріністің қай оқиғаға қатысты
екендігі оңай аңғарылады. Пьесаның алғашқы нұсқасында Қаракөз
бен Сырымның немерелестігін тағы да еске саламыз. Оны баса
көрсетудегі мақсатымыз талдау барысында анықталады. Сонымен...
Бірінші прототип:
Өткен ғасырдың екінші жартысында аға сұлтан Құнанбай өзінің
ұлы Халиолланы орысша мектепке береді. Ол 1859–1867 жылдары
Омбыдағы Кадет корпусында, кейін 1867–1868 жылдары Мәскеудегі
III Александр атындағы әскери училищеде оқып, офицер шенін ала-
ды. Халиолла Шоқан Уәлихановпен таныс. Өйткені оның інісі екеуі
бірге оқыған. Және Уәлихан мен Құнанбай да өзара жақын қарым-
қатынаста болған. Халиолла демалыс кезінде Шыңғысқа бара жатып
Семейдегі Тінібайдың немере қызы Айғанымды ұнатып, көңіл қосады.
Тінібайдың екінші ұлы Меңдібайдың әйелі – Құнанбайдың қарындасы,
Халиолланың әпкесі. Бірақ Айғаным Меңдібайдың басқа әйелінен туа-
ды. Яғни, қандық жақындығы жоқ. Біз тарихи мәліметтерді толығырақ
беру үшін екінші бір жорамалды да ұсынамыз. Онда Құнанбайдың
кенже қарындасын Тінібайдың өзі тоқалдыққа алған. Халлиолла
Тінібайдың бәйбішесінен туған қызға ғашық болады. Шариғат жолы
бойынша Тінібай да, Құнанбай да Халиоллаға қарсы болған делінеді.
Қалай болған күнде де бір шындық анық. Ол – Халиолланың әпкесі
Мәкіш Тінібайдың үйінің босағасын аттаған. Халиолла сол Мәкішті
тоқалдыққа алған адамның бәйбішесінің қызына ғашық болған.
Егер Халиолланың 1868 жылы офицер шенін
1
алғанын ескерсек,
онда оның Айғанымға ғашық болғаны 1868–1869 жылдың қысы еді де-
генге саяды. Біз Айғаным – Меңдібайдың қызы, Мәкен – Меңдібайдың
әйелі дегенге жүгінеміз.
1
, Әйтеуір әке жағынан немере туыстығы бары
рас. Оқиғаның ұзын-ырғасы былай.
Қысқы боранды-шашынды уақытта әке-шешелерінің рұқсат
берімейтінін білген қос ғашық жасырынып қаладан қашып шығады.
Халиолланың қасына Әнет руынан Мырзақан есімді адам ереді.
Қыздың ағайындары соңдарынан қуады. Олар адастырып кетеді.
Ұстай алмасын білген соң Семейден әскер жалдап, соңынан салады.
Шыңғыстың сілемі Тасбөгетке жеткенде, әскердің қарасы көрініп,
жақындап қалады. Қыз бен жігіттің шанаға жеккен аты болдырады.
Сонда салт атты Мырзақан:
– Қызды маған бер. Мен бұта-жыраны сағалап құтылып кетем. Ал
өзіңе түк те істемейді, әкел, – дейді.
416
Халел (Халиолла –
Т. Ж.
) шанадағы қызды көтеріп алып, жақындай
бере кілт тоқтайды.
– Әй, Мырзақан, қалыңдығын ат артына мінгестіріп жіберді де-
ген жаман атаққа қаламыз. Мұнымыз болмас. Не жазса да көрелік.
Жүрегіміз бір, серттен таймаймыз,– дейді.
Сөйтіп екі ғашық қолға түседі. Екеуін абақтыға қамап, сот ісін
қозғайды. Ел ішінде де үлкен тартыс туындайды. Құнанбай мен
Тінібай бірі ұлын, бірі қызын жазаға тартады. Тек Абай ғана ара
түседі. Сот кезінде қыз сөзінен, сертінен таймайды. Абақтыда отырса
да мойымайды. Халиолла да зар-мұңын шағады. Қатал үкім орында-
лады. Екеуін қоспайды. Құнанбайдың қаталдығына, қатыгез мінезіне
ренжіп әрі ғашығынан айырылған Халиолла ауылға соқпай, сол
бетінде Омбыға кетіп қалады. Қыз бен екеуі өлеңмен хат жазысып-
ты. Ағайындарының қорлығы мен қоқан-лоқысынан қатты азап ше-
гіп, шошынып қалған қыз шерменде күйге шыдамай есінен адасады.
Оның қыз ба ауруға шалдыққанын естіп, өзі де құсаланып Халиолла
1870 жылы 2 шіл деде қайтыс болады.
Өлер алдында Абайға хат жазыпты Халелдің бір хатын академик
Ә. Марғұлан Ленинград университетінің профессоры Березиннің
архивінен тапқан –
Достарыңызбен бөлісу: |