Гімелер, аудармалар



Pdf көрінісі
бет2/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106
УДК 821.512.122 
ББК 84 Қаз-7
ISBN 978-601-294-145-6 (3-том)
ISBN 978-601-294-142-5
© М.О. /уезов атындағы /дебиет 
және нер институты, 201
4
4


Мақалалар



5
«ҚАЗАҚ РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАЗАҚСЫЗ ҚАЛАДЫ...»
(Қазақ Орталық атқару комитетінің 1921 жылғы 10 
желтоқсан күнгі ашаршылық туралы кеңестегі сөзі)
Қырдағы аудандардың аштыққа ұшыраған тұрғындарына 
нақты көмек көрсетуді ұйымдастыру туралы М. Әуезовтің ба-
яндамасы тыңдалды. Әуезов жолдас аштарға көмек көрсету 
ұйымдарының аяғы әлі қыр еліне жеткен жоқ. Олардың таяу 
арада жетуі де неғайбыл екенін айтты. Әуезов оның себебі мы-
нада деп көрсетті:
1. Ауылдардың тікелей өзімен араласа отырып, олардың 
мұқтаждықтарын анықтайтын бұл саладағы міндетті атқаратын 
қызметкерлер жоқ. 2. Аштыққа ұшыраған қазақтар нақты бір 
жетекші адам болмаса, олар аштарға арналып мемлекет та-
рапынан бөлінген сыбағаның өзіне де қол жеткізе алмай-
ды, өйткені қазақтар бір үзім нан үшін жат жерде қол жайып 
қаңғып жүргеннен гөрі үйінде өлгенді артық санайды, тіпті 
көмек сұрап ел кезе қалған күннің өзінде де қараңғы, аңқау 
қазақ оларды өз бетімен іздеп таба алмайды, көмекке қолы 
жетпейді. 3. Жергілікті жердегі аштарға көмек көрсету ұйымы 
қолтығының астындағы, яғни жақын жердегі қалалар мен қала 
маңындағы селолардағы күйзелгендерге ерекше қамқорлық 
жасауға тырысады, сондықтан да қаладан шалғай орналасқан 
қазақ ауылдары үнемі кейінге ысырылып қалады. Шындығына 
көшсек, ашаршылық жайлаған қырдағы елдің қырылғанының 
жанында, қаладағы аштықтың үрейлі көріністері ойын сияқты 
әсер етеді. Егер де бұл аудандарды аштықтан құтқару үшін дәл 
қа зір шұғыл түрде шешуші шара қолданылмаса, онда Қазақ 
Республикасы қазақсыз қалады. Көптеген аудандардағы қазақ-
тар көптен бері тек қана көртышқанмен, тышқанмен, суырмен, 
тағы сол сияқты ұсақ жәндіктермен өзегін жалғауда, соның 


кесірінен әртүрлі жұқпалы аурулар мен індеттер естіп-білмеген 
деңгейде таралып барады.
Мұның барлығы аштарға көмек көрсету ұйымдарының қыр 
еліне жаны ашымайтындығын, оларға немкетті қарайтындығын 
көрсетеді, сондай-ақ осындай қасіретті өртті өшіруге қазақ 
қызметкерлерінің де бейғамдығы байқалады. Өкімет басында 
отырған қазақ қызметкерлері, бұл істі дәл осы күйінде қалдырып 
қоюға болмайтыны өз алдына, бұл – сіздер үшін қылмыс, біз 
бұл үшін қазақ елінің алдында, өзіміздің арымыздың алдында 
жауаптымыз.
Баяндамасының соңында Әуезов жолдас қырдағы 
аудандарға, аштарға көмек көрсету шараларының жоспарын 
ұсынды, жарыс сөз бен талқылаудан кейін ішінара өзгерістер 
мен толықтырулар енгізілген соң бұл ұсыныс қаулының негізі 
етіп алынды.


7


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет