61
Бұл қалып жалғыз ғана қазақтағы емес, жалпы жер үстіндегі
еңбекші таптағы қалып, мұның мәнісі – өнер-білімнің жалпы-
ланып орнына жұмсалмағаны. Түрлі тарихи себептермен өнер-
білім жалпы өндірушілер қолында емес, өндіртушілер қолында
болған. Бұдан өнер-білімнің жалпы еңбекшілер тұрмысының
оңдалуына әсері болмаған, не кем болған, қатта зиянды болған.
Бұл қалып өнер-білімнің толық дамуына да зор кесел боп
келген. Енді тұрмыс жөндеу жолын жалпыландыруды негізге
алып отырған Кеңес үкіметі өнер-білімді де жалпыландырып
еңбекшінің тұрмыс жүзіндегі құралы қылмақ. Екінші түрде
айтқанда, өнер-білімді өзінің негізгі жолына салмақ.
Осы мақсатпен журналымызға өнер-білім бөлімін кіргіз-
бекпіз. Әрине, өнер-білімді қолданып кеткендей танудың жолы
мектеп жолы, әсіресе жоғары дәрежелі мектеп. Бұл жағынан да
шара қолданылмай жатқан жоқ. Алматыда арасына жыл сал-
май бірінің артынан бірі екі жоғары дәрежелі мектеп ашылып
та отыр. Ол өзіне басқа журналдың мақсаты өнер-білімді мек-
тепше жіпке тізгендей қылып тарту емес, тек негізгі жүйесімен,
келе жатқан бағытымен кезінде таныстырып отырмақ.
Жаратылыстың өзі қандай кең болса, құшағы сондай кең. Бір
журнал арқылы оны тұтас шолу мүмкін де емес.
Сондықтан аса бір негіздісі болмаса, журналымызда өнер-
білімнің қазақ тұрмысына өте ділгер жағынан ғана мағлұмат
беріп отырмақпыз. Біздің ойлауымызша, қазақ тұрмысына
ділгер ауыл шаруасы, денсаулықпен байланулы өнер-білімдер
болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: