Гімелер, аудармалар



Pdf көрінісі
бет9/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   106
маскалар коме
-
диясы
деп те атайтын. Италияның осы комедиясынан кейінгі 
замандардың театрында осы күнге шейін сақталып келе жатқан 
екі тип бар. Оның біреуі – Арлекин, екіншісі – Пьерд, бұл екеуі 
маскалар комедиясында жаңағы екі қызметкер болатын. Итали-
яда Арлекин ақымақ қызметкер еді. Бірақ комедия де Льертенің 
үлгісі французға көшкенде, Арлекин өткір, сөз тапқыш, шешен 
болып кетті.
Италияның комедиясы артистік ақын сияқты өнерлі болуын 
керек қылушы еді. Сол шартты Италиядай зейінді, туысы өткір, 
шешен елдің орындауына әбден жараған. Комедияның негізі, 
көбінен, елдің өз аузында жүрген күлкі әңгімелерден туды. 
Қазақ өмірінен мұндай күлкі әңгімелердін мысалын іздесең, 
Алдар көсе, Жиренше шешен, я болмаса, бергі замандағы 
Торсықбай, Айдарбек сияқты көп күлдіргі қулардың әңгімелері 
әбден үйлесуге болады.
Жаңа заман театрының басы осы сияқты ел күлдіргісінен 
басталған. Осыдан кейінгі сатысында жаңа заман театры 
ғылым, өнердің үлкен жолына шыға бастады.
Күнбатыс Еуропаның ірі мемлекеттерінен атақты драматург-
тер, ірі жазушылар шықты. Бұлардың, драмалары сарайдың сал-
танатты театрының жолымен кеткен жоқ. Түгелімен бұрынғы ел 


29
өнерінде белгі беріп келе жатқан, орныққан, өсіп-өніп барлығы 
да өз елдеріне салт театрын, халық театрын жасап беріп, елін 
өнерге жетектеп әкелгендей болды. Испанияда «ақындық негізі» 
деп аталған Лопе де Веганың салт театрын түзеді, ағылшында 
Шекспир, Германияда Ганс Ракт, Францияда Мольер – барлығы 
да өз елдерінің өмірімен, салт-санасымен, әдет-қалпымен нық 
бай ланысқан «Бытовой реалистический театрды» жасады. 
Осы айтылатын ірі ақындар, ірі жазушылар шыққан соң, театр 
өнерінің бет-бағыты нығайып, қалыптанып, енді іргесі мықты, 
өнер атын алып, дүние майданында бірден-бірге тарап жайыла 
бастады. Бұлар – театр өнерінің, драмашылдық өнерінің тари-
хында асқар тау сияқтанып тұратын ұлы тұрғылары. Кейінгінің 
көбі талай ғасырлар өтсе де, солар ңұсқаған бет, солар көрсеткен 
жол, солар берген үлгіден шетке жайылған жоқ, адасқан жоқ. 
Бірақ Шекспир, Лопе де Вегалар заманы туралы айтылатын бір 
сөз бұлардың тұсында театрдың ішкі мағынасы сияқты болған 
пьесалар қалыптанғанмен, театрдың өзі олардың кезінде XVI 
ға сырда Англияның патшасы Елизавета деген әйел болатын.
Ағылшын театры Шекспир мен Елизаветаның тұсында бұрын-
ғыдан көп ілгерілеп, көп ірілеп кетті деп тарих айтады. Бірақ 
бүгінгі күнде Шекспирдің Гамлетін ойнап жүрген театр мен ол 
замандағы театрдың жайын салыстырып көрсек, ескі театр дың 
таңғалдыратын үлгісі көрінбейді. Ең әуелі мұнда да ойын күн-
діз болатын. Театр – төбесі ашық, түсетін жарық сәуле – күн 
сәулесі. Сахнада бүгінгі театрдағы шымылдық, декорация, ку-
ли са деген болмайды. Оқиға күндіз болса, көк кілем ілінеді, 
түнде болса, қара кілем іліп қояды. Осы сияқты сахнада бір 
нәр сенің суретін көрсету керек болса, болымсыз белгісін қоя-
ды. Одан арғысын жұрт өзі ұғуы керек. Мәселен, бір түйір 
шым ға екі ағашты шаншып әкеп қойса, оны бақша деп білу 
керек. Оқиға бақшаның ішінде болатынның белгісі. Патшаның 
сара йын көрсетудің орнына тақты әкеп қояды. Шіркеуді көр-
се ту дің орнына, шіркеуде намаз оқитын орындықты қояды. 
Шекс пир заманындағы театрдың табысы – бұрынғы бір сахна 
үстінен екінші бір сахна жасалған. Егер әңгіменің ішінде оқиға 
биік тау басында болатын болса, сол екінші сахнаға шығып ой-
найтын. Шекспир театрының халқы да бүгінгіге ұқсамайтын. 


30
Театр ға жиылған елдің ішінде қадірлі кісілер көппен бірге зал-
да отырмайды. Сахнаның екі жағында отырып қарайды. Және 
ірі кісілер дін басталмай тұрып келуді бойына лайық көрмей, 
орын дарынан сахнада ойын ойналып жатқанда, артистердің 
ара сынан өтіп баратын. Ақсүйектер ойынға жалғыз келмейді. 
Көп қызметкерлермен келеді. Қызметкерлер мырзаларына 
ойын үстінде темекі жасап әкеп беріп жүреді. Ойын үстінде 
те ме кі тарту, сусын ішу, алма, қияр жеу – бар халықтың әдеті 
болатын.
Театрда ойналатын әңгімелердің жайын жазып қоятын 
қара тақтай болады. Кейде сол тақтайға театрдың ішінде қолға 
түскен ұрыларды халықтың өзі апарып байлап қоятын әдет те 
болған. Шекспир заманындағы театрдың суреті осындай.
Бұған қарағанда, пьеса мен театрдың өсіп көркеюі біріне-
бірі байланбайтын сияқты. Пьеса жақсы болғанмен, театрдың 
көңілдегідей жақсы болуы шарт емес.
Шекспир театрынан соңғы заманда жалпы Еуропа театры 
заман өткен сайын түр тауып көркейе берді. Бір елде шыққан 
жаңалық болса, екіншіге үлгі болып, жайыла бастайды. 
Сондықтан бұдан кейінгі дәуірлерде театрдың қалпы қандай 
болғанын айтудың орнына театрда ойналатын пьесалардың 
қандай өзгеріс, қандай жаңа бағыттары болды, сол жайынан 
біраз сөз айтпақшымыз.
Бұл турада XIX ғасырдың аяқ кезінен бері қарай соңғы за-
манда шыққан жазушыларды айту керек.
Театр өнері жалпыға бірдей өнер болған соң, пьесалар әде-
биет пен театрдың ішіндегі ең қасиетті бұйымдары болған соң, 
соңғы замандағы жазушылар өз елінің өмірін суреттеуден басқа 
жалпы адам баласының көңіл күйін суреттеп, жалпының мінін, 
жалпының кемшілік, жақсылығын пьесаға кіргізетін болды.
Жазушының өнері өз елінің шеңберінен шығып, адам бала-
сының ортақ қазынасына, көбіне бірдей мүлік болып қосыла-
тын болды. Бұл түрдегі пьесалар адам баласының бәріне бірдей 
болған білім, мәдениеттің, толғаулы ақыл, терең сезімінің 
туын дысы сияқты болып кетті. Сол үлгіні керсететін жаңа 
ағым ды шығарған жазушының бірі – Норвегияның драмашы-
лы Ибсен. Бұл бір елдің әдет-салтын көрсетудің орнына бар-
лық пьесасында адам баласына тиісті болған жан сипатын, 
мінез бітімін тереңдетіп көрсете бастады. Мұның пьесалары 


31
көбі не се адамның ішін сыртқа шығарғандай, іштегі пішінді 
көп мүсіндеп, сезім мен мінездің талай қараңғы бұрыштарын 
сурет тейді.
Ибсеннен соң тағы бір жаңа үлгіні шығарған адам – 
Бельгия ның жазушысы Метерлинк. Бұның адамы ұғымға 
Ибсеннің адамынан да қиынырақ. Метерлинктің әдебиеттегі 
беті – символизм. Бұл көпке ұғымды, жабайы жалпыға бір-
дей тілмен сөйлемейді. Сұлу белгімен, емеурінмен, күйімен 
сөй лейді. Сондықтан Метерлинк пьесасындағы адамдарда 
ақыл, сезім, қайрат бітімі түгел біткен, толық пішінді адам 
жоқ. Әдейі қансыз, денесіз қылып жаратқан сурет, көлеңке 
сияқты. Бұлар белгілі қауымның үлгі айнасы болатын типтер 
емес. Адам көңіліндегі сезім, кілең қиял мен халдің шеберлеп 
құраған кестесі сияқты. Метерлинк пьесаларында екі мағына 
болады. Біреуі – көзге көрінетін оқиға мен көз алдыңыздағы 
адамдардың әңгімесі. Екіншісі – сол оқиға, сол әңгімеден туа-
тын терең-терең мағына. Метерлинк пьесасы құрғақ сөзбен 
айтқанда ұғымсыз болуға мүмкін. Сондықтан «Соқырлар» де-
ген бір пьесасының қысқаша әңгімесін айтып өтейік.
Жаңбырлы күздің күнінде бейуақытта тоғай ішінде бірнеше 
соқырлар отырады. Күздің суық желі соғады. Қураған жапы-
рақтар сылдырлайды. (Метерлинк пьесаларында табиғат 
үнемі араласып отырады.) Соқырлар бір приютта
*
жатқан кем-
кетіктер. Бұларды тоғайға әкелген – поп. Соқырлар поптан айы-
рылып қалған, қайда кеткенін білмейді. Сол келгенше приютқа 
қайта алмай күтіп отырады. Соқырлар неше алуан: кейбірі туа 
соқыр, кейбірі жүре соқыр болған. Көпшілігі – қатын. Ішінде 
әрі соқыр, әрі жынды бір қатын бар. Мұның қолында кішкентай 
жас баласы бар. Жалғыз көзі сау – сол. Соқырлар поп қашан 
келеді деп сөйлесіп күтеді. Жынды қатын әр нәрсе айтып өз 
бетімен сөйлейді. Қолындағы бала шырылдап жылайды. Бір 
жаққа қарай талпынады. Соқырлар маңындағы жерді қолымен 
сипалап: «Жаңбыр жауып тұр, жел соғып тұр», – деп, әрқайсысы 
сезгенін айтады. Попты көп күтеді. Ақырында жердегі жапырақ 
сылдырлайды. Біреу келе жатқан сияқтанады. Отырғандар поп 
шығар дейді. Келген ит болады. Ит бір соқырдың қолын жа-
лап, қыңсылап, артынан ерткісі келеді. Соқыр ереді. Қолын 
созып сипалап келе жатып, соқырлардың ішінде отырған бір 
*
Приют – кембағалдар мекені, жетімхана.


32
адамның басына қолы тиеді. Бетін сипаса, үлкен сақалы бар 
беті мұздаған поп болады. Поп соқырлардың ортасында оты-
рып өлген екен. Ылғи көзі жоқ кем-кетіктер басшы поп келеді 
деп бос күтіп отырған болады. Басшысы өздерінің ортасында 
отырып әлдеқашан өліп қалған. Өлгенін білдірген – ит.
Мінеки, «Соқырлар» деген пьесаның сыртқы әңгімесі мен 
көрінісінің барлығы осы. Бірақ ішкі мағынасын тексерсек, 
терең философия болады. Көп соқырлар – дүниедегі зор қиял, 
зор мақсұтынан айырылып, көңілі кер болып, жұтап отырған 
адам баласы. Дене тіршілігі болмаса, жаны әлдеқашан елік бо-
лып қалған адам қауымы. Бұлардың бұл күнге шейін басшы 
қылып, соңына еріп келгені – дін болатын. Поп – діннің белгісі, 
бірақ бұл заманда дін қартайды, өлді. Соқырлардың ортасын-
да отырып өлді. Бірақ оны көретін көз ешқайсысында жоқ. 
Көп соқыр әлі де болса: «Поп келер, бастар» – дейді. Көптен 
бөлек жалғыз сөйлеп отыратын жынды қатын – ақындық өнері, 
поэзияның белгісі. Ол көптің жолына бағынбайды. Өз бетіне 
бірдеме тілеп, бірдеме іздейді. Үмітсіз халдің үстінде отырған 
бар соқырлардың ішінде жалғыз көзі сау жынды қатынның 
қолындағы кішкене бала. Ол – ақынның шабыты. Метерлинк 
жаратылыстың жарық сәулесін сезетін жалғыз ғана ақынның, 
есі жоқ бала сияқты шабыты деп есептейді. Пьесаның ішіне 
араласатын ит: адам баласының дүниедегі ұзақ тіршілігінің 
ішінде өзінен басқа мен иесінің ішінен тапқан жалғыз-ақ досы 
бар. Онысы – ит. Сол жаңағы соқырлар сарғайып жүдеген 
уақытта өзінің достығын көрсетеді.
Мінеки, «Соқырлар» пьесасындағы терең сыр, терең ой бел-
гісі – осы. Метерлинктің жазуы қара халық үшін емес, оқыған, 
бойы өскен, сезімді, білімді қауымның тілегіне арналған, соңғы 
замандағы зорайған мәдениет, тереңдеген білім, етек алып 
жайылған кестелі өнер туғызған жазу. Сондықтан бұл – бір 
ұлттыкі, бір таптыкі емес, жалпы адам баласының жай-күйін 
білдірмек болған жалпыға ортақ өнердің бір саласы.
Ибсен, Метерлинк үлгісі – бұрынғы әр елде болған салт 
театрларының үстіне келіп қаланған үлгі. Бұлар – білім жолын-
да жетіліп толған қауымға ғана ұғымды.
Біз Еуропа театрының қысқаша тарихын шолып өткен соң, 
қазақ жайына көшуден бұрын енді өзімізге жақын тұрған орыс 
театры туралы аз сөз айтып өтейік.


33
Орыс театры жоғарыда айтылған жалпы Еуропа театрлары 
басып өткен басқыштың барлығын да басынан атқарған. Сол 
дәуірлердің кейбірі толық күйде туылса, кейбірі шала-шарпы, 
жарым-жарты күйде туған. Қалайда болса, орыс топырағында 
да орта ғасырдың шіркеу театры, сарайдың салтанатты театры, 
өзгенің үлгісіне еліктеген театры – барлығы да болған.
Орыс қауымындағы қалың топтардың нағыз өзіне тиісті 
болған салт-санасын, мінез қалпын анық көрсетіп, ел тіршілігін 
ең алғашқы рет ашық қылып көрсете бастаған жазушы Остров-
ский деп саналады. Орыс елінің өзіне біткен заңы мен өзіне 
біт кен мінез-әдетті Островский орыстың саудагер купецтерінің 
салтынан алып жаза бастады. Сондықтан нағыз орыс пішінін 
керсететін, орыс иісін танытатын, көп өміріне жанасатын атасы 
Островский болады. Содан кейінгі Толстой бастаған жазушы-
лар орыстың көп елінің өмірін әлденеше жағынан алып, неше 
алуан салт пьесаларын туғыза бастады. Бұрынғы шеттен келген 
жат өнер осылардан кейін ғана орыс елінің өз өнерін құрауға 
айналды.
Орыс театрының Островскийден соңғы бір алуан үлгісі 
Чехов театры болған. Мұның драмалары да осы қауымның өз 
өмірінен алынған салт драмалары. Бірақ Чеховтың пьесала-
рында жаңалық – драма оқиғаларының барлығы көңіл күйінен 
құралады. Сол себепті Чехов театры – көңіл күйінің театры 
деп аталады. Бұның пьесаларында патша заманындағы орыс 
тіршілігінің бір орнынан қозғалмай қатып тұрған қалпы сурет-
телген. Сол сурет өте сұр пішінді, өте жансыз болғандықтан, 
жазушының көңілінде қайғы күйін күшейтеді. Барлық дра-
маларында қайғымен құлазып жүдеген жансыз ауыр күйлер 
шертіледі, тіршіліктің бейуағы сияқты тыныс бітіп, жан үзіліп 
бара жатқандай мұздап, жұтап тұрған халдер кеп болады. Адам-
дары белгілі мақсұт қуған, белгілі тілектің соңына салынған 
еті тірі адамдар емес. Көңіл мен Островскийдің адамдарын-
дай ашық пішінді адамдар емес. Мінездерінің нобайы, ыңғайы 
ғана көрінетін адамдар. Сондықтан Чеховтың жасаған типтерін 
ойнаушы артистер жазушының әдейі тұлға қылып көрсетпей 
қойған мінезі мен күйлерін өз жанынан қоса толтыруға міндетті. 
Чеховтың пьесалары ойнаушының ең ірісін таңдайтын пьеса.
Сол шартты орындауға жараған артистер – Вера Комиссар-
жевская бастаған артистер болды.
3–1247


34
Бұлардан соңғы жаңа заман театрлары болса, көпшілігі 
мәдениетті қаланың бойы аспанға шығып жатқан қызулы, шулы 
тіршіліктің айнасы болады. Сатырлап жатқан машина ағындап 
бара жатқан өнерлі тұрмыстың ағымына салынған жаңа үлгінің, 
жаңа өмірдің театры. Бұл театр шеберленген өмірдің биікке 
кеткен өнері сияқты. Сондықтан ол жайындағы сөзді ұзартпай, 
жалпы театрлар тарихын осы мағлұматтармен тоқтатып, енді 
қазақ театрының мәселесіне келеміз.
Жоғарыда саналған елдердің театрларына қарасақ, көпшілігі 
өз бастарынан екі түрлі күй кешірген: біреуі – шеттен келген, 
өзгеден алған үлгі сияқты ақсүйектер, сарайлар орнатқан өнер; 
екіншісі – ел тіршілігінің іргесінен шыққан, ел салтындағы 
ойыннан, ел аузындағы әңгімелерден, көп елдің той мейрамы-
нан, ұлы жиында айтылатын өлең, ән-күйлерінен шыққан өнер. 
Өзге жұрттың тарихына қарағанда, кең өріс, даңғыл жолға ие 
болған соңғы түрі. Алғашқы түрдегі өнер көп елде азғана топ-
тың ғана қызығы сияқты болып, көпшілікке жат күйінде қал ды. 
Сондықтан бойы өсіп, өрістей алған жоқ. Көпке шейін жоғал-
май, салт театрымен қатар жасасып келсе де, көптің сүйген, 
тілеген өнері сияқты болып өміріне жанасып кете алған жоқ.
Мұнымен қатар елдің болымсыз ойынынан, болымсыз 
күлдіргі әңгімелерінен, ертегі жырларынан шыққан кішкене 
театрларды алсақ, олар заман озған сайын буын-буын болып 
тұрған ірі жазушылардың тартуына ілініп, бәйгеге қосылған 
аттай ілгерілеп, алды ашыла берген, ел тіршілігінің дәл өз 
топырағынан туған кішкене театрлар кейінгі заманның ірі жа-
зушыларына бет-бағыт белгілеп бергендей болды. Қай елдің 
жазушысы болса да, драмаларында алдымен өз елінің өмірін, 
өз жұртының салт-әдетін, мінез жаратылысын көрсетуді міндет 
деп санады. Барлығы да еліне салт театрын жасап берді. Ба-
сында елдің өз денесінен болымсыз ойын-сауықтан шыққан 
кішкене театрлар аяқ кезде салт театрына айналған уақытына 
шейін бір мезгіл елді тастаған емес. Бұл көптің қызығы, қалың 
елдің театры болудан айныған жоқ. Ел өмірі, ел қалпымен 
қол ұстасып қатар отырды. Барлық салт театрының бетімен 
жазылған пьесалар бұл сөздерге дәлел.
Енді осы жайды еске алып, қазақ қалпына келсек, бізде жа-
салып, қалыптанып тұрған театр жоқ. Театрдың орнында әзірше 
бірнеше сұрау тұр. Қазақтың өз театры бола ма? Өз театры 


35
боларлық мүмкіндігі бар ма? Келешегі қандай? Болса қандай 
театр болмақ? Онан соңғы ақырғы сұрау: қазақ театрының 
бүгінгі күйін қандай деп білеміз? Бұл сұрау қазіргі театр мен 
қазірде көзге көрініп жүрген пьесалар, онан соң артистер жа-
йы на тиісті сұрау болады.
Мәселенің шешуін: «Қазақтың өз театры бола ма?»– деген 
сұрақтан бастайық. Бұған ұзақ жауап қажет емес; болуы ке-
рек, болады дейміз. Себебі, барлық ел мен қауым тіршілігінің 
үлкен шарты – өнер. Сымбатты өнер болмаған елде мағыналы 
тіршілік жоқ. Қандай қауым, қандай тапты алсақ та, қаны мен 
жанының суретін өнер айнасына түсірмей отыра алмайды. 
Өнерден қуат алмаса, тіршіліктің шырағы өшеді.
Күн шуақты, жылы күнді көрмей қуарып солған гүлдей бо-
лып семіп, суалады. Сондықтан театр өнер есебінде: «Керек-
керек!» – дейміз.
Бұл сұрақтың екінші буыны: «Өз театры бола ма?» де-
ген мәселе. Мұның жауабын да ойланбай-ақ беруге болады. 
Өз театры болуға керек. Себебі, өнер атаулының барлығында 
қай елде, қай түрде туса да, сол өз ортасының шартынан, өз 
топырағының қалпынан туады. Сол ортасының түйінін киіп, 
соның іші-бауырынан шыққан суреті сияқты болып туады.
Өнердің ғылымнан айырылатын жері де – осы. Ғылым 
арна йы топырақты білмейді, еркін, отансыз, анасыз зат. Бұған 
қарағанда, өнер қаны, жаны бар денелі зат сияқты. Бұл анасы-
ның ұрпағы болып қана туа алады. Солай болып туа алса ғана 
өсіп-өніп дәурен сүреді. Елінің тонын киіп, елінің өз исімен 
шықпаса, өнер ерте күннен өрістен айырылып, тығырыққа 
қамалып, өлімге қарай бас иді деу керек. Сондықтан қай ел 
болса да, өз өнері әлсіз, көріксіз болса да, өзгенікінен артық 
көреді; өзгенің алтынына өзінің қара темірін айырбастамай-
ды. Расында ойланып көрсек, Бетховеннің сонаталарына қазақ 
«Саймақтың сары өзенін» сатар ма еді? Рафаэльдің Мадонна-
сы, Репиннің суреттері қазақ топырағына келсе, өз жеріндей 
ұғылып, өз еліндегідей көрген жұртты еліктірер ме еді? Не бол-
маса, Шекспирдің «Гамлетіне», Гетенің «Фаустына» қазақ өз 
елінде болған, заман шерін айтқан Асанқайғыны, толғау айтқан 
Бұқар жырауды айырбастар ма екен? Рас, бір заманда осының 
бәрін қазақ та өзгелердей ұғатын болар. Бірақ елді сол заманға 
жеткізетін, сол санаға шейін жетектеп апаратын өз өнері бола-


36
ды. Әзірше әлгінің бәріне қазақ өзінің қолындағысын айырба-
стамайды дейміз. Себебі, оның бәрі – өнер. Өнер – елдің бел ба-
ласы. Қарға баласын аппағым десе, қазақ та өз өнерін аппағым, 
асылым, үміт, қуанышым дейді. Олай болса, театр өнеріне 
келгенде, біз өзге елден алсақ, сыртқы үлгіні ғана аламыз. 
Өз өнерімізді қалыптауға себеп болатын көпке бірдей заңын, 
өлшеуін ғана аламыз. Солардан басқа өнердің жаны мен денесі 
боларлық бұйымның барлығын өз елімізден, өз етімізден өз 
пішініміз сияқты қылып шығарамыз. Сол себепті қазақ театры , 
қазақ елінің өз театры болуға керек дейміз. Театр жа йын да 
бүгінгі күнде біздің алдымызда тұрған екінші сұрақ: «Қазақ тың 
өз театры боларлық мүмкіндігі бар ма?» деген мәселе. Қазірде, 
театр әңгімесін жаңа қолға алып, отырған жерде біздің ең кеп 
қадалып қарайтын мәселеміз осы. Театрдың кіндік мәселесі 
осы болғандықтан біз енді бұл күнге шейін көп айтып келген 
«ел», «ел» деген еліміздің қандай жай-күйі барын тексеріп, сы-
нап шығуымыз керек.
Өзге жұрттың мысалына қарағанда, театр өнерінің ұрығы 
елдің әдет-салтынан, ойын-сауығынан, ән-күй, өлең-жырынан 
басталған. Театр өнерін туғызатын жайлы топырақ, қолайлы 
шарт елдің өз денесінен шыққан. Өнердің іргесін қалай тын 
елдің өзі. Содан кейін мықты дүкен, сұлу күмбезді жасай-
тын – сол ел тірегіне иығын сүйеген өнершілер. Театр өне-
рін ту ғызатын негізгі шарт осы болғандықтан, біз қазақтың 
театрын жасауға кіріскенде, ең алдымен сол театр ел өмірі мен 
жалға са алатын бола ма? Келешек заманда дәурендеп көркейе 
ала ма? Қалай жасап, қандай бағыт берсек, келешегінен үміт 
қылуға болады? Осы жағының барлығын да ойланып, өлшеп, 
ұғынып алуымызға керек. Мүмкін болғанынша өзге кейбір 
елде болған жаңылыс, теріс жолға түсірмеуіміз керек. Біз өнер, 
мәдениеттің барынша толып, пісіп, шалқып тұрған заманында 
театр мәселесін қолға алып отырмыз. Сондықтан өзгелер жүріп 
өткен іздің ішіндегі ең керектісін, ең дұрысын алуымызға ке-
рек. Қазақтың театр өнері біздің заманымызда басталғанына біз 
қуанамыз. Бірақ сол қуанышпен бірге бұл сияқты ірі өнердің 
келешегі үшін жауапты екенімізді де ұмытпау керек. Сондықтан 
бұл мәселеге үлкен сақтықпен кірісіп, көп ойланып, ептеп бас-
тау керек.
Өзге жұрттың өнімді театрының барлығы салт театры 
болған, елдің өмірі мен мінез-әдетін көрсететін, тіршілікке 


37
пайдасы бар реалистический театр болған. Олай болса, солар 
сияқты салт театры туғызатын шарт, қазақ топырағында бар 
ма? Бұл сұраққа елдің ескілігі мен бүгінгі тұрған қалпы, онан 
соң бүгінгі көрініп жүрген пьесалары жауап беруге керек.
Алдымен, елдің ескілігін қарайық.
Қазақ елінің ескілігі әдебиет жағынан қарасақ, мейлінше 
бай. Бай болғанда, құр ғана саны көптігінен емес, түрі де, ма ғы-
насы да көп болғандықтан. Бірақ біздің қазіргі міндетіміз – жал-
пы әдебиетті қарастыру емес, ол әдебиет ескілігінің ішіндегі 
театрға ұрық болатын бұйымдарды қарау. Сондықтан Радловқа 
«Күншығыстың французы» дегізген қазақ елі театр сияқты 
өнерге қандай бұйым қосуға жарайды екен, соны іздеуіміз ке-
рек.
Осы мақсұтпен заманның шаңы басқан ескіні тексеріп 
қарасақ, театр өнеріне елдің ескі салты, ескі өнері беретін жем 
өте көп дейміз. Біздің елде театр ерте күннен бар болатын.
Рас, ол замандағы өнер бүгінше театр деп аталған жоқ. 
Бүгінгідей мәдениет шеңберіне кірген жоқ. Бірақ бақытты 
ел театр деген шеңберді керек қылмайды. «Оның барлық ой-
ын-жиын, қызық-сауығының өзі театр» деген сөзді біреудің 
айтқаны бар.
Сол сөз қазақ елінің ерте күніне әбден үйлеседі. Шынында, 
ерте күнде ас пен тойда, ұлы жиында ізденіп келіп өлеңмен, 
әнмен айтысатын көп ақындар өз заманында театр жасамай, не 
жасады? Солар жасаған сауық елдің құр қуанып, құр көңілін 
көтергенінен басқа кәрі-жастың сай сүйегін босатып, аруағын 
шақыртып, барынша қыздырып, желіктірген жоқ па еді? Онан 
соң ұзататын қыздың тойында еркек пен әйел қақ жарылып 
алып, айтысатын жар-жар, салт ойынын туғызған театрдың өзі 
емес пе? «Жар-жар» мен «Беташар» бүгінгі заманның сахна-
сына қою үшін ешбір қосымша керек қылмайды. Солар сияқты 
толып жатқан айтыс өлеңдерінің қай-қайсысы болса да қалай 
болса, солай қоюға болады.
Бұл ескіліктердің тағы бір қасиеті – барлығы да арнаулы 
әнмен айтылатын. Сондықтан жалғыз ғана драмалық театр 
емес, әнмен ойналатын операларға да емін-еркін жарайды. 
Онан соңғы көзге түсетін бір жері: дәл осы күнге шейін не ай-
тыс өлеңдері, не жар-жар, беташар болсын, – барлығы да қалың 
елдің ортасында ұмытылған жоқ. Әлі де бұрынғы шарықты, 
жанды өлеңдер болып келеді.


38
Осы күнге шейін ойын-тойда кездескен құда мен құдағи 
біріне-бірі «әриәйдай, бойдай талайды» айтса да, айтыстың 
ырымын істеп, жол алып, жол беріседі. Осыларға бір азғантай 
ғана кесте қосылып, сахнаға қойылса, театр қалың қазақтың 
қанын қыздыруға жарайтын қадірлі өнер болып кетуінде дау 
жоқ. Себебі, жаңағы айтылған өлеңдерін ел осы күнге шейін 
сағынып көксеп отырады. Егер бүгінгі театр жалғыз мұнымен 
қанағаттанбай, ел ескілігінен күлдіргі қызық бұйымдар алам 
десе, яки көп халыққа ой түсіріп, ақыл-сезімге татымдырақ дән 
беремін десе, ондайлар табылады.
Қазақтың көп күлдіргі әңгімесі белгілі қулардың айналасына 
жиналады. Мәселен, Семей аймағындағы атақты күлдіргілер: 
«Шаншардың» қулары, онан соң тапқыштық, шешендікпен аты 
шыққан Жиренше, Алдар көсе бар. Бұлардың барлық өмірі то-
лып жатқан комедия.
Ел сауығына ақыл, өсиет сияқты ой-санаға дем беретін 
үлгіні кіргізу керек болса, ертеде заман шерін айтып сарнаған 
Асанқайғы, толғау айтқан Бұқар сияқты жырауларды тірілту ке-
рек. Тақпақ айтқан билерді, естірту, жоқтау өлеңдерін айтқан 
ақындарды, қобызбен сарын айтатын бақсыны, сыбызғымен күй 
шығарған күйшілерді тірілту керек. Осылардың барлығының 
жайында толып жатқан сұлу әңгімелер бар. Соларға болымсыз 
ғана мәдениет исін сіңдірсе әрі ел өнері тіріліп, әрі театрдың 
іргесі құрылады.
Онан соң бүгінгі күнде жаңа туғалы тұрған театр жалғыз 
ғана әдебиет ескілігін тірілтуді қанағат қылу керек емес, ескі-
лік тің ән-күйін, қобыз, сыбызғысын да қайта ояту керек. 
Қазақтың өткен күндегі бір байлығы әдебиет болса, екіншісі – 
ән-күй. Біз қазірде мәдениет табалдырығына қазақтың әнін 
ғана апарып жүрміз. Нотаға салынса, ән ғана салынды. Париж 
бәйгесіне барған да – жалғыз ғана ән. Біз әлі күйді тірілте ал-
май, ескере алмай келеміз. Жалпы музыка атаулы нәрсе елдің 
сезім байлығы мен ішкі жаратылыс қалпын білдіретін болса, 
солардың ішіндегі ең толғаулы, ең терең сырлысы – күйі. Күйдің 
тіліндей бай тіл қазақтың әнінде жоқ. Бұл екеуінің қайсысы 
терең, қайсысы бағалы екенін елдің өзі әлдеқашан айырған бо-
латын. Ел әңгімесінде күй тартатын сыбызғышыға есті қыздың 
бәрі ғашық болатын себебі – сол. Бұлай болса, бүгінгі театр 
ескілігіндегі күй мен әнді бір минут есінен шығармау керек. 


39
Бұларды тіршілікте ескі заманның өз аспабымен тірілту қажет. 
Жалғыз ғана домбыраны қанағат қылмай, қобыз бен сыбызғыны 
қайта тауып алу керек. Елдің кәрі замандағы өнерін алсак, дом-
быраны ескінің елі менсінбеген. Домбыра киіз үйдің ішіндегі 
бесті-онды кісінің ғана тыңдауына татиды. Егер қазақ даласын-
дай сары даланың, сары өзеннің күйін түсіру керек болса, ол 
уақыттағы ұлы аспап – сыбызғы, қобыз болатын.
Сол себепті қазақтың барлық әнші, барлық өлеңшісі қолына 
алған домбырасын «екі шекті домбыра» деп қорашсынып, 
кемсініп сөйлейді.
Қазақтың ескі салты мен ойын, жиындағы өлең сауықтың 
барлығы ән мен өлеңді аралас жүргізетін, сондықтан ел театры 
қалың елдің өмірімен шын жанасамын десе, ескінің суретін 
толық пішінді қылып құрауға міндетті екені даусыз. Өлең мен 
әнді қатар тірілтіп, театр жасауға айналсақ, «Қозы Көрпеш – 
Баян» сияқты ел поэмалары, «Бекет батыр» сияқты тарихи 
өлеңдер, барлығы да театрдың ішіне оп-оңай сыйып кетеді.
Міне, қазақ ескілігінің бүгінгі жас театрға тартатын сый-
сипаты осы. Егер біздің театр осы сияқты мол қордың ішінен 
тесік моншақ сияқты асыл бұйым, асыл ұрықты таңдап, та-
нып алуға жараса, осы сияқты анайы топырақтың үстіне 
іргесін орнатып дүкен құрса, ол өнер әрі елдің өнері болып, әрі 
келешегін кең өріске беттеткен өнер болады. Егер соларды пай-
далана алмай, ескерусіз тастап аттап кетсек, ол біздің мәдениет 
жолындағы балалығымызды, шикілігімізді білдіреді. Қайдан 
шығып, қайда баратынын білмейтін жолаушыға «жол болсын-
ды» кім айтады?
Сол сияқты көбелек қуған баладай аспанға қарап қаңғалақтап 
жүрген театр болса, оның пішінін ұғу да жат болмайды. Бағыты 
мен мақсаты жоқ болып, жұрттың бәріне ұғымсыз жат нәрсе 
болып қалады.
Бірақ біздің театрдың бүгінгі белгілеріне қарағанда, 
бағытсыз, мақсатсыз болып адасатын сияқты емес. Мүмкін 
болғанынша, ескі күн мен бүгінгі күнін жалғастырып, өмірге 
жанасатын театр болуға ыңғайланатын сияқты. Театр, жоғарыда 
айтқан, ел іргесіне орнап, бүгінгі кішкене белгілерінің бетімен 
кетсе, біз де салт театры өмірге жанасатын театр болады деп 
есептеу керек.


40
Жоғарыда қойылған сұрақтың ендігі ақырғысы бүгінгі пьеса 
мен артист, бүгінгі театр туралы еді. Біздің білуімізше, қазіргі 
дәуірдің театры екі саламен өсетін сияқты; біреуі – қырдағы 
қалың елге ұғымды болатын елдің өз бұйымдарынан құралған 
ескіліктің белгілерін тірілткен ел театры, қырдағы театр.
Мұндай театрдың ойнайтын нәрселері жоғарыда саналған 
ел әңгімелері, көпке белгілі өлеңдерден, ойын-сауықтардан 
құралатын елге ұғымды жеңіл пьесалар, жеңіл репертуар болуға 
тиіс. Осы сияқты негізгі құрылатын театр болса, ол, ең алды-
мен, көшпелі болу керек. Жаздыгүнгі жайлауда, жәрмеңкеде, 
айт пен тойда ойналатын театр болады. Мұны жасаушы қала 
театрының артистері болуға керек. Солар жаздыгүнгі мезгілге 
ерте бастан елдің нағыз өз денесінен шыққан жар-жар, айтыс 
сияқтылардан әлденеше пьеса құрап алу керек. Әрине, бұларды 
қала театрында да ойнауға болады.
Бірақ, көбінесе, арналатын халқы қалың елдің өзі болсын. 
Бүгінгі дәуірдегі театрдың бір сатысы, бір түрі осы болуға 
қисынды ғой дейміз. Осыдан бастасақ, театр өнеріне қалың 
елдің өзін әкеліп қосуға да мүмкін болмас па екен?!
Бұдан соңғы екінші түрдегі театр – қала театры, аз да бол-
са, оқыған сезімдірек, сыншырақ халықтың мәдениетті театры. 
Мәдениетті дегенге, бұл театр Шекспир, ІІІиллер, Метерлинкті 
ойнайды деп есептеу керек емес. Ең алдымен мұның да ірге 
тіреген негізі – жаңағы театр сияқты қалың елдің өзі болу керек. 
Бұл театр да ел денесінен туады. Елге ұғымды театр болады. 
Көрсететіні – қазақ елі, қазақ қауымдарының әдет-салты, мінез-
құлқы болады. Солардың өмірін барлық тілек-мақсұтымен, 
жақсылық-жаманшылығымен толық суреттеп көрсететін бо-
лады. Қазіргі уақытты алсақ, қала театры осы қалыпты болып 
құралып келе жатыр. Бүгінгі шығып отырған пьесалардың 
барлығы беттеген бет – осы. Көпшілігі ел тұрмысын, ел салтын 
көрсетеді. Не болмаса, қазақ қауымының ішіндегі кемшілікті, 
әдет-мінезден туатын әртүрлі ауыр халдерді көрсетеді. «Алтын 
сақина
*
сияқтылар сондай пьесалардың мысалы. Бұдан соңғы 
бір алуан пьесалар елдің артқы өмірін суреттейді. Мысалы: хан 
заманын көрсететін «Арқалық»
**
. Бұл аталғандардың барлығы 
*
Қошке Кемеңгеровтің пьесасы.
**
Жұмат Шаниннің пьесасы.


41
да қалың елмен байланысы күшті болған, ел тіршілігінің жанды 
суреті сияқты нағыз салт пьесалары.
Біздің бүгінгі театр бұлардан басқа жаңа алуанды пьеса-
ларды туғызып келе жатқаны да бар. Ол пьесалар – оқығандар 
өмірінен алынған, одан соң пьеса болып құралған ретіне ай-
татын дауым көп болса да, алған ортасына қарап бір жікке 
шығаратын пьесамыз – «Қызыл сұңқарлар». Осы пьесалардың 
барлығы да ел өмірінен туған бүгінгі қазақ ортасының айнасы 
сияқты. Барлығы да салт театрының пішінін құрау үшін керек-
ке жарайтын бұйымдар.
Бұдан кейінгі сатысында қазақ пьесалары қалың елдің өмірін 
көлемдей кең суретпен көрсетумен бірге, мәдениетті қауымның 
ақыл-сезіміне толғырақ жем беретік жаңа үлгіні де туғыза бас-
тау керек. Әрине, мұнын бәрі жазушының шеберлігіне байла-
нады. Сөйтсе де сұлу әндей ескілік пен бүгінгі өмірді қосып, 
соның бәріне жарастықты жаңа үлгіні әдемі кесте сияқты 
қылып жамаса, қазақ театры алдынан да, артынан да кең өріс 
табар еді деймін.
Сондықтан бұдан бір-екі жыл бұрын «Қызыл Қазақстанның» 
бетінде қазақ пьесаларына баға берген сыншы: «Мұғалімнің 
қатын алып қашқанын көрсеткен пьеса – қазақ өмірі емес», – 
де се, біз ол сөзін өрескел қате деп білеміз. Мұғалімнің қатын 
алып қашқаны болсын, яки бүгінгі төңкеріс оқиғалары бол-
сын – барлығы да сол оқиғаларды көрсетумен бірге елдің салт-
санасын, өмір қалпын көрсететін болса, барлығы да қазақ пье-
сасы болады.
Енді бүгінгі артист пен бүгінгі театрға келсек, әзір қазақша 
қалыптанған артист жоқ. Артист болуды түбегейлі мақсұт 
қылып соңына түскен де кісі жоқ. Біздің білуімізше, қазақтан 
артист шығару үшін сол өнерге ыңғайлы кісілерді орыс 
артистерінің мектебінде оқыту керек. Онан соңғы бір үлкен 
шарт – бүгінгі театрдың басына кез келген кісіні қоймай, бір 
жағынан, артист боларлық ыңғайы бар, екінші жағынан, пье-
са шығарып жүрген жазушыны қою керек. Бізде осы міндетті 
атқаруға жарайтын Жұмат сияқты бірен-саран кісілер бар. 
Бұдан соң Қызылорда сияқты жерде жасалатын театрда режис-
сер есебіне жақсы артистерін, яки театр артистерін алу керек. 
Осы сияқты істермен қатар қатты көңіл бөлетін бір мәселе – 
бүгінде қазақтың ән-күйін жиып нотаға салып жүрген Затаевич 


42
сияқты күйшілер, онан соң әншілер туралы қазақ театрының 
жанында бұл адамдар не қылса да болу керек. Солардың өнері, 
еңбегін біздің театрдың толық пайдалануы қажет.
Ендігі бір ұсақ мәселе – театрдың іші, сахнасы туралы. Егер 
қазақтың өзіне арналған жаңа театры салынатын болса, менің 
ойымша, сахнасын бүгінгі орыс театрынан гөрі басқарақ істеу 
керек.
Біздің ел тұрмысынан алған пьесаларымыздың барлығын-
дағы оқиға жерде отырып ойналады. Орыс сахнасында жерде 
отырған артист артта отырған халыққа көрінбейді. Сондықтан 
біздің театрда мойны ұзын кісі болмаса, қысқа мойынды кісі 
сорлы болады. Ойынның қызу жерінде түрегеп кету я болма-
са орындыққа шығып алу, тәртіп бұзу – барлығы да бүгінгі 
сахнаның кемшілігінен туады.
Тағы бір ескертетін нәрсе – біздің театрдың декорация-
сы. Жаңа театр қазақ өмірінің декорациясына бай болу керек. 
Табиғат суретін алғанда: алыстағы тау, дала, жайылып жатқан 
мал, алыста отырған ауыл, желідегі құлын, өрістеп бара жатқан 
қой сияқтылар болу керек. Жаздыгүнгі киіз үй, қыстыгүнгі жер 
үйлердің де көп суреті болу керек. Тоғай суреті болса, қалың 
жиын тоғай керек емес, жартасты өзек, тоғай, қайың, тал керек. 
Сахнада төбешік, дөң жасаудың айласын табу керек.
Бұл сияқты шарттардың барлығы қазақтың өз театры 
боларлық салт театрын жасап, қыр пішінін толық көрсетуге зор 
себеп болады.


43


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет