Жаяу сал
115
ҚАРАЛЫ СҰЛУ
Алты жыл – қаралы, қайғылы алты жыл өтті. Әрбірі бір-бір
өмірдей сарылған ұзақ. Қара жел үзілмей соққан күздің суық
күніндей қуарған жүдеу жылдар... Содан бері Қарагөз қаралы
тор бұлбұлындай бұл
1
төсектің иесі. Сансыз көп күндер өтіп
жатса да, не бір жаңа үміт әкеліп сергіткен, не болмаса жүдеу
көңілді бір сағатқа болса да селт өткізіп алаңдатқан мезгіл
болған емес. Қарагөз бұл өмірді әбден мойындап болған. Көп
жыл бойына созылған қаралы күй Қарагөз өмірінің қалпы
болған. Күндегі дағдысы, салты болып кеткен... Күздің айсыз
қараңғы түнінде түн қатып жүрген жолаушы ұзақ қараңғы-
лық қа қалай мойындап бағынса, Қарагөз де сондай мойындап,
көніп болған... Содан бөлек халді көксететін өзге түрлі ой кел-
се, оны көңіліне дарытпай, өшіруге асығады
2
.
Сол Қарагөздің ауылы бүгін қалың таудың ішімен жай-
лаудағы көк шалғынды, салқын сулы шалқар қонысқа көшіп
келе жатыр. Таң қылаңдап келе жатқаннан жүгін арта бастаған
ауыл жаздыгүні жақын белден жаңа қызарып шығып келе
жатқанда ескі жұртынан жөнелген...
3
Қазірде кеш жарым жолға келіп қалды. Бүгін тау аса қон-
бақшы болған ауыл қалың таудың ішімен жартасты, тоғайлы,
шалғынды өзекпен шұбатылған шұбар топ болып... дабырлап,
шулап келе жатты...
Көш алдында айдап келе жатқан төрт-бес жүзден жылқысы
бар, басқа ірі қарасы да мол бай ауылдың көші жыл бойы
иесіз тұрған таудың тусып кеткен шөбін жапырып, қызуы мол
тіршілікті көшіріп келе жатқандай болады
4
.
Көштегі көңілді қатын-қалаш, желікті қыз-келіншек ма-
ңайласқан жігіттермен қалжыңдасып, күлісіп ойнайды. Ар-
қыраған семіз, сұлу асауларды мінген жас жігіттер үйіріне
қарай жұлқынып, аласұрып жер сүзген айғырларын құтыртып-
116
ойнақшытып келіп, қалың жылқыны дүрілдетіп, желдіріп ай-
дайды... Дүн-дүние мастық тойындай буы аспанға шығып, құ-
тырынып желігеді
5
. Шулаған желікті көш, таңертеңгі көлеңке
басқан қара жартас пен қалғыған өзекті де оята сергіткендей.
Бұл кешке табиғат та жылдық ұйқысынан оянып, өлең
білдіргендей.
Таңертеңгі көлеңкелі өзектен шыққан салқын самал соғады.
Жыл бойы тұл болып тұрған жайлау бүгінгі күн жыл
құсындай боп қиқулап, жөңкіліп келе жатқан елді жаңа көріп
сергігендей.
Қазіргі барлық сурет, барлық дүние адамды қызық думанға,
сағымды түспен зор тілекке қол бұлғап шақырып тұрғандай.
Бұл қызуға желікпеген жан жоқ...
6
Ең аяғы шал қойшы Болат та
үстінен көш өтіп бара жатқанда, құла шолақ биені тыраңдатып
шауып келіп, көш жанында келе жатқан тұрғылас әйелдер ара-
сынан
7
келіп килігіп, жауырынын қиқаңдатып, қалжыңдаса
күледі. Әрқайсысына көзін қысып, иек қағып, ізденіп соқты-
ғады. Қызыл шырайлы келіншектің құла биені қамшылап
ойнағанына емексіп, жігітімсіп шіренеді
8
.
Үш ат жеккен пәуескенің ішінде келе жатқан Қарагөз
Болаттың қасынан арбасы кетіп бара жатқанда аз сергіп күліп:
– Болат-ау, сенің де базарың тарқамағаны ма, жаным-ау! –
дейді...
Болат бұл сөздің түкпірін түсінеді. Қарагөз не десе о десін,
үзеңгісіне шіреніп күліп:
9
– Несін айтасың, қарағым!.. Қыз-келіншек тал бойымды
ұйытып келеді... Ішімдегі жанған от қыз-қыз қайнайды, – деді.
Бұл көште жалғыз жүдеу, жалғыз жабырқаған қайғының
тұсауында келе жатқан – сол Қарагөз... Осы көп мал мен бай
ауылдың иесі болған, мына дырдулы кештің басшысы болған
жалғыз жесір әйел – Қарагөз.
Қарагөз 32-ақ жаста. Қаралы жаулық салынып, қызулы ба-
зар есігін жапқанына алты жыл болды... Одан бұрын Қарагөз
тіршілік базарында еркін жүзіп жүрген еркемін дейтін. Бұның
өмірінің үстінде күлімсіреп тұрған күншуақты, бұлтсыз ашық
кек аспан бар-ды. Сондай ашық күннің ортасында бір-ақ сағат
ішінде түсі суық, шоқ қара бұлт ойнап шыққан. Аяқ астынан
келген бір қаза бір-ақ күннің ішінде Қарагөзді қаралы қылып,
қаңғыртып кеткен...
10
Содан бері алыстағы сағымдай болған
117
жар жеткізбей, белгісіздікке батып жоғалған... Оған дәл алты
жыл болды...
Қарагөздің күйеуі Әзімхан ол кезде 28 жаста, өзі бір атадан
жалғыз жігіт болатын
11
. Басқа аталас ағайындадары болса –
барлығы да бөлек ауыл болып, бөтен сияқтанып, өз тілегі, өз
өмірімен бұлардан алыстап кеткен. Ағайындарының кейбірі
қартаң тартқан адамдар болған. Әзімханның туысқаны, жалғыз
сүйеніші жетпіс жасқа келген кәрі әкесі – Үсен. Әзімхан
жалғыз жігіт болса да, аз атаның баскөтерері атанып, Ырғайлы
болысындағы әдеуір елге белгілі болған
12
.
Бір жыл дәл осы жайлауға көшіп келе жатқан кезде бүгінгі кеш
келе жатқан өзектермен Үсен ауылы көшіп келіп, Қайыңдыға
қонды... Қайыңды – тау аралаған шалғынды, тоғайлы өзен. Жа-
пырлап қонған көп ауыл маңайындағы шұбыртқан көп малы-
мен Қарагөздің ол күндерінің көркі сияқтанатын
13
.
Ырғайлы көп жылдан келе жатқан дағды бойынша Қоңыртау
болысымен қатты жұлысқан араз болатын. Сол жылы да жаз
шыққаннан бері қарай күнде қиқу, күнде «аттан», жағалай ша-
быс болған.
Ырғайлының үстемдігін өзге ел жуандарымен бірге жоқтап
жүрген Әзімхан сол жуандардың желіктіруімен Қоңыртауға
кейде өзгелерден жырылып барып та соқтығатын. Қоңыртау
бір кезде өзгеден ерекше Үсенге кіжінулі дескен. Бұл хабар бір
емес, әлденеше рет келген-ді.
Бірақ онымен Әзімханды да, барлық Ырғайлыны да
14
тоқтата алған жоқ. Қоңыртау бір алса, бұлар кейде екі-үштен
алып жіберетін. Қоңыртаудың Әзімханмен ерекше жауығуына
бір себеп Қарагөздің басы еді. Әуелде
15
Қарагөз Қоңыртау
елінің жесірі болған. Сол елдің бір бай ауылы – Сыбанбай. Жас
кезінде Қарагөзді Сыбанбайдың немересіне айттырысқан.
Бері келгенде Қарагөздің күйеуі аяғы ақсап, кем болып кетті.
Оның үстіне, өзге балаларының ішінде әке-шешеге қадірсіз
бала болады екен.
Бойжетуге
16
айналған кезде сұлу Қарагөзден наразылық
сөздер шыға бастаған.
Қарагөздің әкесі жас кезінде өліп еді. Жесір қалған шешесі
Үсеннің немере қарындасы болатын. Ол Үсен ауылын төркін
қылып ылғи араласып жүретін. Қарагөз де кішкене күнінен
Үсен ауылын нағашы етіп, көңіліне ерекше жақын тартып,
118
кейде шешесімен, жалғыз өзі де келіп, көп уақыттар жатып
қайтып жүретін. Сол халмен жүргенде Әзімханның бұрынғы
алған келіншегі
17
қайтыс болған. Қарагөздің Сыбанбай ауылы-
на барғысы келмей жүретіні көп жұртқа паш болып қалған. Ба-
сында Қарагөздің сөздеріне елеусіз қарап
18
, «кезінде көрерміз»
деп, іштегі нық байлаумен жүрген шешесі Әзімханның
келіншегі өлген соң, баласының наразылығына түзу қарап, ой-
лана бастаған
19
.
Сол халдің үстінде дәргуманда жүргенде
20
бір күні Қарагөздің
ауылына амандасып қайтқалы Әзімхан келген. Әзімханның не
оймен келгені бұл ауылға да, апасына да белгісіз. Әзімхан өзі де
анық, ашық байлаумен келген жоқ-ты. Бірақ үйге келіп кірген
жерде ол бұрынғыдан көп өзгеріп кеткен Қарагөзді көрген.
Бұл уақытқа шейін бала қалпында жүрген Қарагөз енді
21
ширатылған нәзік, ұзын бойлы, қынай белді, толқынды қара
шашы бар тұңғиық сұлу қара көзді бойжеткен болыпты.
Көрмегеніне бір-ақ жыл шамасы өткен Әзімханның енді алғаш
келген сәтте жүрегі лүпілдеп соғып
22
, көз алдында сәулелі сұлу
жарды көріп қалғандай болған. Әлденеден екені белгісіз, бұрын
бұл жайдан бір ауыз сөз естімесе де, қазіргі халде Әзімханның
жүрегін соқтырған белгісіз сезім Қарагөзге де сол секөнтте
білінгендей. Әзімхан апасына амандасып, енді Қарагөзге қарап:
– Есен-саумысың, қалқам? – дегенде, ұялып қараған
Қарагөздің жүзінде ыстық қан ойнады
23
.
Бұл күнге шейін жүріс көрмеген
24
бала жүзі өмірінде
алғаш рет әлдеқандай көмескі түс сияқты оймен қызарып,
төменшіктеп қысылғандай болды.
Екі жас үнсіз белгі беріскендей. Екі көңіл бір-біріне ұялып
бұғып тұрып ым қақты. Басы осы
25
.
Аздан соң арада сөз жүрді. Сүйек жаңғырту Қарагөздің
бас қа ағайындарына да теріс көрінбеді. Әсіресе бұл күнге
шейін өзінің жесірлігінде ерекше сүйеніші сияқтанып отыр ған
Үсенмен қайтадан үй ішінен үй тігіп, жақын болуы Қарагөз-
дің шешесіне керек көрінді. Сөйтіп, аз күн ішінде астыртын
құдалық сөзін байласып қойды...
Бірақ бұл – алыстағы тілеу. Ол қиын асу, биік асқардың
ар жағында жатқан қиын түйін
26
. Сыбанбай бөгет шығармай
қоймады. Қоңыртау жұлқыспай жесірін жібермейді... Үсен
жақтың хабары жансызданып, Сыбанбайға барып қалғанда,
119
олар күпілдеп, кіжіне бастады. Бірақ ашық сөз, анық байлауға
екі жағы да жете алмай, енді жақындап келе жатқанда,
Сыбанбайдың немересі өліп қалды. Бұдан кейінгі сөз ұзаққа
бара алған жоқ. Сыбанбайдың өзге балаларының барлығында
да не айттырған, не алып отырған әйел бар. Бұрын ұстанған сөз
бойынша Сыбанбай: «Қарагөзді кейінгі балаларға қаратамын...
Құдамнан қол үзбеймін!» – деген болды
27
.
Бірақ бұл сөз ұзаққа бармады. Үсен Сыбанбайдан алған
барлық малды түгендеп қайыртып, өзі Қарагөзге құда түсіп,
арада бір жыл өткен соң ырғап-жырғап келінін алған...
Бұл оқиға өз кезінде Ырғайлы мен Қоңыртаудың арасына
көп салқындық салды. Көп ырғасып тартысумен барып, екі жақ
зорға тынған. «Үсен көбінше мал күшімен жеңіп алды», – деген
сөз ел ортасына жайылған сайын Сыбанбай болымсызды сыл-
тау қылып Ырғайлыға соқтыға беретін болған.
Бірақ арада бірер жыл өткен соң, жесір дауының қызуы
солғындап келіп басылды. Сөйтсе де басында бір шиеленісіп
қалған елдер енді жаңа дау, жаңа араздыққа жол тауып алып,
кезек алысып ұстасып жүрді.
Бері келген соң Сыбанбай Үсен басындағы кекті өзгертіп,
өзі Ырғайлының басқа елімен, басқа жуандарымен
28
көбірек
ұстасып кетті. Араздық себебі жаңадан туып, жаңа сөз, жаңа
істермен қайта қозған соң, Үсен
29
көп елінен қалыспай,
Ырғайлының басқа елімен бірге Қоңыртаумен анда-санда алы-
сып қалып, ұстасып жүрген. Осы халде Қарагөзбен Әзімханның
қосылғанына жеті жыл толғанда, Үсеннің ауылы жайлауына
көшіп келе жатып, Қайыңдыға қонды.
Жаңа қонысқа жайғасқан күні түнде ауыл маңында жатқан
жылқыға жау тиген. Көптен сақтанып, Қоңыртаудан кезек күтіп
жүрген Үсен ауылы күнде кешке екі-үш сенімді ат-айғырды
ауыл да ұстайтын. Бүгін көшіп келген ел қирай жағылып, шырт
ұйқының ішінде жатқанда, тауды қақ жарып шыққан: «Аттан!»
даусына өзгеден бұрын оянып, асығып қамданған Әзімхан
болды.
Әзімхан арқандаулы тұрған бәйге жиренді алып келіп,
асығып ерттеп жатқанда, Қарагөз жүрегі дірілдеп тұрып,
үріккен пішінмен қасына келіп:
– Басқаларды жіберсеңізші! Тау іші шабуға жаман, – деп
еді. Бірақ жарық айлы тыныштық түні жас жігіттің тұла бойын
ысытып, бір қызу қан алыпұшты
30
.
120
Ауылдан Әзімханнан басқа да үш-төрт жігіт шапты. Бұ-
лардың бәрі тастақ төбелермен сатырлатып шулап жөнелді...
Бұл кезде ауыл да азан-қазан болған. Атсыз қалған жаяулар
босқа дырду жасап айғайласып, әрлі-берлі жүгірісіп жүрді
31
.
Әзімхандар сол бетте барып жылқыны әкетіп бара жатқан
жауға жетіп араласқан... Жылқышылар көп жаудан қаймығып,
батып ұрыса алмай, кейін келе жатыр екен. Көп жылқыны
қалың жау ұзын өзекпен дүрілдетіп, қиқулап әкетіп бара жатыр.
Сол кезде қуғыншының алдымен жеткен Әзімхан тосқауыл
қылған көп жаудың ортасына келіп кіріп кетті. Әзімхан қо-
рықпайтын ер жігіт еді. Бірақ бұрын көп соғыста болып тө сел-
ген емес. Оның үстіне, бір кісіге әлі жетерлік мықты да емес-ті.
Жирен атты қуғыншы екіленіп келіп екі-үш рет арасы-
на кіріп шығып, алдын орай берген соң, жау ішінен соғысқа
ыңғайланып алған екі мықты барымташы артын айналып келе
жатқан Әзімханды көргенде:
– Күрең атты тағы келеді... Ортаға ала бер... ортаға ал! –
дескен
32
.
Әзімхан екі жаудың ортасына солардың тілегінше екпіндеп
келіп кірген... Бұл кіре берген бетінде оң жағындағы боз атты
еңгезердей жауды желкеден қаға ұрып жіберді... Бірақ дәл сол
секөнтте өзінің де желкесінен сол жағындағы сары айғырлы
жаудың қара сойылы мықтап тиді. Бұл сойыл Әзімханға дене тау-
ып, қатты соғылды
33
. Алғашқы сойыл тиіп кеткенде, қолындағы
ағашы ұшып түсіп, өзі еңкейіп
34
, атының жалын құшып қалды.
Дәл осы уақытта бұрынғы ағынмен келе жатқан бәйгі жирен
боз атты жаудан қиыс өтіп бара жатыр еді. Оған Әзімханның
со йылы тисе де әлсіреткен жоқ екен. Жанынан қиыс өтіп бара
жат қан Әзімхан аттың жалын құшып қалғанда, анау ақ сойыл ды
шыр айналдырып келіп, маңдай тұсынан қағып-ұрып жі берді...
Әзімхан бір-ақ секөнттің ішінде жүрегінен оқ тигендей бо лып
аттың артына ұшып түсті. Маңдайды меңзеп ұрған күшті сойыл
дәл құндыздықтан тиіп, басты
35
айырып кеткен екен...
Әзімхан аттан тымақша ұшып түскенде, бұрын талай
соғыста болып, қолы ауырлығынан талайды сорлы қылған боз
атты жау артына бұрылып қарап:
– Қап, жығылуы тым жаман болды-ау!.. Жазым болмаса игі
еді!.. – деді.
121
Жазым болғаны шын! Әзімханның басы төрт елідей айы-
рылып кеткен екен. Кейінгі жұрт шулап жылап, үстіне келіп
үйілген уақытта Әзімхан үзіліп жүре берді. Сұлу жарға ақырғы
рет «қош» деуге де тілі келмеді...
Әзімхандар аттан салып жөнелгенде
36
, шошынып жылап,
тілеу тілеп қалтырап тұрған Қарагөз үйіне кіріп жата алмай,
жылқы жақтан хабар күтіп тұрғанда, жұмбаққа толған мұңлы
түннің ортасында ауылға қарай шулап келе жатқан қаралы
айғайды естіген. Бұл шу – ауылға қарай ат қойып, «ой бауы-
рымдап» келе жатқан жылқышылар мен қуғыншылар шуы
37
.
Алғашқы жылау, алғашқы қаралы қайғы осы түннен, осын-
дай халдің ортасында басталған-ды.
Бүгінгі көш сол адыра қалған Қайыңдыға тағы қонғалы келе
жатқан пәуескенің ішіндегі Қарагөз алғашқы қаза түнін есіне
алып, ыстық жалынмен жиі күрсінеді
38
.
Әзімханның өлімін Ырғайлы жоқтаусыз қалдырған жоқ.
Ол жақтан жылқы аламыз деп барып, кісі де өлтірді... Кегін де
алды... Әзімхан басына жүз түйенің құнын да алды. Қоңыртауды
жасытып ықтырды. Бірақ оның бәрі сүйген жармен бір ауыз
сөзге келмей, арманда қалған қайғылы сұлуға түк жұбаныш
болған жоқ. Алғашқы бір жыл бойында ойына еш нәрсе тиянақ
болуға жараған жоқ...
Иесіз қалған мол дүние, ауыр дәулеттің ортасында жетпіс
жастағы кәрі атасы мен Қарагөз қалды. Онан соң бұл екеуінің
де, барлық ағайынның да үміті сияқтанып екі жасқа келген
кішкентай Мұқаш қалды. Қарагөз бен Әзімханның алғашқы
көрген баласы осы. Бұдан басқа бала жоқ... Әкесі өлген соң,
кішкентай да болса, Мұқаш «өлі арыстаннан тірі тышқан»
дегізіп, Әзімханның артындағы қаралылардың сүйеніш тілегі
болды.
Әзімханның қырқы өткен соң жалғыздың қайғысын көтере
алмай, бұрын кәріліктің өзі де жеңуге айналған Үсен
39
де
қайтыс болды.
Маңайы тұлдыр болып, құлазыған жалғыздық жас сұлудың
бір өзінің басында ғана қалды. Күнде тіршілігіне ырза болған
жұрт ұйқыда жатқан құлқын-сәріде, мұңайып батқан бейуақта
40
Қарагөз қаралы жаулығымен бетін жауып отырып зарланып
дауыс айтатын.
122
– «Жалғыз біткен бәйтеректей» арманда өткен «алғанын»
қайғылы сұлу «алтын терек – арысым» деп аңырап жоқтайтын.
Қөзінен тамшылап аққан жаспен бірге шынымен егілген
қайғының сөздерін айтып, тыңдаған адамның сай-сүйегін
босататын. Қарагөз қайғы ішінде кексе тартып ұлғайып кет-
кендей болды. Іштегі жалын мен күрсінген жүзі Қарагөздің
басқа тіршілікті талақ қылып ұмытқанын білдірді. Қаралы тор
тұтқанын жұрт: «Жарын жоқтай білді», – десті. Қарагөздің
жоқтауы мен даусын барлық Ырғайлы жаттап алып, әнге са-
лып айтып та жүрді. Кемпір-шал Қарагөзді аузынан тастамай
мақтап: «Байының артын бұндай жақсы қылып күткен әйел
болған емес», – деп аңыз қылды.
Сондай жылау, жоқтау
41
ішінде Қарагөз барлық үмітті,
жастық дүниесін көрге көмді. Ол Мұқаштың тілеуін тілеп, енді
ерге тимейтін тұл қатын болып отырып қалуға өзіне-өзі серт
берді.
Дүниесін билеп ауылына, атасы мен жарының орнына ие
болып отырып қалды... Ендігі жалғыз үміті, жалғыз жұбаны-
шы – кішкентай Мұқаш. Сүйеніші мен ермегі
42
бір соның
тәрбиесі болды.
Ағайын ортасы
43
бұл күнге шейін Қарагөзді қадірлеп кү-
туден қалған жоқ... Ұзақ қайғыны өмірінің мәңгілік шер күйі
қылып сақтап, Қарагөз әлі күнге келеді...
Бүгінгі кешті бастап келе жатқан қаралы сұлудың жайы
осы
44
.
Бірақ бұл күндерде Әзімханның қайғысы жалғыз Қарагөздің
ғана көңілінде қалған. Өзге маңайдағы адамдар мен желікті
дүние Әзімхан өлмеген күндегідей әлі де қызықты, желікті.
Бұл күнде сегіз жасқа келген Мұқаш Қарагөздің жанын-
да келеді. Оның да көңілі қазіргі тіршілікке мәз!
45
Айғайлап
қуанады. Арбаның ішінде іші пысып секіріп, дауыстап күліп,
маңайласқан кісілермен ойнайды. Бұл да буыны бекіп, дені сау
болып, ержетуге тақады. Қарагөздің қаралы алты жылы өтті.
Сол жылдардың ішінде көлденең қараған көз қаншалық қадалса
да, Қарагөздің сыртына шыққан не әлсіздік, не қобалжуды көре
алған жоқ. Бірақ сол уақыттарда Қарагөз көрген азапты білсе
еді жұрт!... (...)
46
Көп жас қыршынынан қиылады. Тіршілігін қарғап өтеді.
Көпшілігінің сынығы жамалып, қайта түзеліп, ел қатарына
123
қайта қосылады... Ал Қарагөз қайғысы бір алуан ұзақ мұңлы
жыр болып, әлі кетіп барады
47
.
Тұңғиық қара көздерінен сұлу ажар кеткен жоқ. Жас денесі
әлі де уыздай аппақ, толық, сау. Бірақ не керек
48
, барлық ойы,
барлық тілегі бір-ақ жерге шегеленді. Аясы азғантай орынға
бұл өзін-өзі сыйғызды. Қаралы күнге шейін тасқындап келген
сезімді тұсады, буды... Сонымен бірнеше жыл өтті.
Қарагөз күйеуі бар, бала тауып отырған әйел еді...
Қайратты тіршілік үшін жаралған жас дене мен тілек үшін
қайнаған ыстық қан, шойын есікті тұтқын орнына қанағаттану
қиын болады
49
.
Қарагөз ол қиындықты тістеніп шыдап, басын жеңіп жүрсе
де, кейбір көздерде таңды-таңға ұрғызатын азаптар болатын.
Жас әйелдің бұл түндері көр азабындай қинау түні... Үй іші
қараңғыланып, бұл төсекке жатқанда, әлдеқандай жыланша
иірілген сезім толқындары тамыр-тамырын қуалап, өне бойын
билеп кететін
50
. Тістеніп, шыдап, «құтылар ма екем» деп дұға
оқыса да, сол жыландар ауыр басып, ақырындап жылжып келіп,
ақ төсіне оралып, ақ тамағынан сүйіп, барлық денесін шыдамы-
нан айырып ысытып, дірілдетіп жіберуші еді.
Шошынып, қабағы түйіліп, дір-дір етіп жатып, көрпені
шиыршықтап қысып құшақтайтын. Шоқтай ыстық-ыстық ойы
таң ағарып атқанша бір минутқа босатпай, жанын жей, дозаққа
салып шығатын...
Талай түндер Қарагөз шыдай алмай, қасына қызметкер
кем пірді шақырып алып, денесін сипатып, жарық жағып
қойып, күрсініп, жүдеп отыратын. Ол бұның ішінде тіршілікке
ұмтылған жаңа өмір ұрығының жарық дүниеге шыққысы келіп
қозана тілегені еді.
Сол күш Қарагөзді көп заман қинап жүрді... Әлі күнге шейін
мезгіл-мезгіл асау сезім құтыртып келіп, бір тоңдырып, бір
қыздырып, ысытып, қаралы Қарагөзді отқа салатын
52
.
Барлық ұзақ қаралы күндерде ойлап өткен қайғы мен әлгі
сияқты азаптар Қарагөздің мінезін де өзгертті... Ол ерекше
сезімділіктің себебінен дертті сияқтанды. Бұрынғыға қара-
ғанда қаны бұзылғандай: тез ашуланып, тез жылап, тез күліп
жіберетін күйіп-жанғыштық пайда болды... Кейде жадырап
отырған қабағы қазір шытынап түйіліп, болымсыз нәрсеге
124
қиналып кетеді. Өкініп қайғырып, шыдамсыздықпен тұтанып,
ұйқы-тұйқы боп қалады
53
.
Түндей тұңғиық көздері енді ыстық жас үшін жаралғандай
болды. Бірақ сонда да Қарагөз бір байлауына жабысып, тастай
мықты болып келе жатыр. Өзге дүниеде өз көңлінен азғантай
теріс шыққан нәрсе қинап жібергендей болса, өміріндегі ең
ауыр, ең қайғылы түйінге келгенде, Қарагөз өзін аямастан
қатты ұстап, қандай қиын азапқа болса да көндіріп келді.
Бүгінгі кеш бойында бірталайдан ұмытылып кеткен азап
Қарагөзді қайта қинап, толқытып келе жатыр еді...
Қарагөздің сопылығы бұрынғы молшылык, бұрынғы
қызықты дүние ортасында өтіп келеді. Күндегідей ыстық
жарық күні туып, сезім түндері өтеді... Жаз жасарған табиғат та,
мінеки, желігіп еліреді... Жан кіргендей боп, қызуы тіршілікті
көксегендей мастанады... Жүз бұралады
54
.
Бозбала асаумен теңселіп, құтырып шабады. Қыз-келіншек
назданып күледі... Өзгенің бәрі де өз бетінде, алпыстағы қойшы
Болат та Қарагөздің есіне жыландай сумаңдаған сезімдерді
келтіріп, желіге мастанады...
55
.
Ыстық сезім буған Қарагөз көштен озып келіп, жылда ауыл
қонатын Қайыңдының өзегіне жетті. Өзен бойы қайыңды,
мойыл ды жас тоғай... Сылдырап су ағады... Таңертеңгі көлең-
кеден шыққан тоғай салқыны, самалы Қарагөздің бетіне шира-
тылып келіп соғып өтеді.
Іште – ыстық сезім, қарсы соққан салқын леп... Пәуеске
иесіз жұртқа келіп тоқтағанда, Қарагөз өз үйін жылдағы
қонып жүрген жұртына тіккізбекші болып арбадан түсіп, сол
жерді іздеді. Ақыры тауып тоқтап, айналаға қарағанда, төменгі
жақта – өзен бойында бір тоғайдың көлеңкесінде доғарулы
тұрған трашпеңкені көрді
56
. О да осы жерге көшіп келетін бір
ауылдың алдын озып келген адамдары болу керек. Қарагөз
ұйықтап жатқан Мұқашты оятпай, жалғыз өзі аяңдап әрлі-
берлі жүріңкірей түсті; аяғы әлсіз... Денесін зорға алып жүреді.
Белгісіз тілек қинаған көңіл тоқталмай, жіңішкелеп шаншады.
Ескі жұртты өзен жағасына жақындай барып, тегіс керіп, енді
арбаға қарай жүруге айналғанда, Қарагөз арт жағында, тоғай
арасында сақылдап күлген жас дауысты естіді. Бұрылып біраз
тұрып, тоғайға қарай жүрді.
125
Көлеңкелі биік тоғайдың іші рақат-ты... Сұлу...
57
Жас
тоғайдың салқыны жайлы тыныштығымен денені мас қылып
сенделткендей. Тоғайдың шетіне кіргенде, Қарагөз жылда
осы қонысқа келгенде естіп жүретін дағдылы бұлбұл даусын
естіді... Бұған шейін жіңішкелеп естілсе де, өлең қыла қойған
жоқ еді. Енді тыңдады: елсіз таудың ішінде
58
, иесіз қоныста
мәңгі жастық, мәңгі жарастық жыршысы – кішкене бұлбұл
сайрайды... Жаратылыстың қызығына қошемет айтумен бірге,
жайын тау, жаралы жартастың жалғыздық күйін де шерлендіріп
қосады. Кей кезде иесіздік пен құлазыған тыныштықтың күйі
сияқтанады. Кейде өзек бойында күрсініп соққан желдей,
жібек жібі сияқты жіңішке даусын жүз бұралтып суылдап,
ысқырады... Тілсіз табиғаттың жүрегін үзгендей болып шан-
шылып қадалады. Бір кезек жарық айлы түн ортасында
59
қалың
таудың ішінде алыстан естілген көп кішкене қоңыраулардай бо-
лып, жартаспен жаңғырығып дірілдейді. Тағы бір сәтте Қарагөз
жүрегінің қайғысын айтқандай болып, ұзақ мұңмен ырғалып,
шұбатылып тамылжиды. Елсізде жалғыз өзі жүз толғанып
жырлаған бұлбұл Қарагөздің ұзақ жылғы қайғысы мен
жайын , табиғаттың иесіздігін жыр қылғандай. Қаралы әйелдің
сұлулығын қошеметтегендей. Бұл да сезім күйін шертеді
60
.
Онсыз да қайнап жүрген қанды бір тоңдырып, бір ысытып,
Қарагөздің жүрегін қысып ентіктіреді.
«Әттең, қара жыландай нәпсі!.. Не күйге ұшыратасың?
Қайда апарасың?» – дей түсіп, Қаракөз бұлбұлды тыңдап,
тоғайдың ішіне кіріп қалыпты. Бір мезгілде бағанағы естілген
ашық күлкі тағы естілді... Бұл уақытта жақыннан шықты... Екі
күлкі... Бірі – жас әйел, бірі жігіт болуға керек.
Қарагөз жаңылған жоқ. Алдында – қалың ағаштың саясында,
жіңішке өзектің қасында
61
Қарагөзге сыртын беріп, бір қыз, бір
жігіт құшақтасып ойнап отыр... Бұлар қатты даурығып күледі.
Құшақтасқан қалпында қатар жығыла кетіп, құмарлықпен
сүйіседі. Қарагөздің екі көзі тұнжырап, жасқа толып, екі бетін
ерекше ыстық қан басып кетті. Тамағы кебірсіп, қылғынып
жұтынады.
Таза аппақ көйлектің сыртынан қара желетке киген жас
жігіттің ұзын бұйра шашы бар. Сондай жарастықпен киінген
құмар жас қыз. Екеуі құшақтасып жантайғанда, жалаңаш аяқ-
та ры өзен суына малынып, салқын сумен шалпылдатып ойнай-
126
ды... Бұлар – Қарагөздің ағайыны Ысмағұл ауылының жастары.
Жас жігіт қыздың қайындап келіп жатқан күйеуі... Оқыған сұлу
жігіт. Жаздай осы елде болатын... Бұларды аталары еркімен
жіберіп, жалғыз қыздың қызығын еркінше қызықтайтын.
Қарагөз таныды. Бірақ іштегі қара жылан (Қарагөз бұл
сезіміне осындай ат қойған) өмірінде бұл күнге шейін болмаған
асаулықпен жүз толғанып иіріледі...
62
Бойы ұйып кетті. Қалың
жапырақтың арасында үндемей, көзін ала алмай қатып тұрғанда,
ыстық жас ағып-ағып барады... Бірталай тұрды. Денені ерекше
ыстық сенделтіп кеткенде
63
, дүние қарауытып, айналып бара
жатқандай болды... Бірақ құлаған жоқ. Зорға есін жиып, қайта
түзелгенде, ішінде күшті намыс пен жігер қайнағандай болып,
әлсіреп ұйып кеткен денесін қайта жиып, билеп алды. Көздің
құрты сияқтанған мас жастарды сол орнында қалдырып, қайта
айналып жүріп кетті.
Ауыл қонды. Бұрынғысынша жаңа қонған ел
64
көп әбігердің
артынан тыныштық алып жайланды. Жарық айлы түн жылжып
келді
65
.
Күндізгі толқынтқан ой бір басылып, бір көтеріліп түнге
кеткен. Басылған уақытында Қарагөз: «Бұл екі жылдан бері
бүйтіп қинаған жоқ-ты... Әлі де қайта айналып соққаны шығар.
Өлейін – өлсем де шыдайын!..» – деп күрсінген қайғы ішінде
тағы бекінді
66
.
Төсекке жатысымен қараңғылық қайта ойнады
67
. Қаралы
күңгірт көңілді, күндізгі көрген сурет неше түрлі қызылды-
жасылды пішінге мініп келіп, мазақтап
68
қинай бастады. Әрбір
жаңа сурет жаңа келген азаптай жанды қысып, жүректі ине-
мен шабақтағандай болады. Сағымды тілектің қара жыландай
жат болып кеткен сезімі біресе белгісіз сұлу жігітке Қарагөзді
қатты қысып құшақтатқандай болады. Мас қылып елтітіп,
тамағынан сүйгізгендей. Біресе үстіне, барлық денесіне ауыр
салмағын әкеп салғандай. Біресе дірілдеген дәмді, тәтті сұлу
сыбырды естірткендей. Шыдам біткендей... жүрек езіліп
69
бара
жатқандай... Қарагөз көрпесін сілкіп тастап, қатты күрсініп,
дауыс тап:
– Аллай, тұншықтым ғой!.. Құдай-ау, мұнша неге сорлы
еттің? – деп, қайнап қызған қанмен қайда барарын білмесе де,
үйден атқып шығып кетті
70
.
Ауыл ұйқыда. Жарық айдың қалғытқан сәулесінде жеңіл
күрсініп, тыныс алады. Жанды
71
жеген азаппен қиналып
шыққан Қарагөзді білген жан жоқ... Ол жалаң аяқ қалпында
үстіндегі жалғыз көйлегімен, тарқатылған қара шашы арқасына
жайылған қалпынша тоғайға қарай жүреді. Бұл уақытта Қарагөз
ерекше сұлу. Оны қинаған дерт әлі де басылмай, қайнап келеді.
Жүректен шыққан жауыз дұспаннан құтылу үшін жас әйел
белгісіз ем іздейді... Қазіргі түн салқыны ыстықтап күйген
денесіне азғантай да сезілмейді. Қарагөз күрсініп жылап келіп,
екі аяғын тізесіне шейін жалаңаштап, суық суға батырып, жиек-
ке жарым денесімен құлай кетті. Ақ денесі ашылып, қара шашы
төгіле жайылып жатыр. Жүректе белгісіз құмарлық қарауытып
шығып жүз толқытып барады. Сол минутта бас жағынан:
– Қарағым, Қарагөз, немене? – деген үн шықты. Сөзін ұққан
жоқ, кімнің үні екенін де аңғарған жоқ. Бетіне де қарамастан,
қолын шалқасынан созып бұлғағандай болып: «Келші бері!» –
деді. Келе берген кісіні өзіне қарай жыға құшақтап, құшырлана
тістеп сүйе бастады...
Дүние құмарлық мастығына батып, көзден өшіп барады...
Денедегі жыландар енді қуана ойнақ салады. Бұл күйдің
кінәлісі Болат еді...
72
128
Достарыңызбен бөлісу: |