103
ұмтылып, ерекше қабілетін таныта білген білім алушыларды логикалық ойлауға жетелеу іске
асырылады. Мұндай әдіс –тәсілдер білім алушылардың ынта-жігерін арттырады. Ерекше оқуға
мән берген балалардың оқуы, басқа балаларға көмегін тигізіп, олардың топтасып сабақ
орындауына, өзара бәсекелесе сабақ оқуына, арнайы кәсіптік білімді өз мүмкіндіктерінше
меңгеруіне үлкен ықпал етеді. Әр топқа қабілеті жоғары балалармен қатар қабылдау қабілеті
баяу білім алушыларды біріктіріп топтастырамыз. Бұл әдіс балалардың сөйлеуіне, тапсырманы
түсінуіне, сұрақтарға бірігіп жауап іздеуіне үйретеді. Сонымен қатар « саралап-деңгейлеп»
оқыту әдіс-тәсілі балалардың білім алуына,
қарым-қатынасын нығайтуына, алған білімдерін
бір-бірімен бөлісіп, талқылауға және түрлі дебаттарға, пікірталастарға, пәндік олимпиадаларға
қатысуға жол ашады.
Колледжіміздегі арнаулы кәсіптік білім беру, балалармен жұмыс жасау, жақсы
нәтижелерге жету үшін оқытушының алдында тәрбие мен білім беру міндеті қатар іске
асырылады. Оларға жеке тұлға ретінде қарау,
әрқайсысына көңіл бөлу, қоғамға қажетті
маман дайындау оқытушылардың міндеті. «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз» ұстанымы
бойынша жұмыс жүргізіледі.
Оқу – тәрбие үрдісін ұйымшылдықпен жүргізуде мұғалім басты тұлға. Осындай талапқа
сай қызмет істеу үшін алдымен мұғалім өзінің теориялық және әдістемелік білімін ұдайы
толықтырып, үздіксіз ізденуі, өз мамандығын барынша жетілдіру және психология мен
педагогика ғылымдары жайындағы жаңалықтар мен озық тәжірибелерді үнемі пайдаланып
отыруы тиіс. Алға қойған мақсатқа жету үшін әр мұғалім сабақ өткізудің әр түрлі тәсілдерін
қалай, қашан қолдану керектігін білу керек.
Қорыта айтқанда,
саналы тәрбие, сапалы білім беру әрбір ұстаздың алдында тұрған
парызы. Жаңартылған білім мазмұнын жүзеге асыру жағдайында мүмкіндігі шектеулі
балалардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі қолданылады. Мүмкіндігі шектеулі
білім алушылардың нәтижелерін бағалауда МЖБС берілген білім алушылар дайындығының
деңгейіне қойылатын талаптарға бағдарлану керек. Бірақ кейбір балаларға бағдарламаны
меңгеруге ұзағырақ уақыт керек. Осыған орай құзыреттілікке негізделген оқытудың модульдік
оқу бағдарламаларына 50% өзгерістер еңгізілді. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасау
адамгершілікті, сабырлылықты, ыждағаттылықты, мейірімділікті, қамқорлықты, т.б.
қасиеттерді ерекше талап етіп тұрады.
Ұсынысым:
1.
Өңірімізде инклюзивті білім
берудің жергілікті енгізілуіне, дамуына ықпалын
тигізетін және оқытушыларға жан-жақты көмек, кеңес беретін арнайы мамандарымен
қамтылған ресурстық орталықтар құру.
2.
Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында инклюзивті білім беруді
әдіснамалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді қолға алу.
Достарыңызбен бөлісу: